Жеке тапсырма



бет1/5
Дата24.06.2022
өлшемі376.17 Kb.
#459453
  1   2   3   4   5
Жеке тапсырма (1)


ЖЕКЕ ТАПСЫРМА

Мазмұны
1.Кіріспе.
2. Теориялық бөлім.
3. Негізгі бөлім

  1. Жылу желілерінің сұлбалары мен құрылымы

4. Қорытынды.
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Мен, осы тақырыптарды зерттеу барысында көптеген зерттеулер мен салыстырулар жүргіздім. Жылу желілері, ыстық сулардың мекмелерге тасмалдануы. Жылуды тасмалданайтын құрылғылар, оларды орналастыру тәсілдерін көрдім. Осы жеке тапсырма орындау кезінде жылу маусымына қандай дайындықтар жүретінін, оны қалай тұтынатынын, көпқабатты үйлер, мектепте, түрлі мекемелердің жылуды қалай пайдаланатынын және осы жылытуға жеткенше қандай этаптардан өтетінін білдім. Және менің түйгендерім:

  • Қалалар мен ірі қоныстанған мекендер ғимараттары мен үймереттерінің инженерлік жүйелері жылумен қамтамасыз етіледі.

  • Жылумен қамту халық шаруашылығының негізгі бір саласы, ол күрделі инженерлік құрылымдар болып саналады. Жылумен қамту жүйесінің жылу көзі ретінде жылу электр орталығы жəне қазандық болады, осыған байланысты жылу энергиясын өндірудің араластырылған жəне бөлек тəсілдерін айырады. Егер жылумен қамту ЖЭО-нан болса, жылу мен электр энергиялары араластырылған тəсілімен өндіріледі, ал жылумен қамту орталықтандырылған болып саналады.

  • Орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінде жылутасымалдағыштың температурасы 150оС. Жылумен қамтуды орталықтандыруы отынды үнемдеуден басқада еңбек өнімділігін көтеруге себепкер бола отырып, өндіріс мəдениетін де көтеруде маңызды орын алады. Бұл жағдай отын ысырабын 20÷25%-ға қысқартады.

  • Коммуналдық - тұрмыстық жəне технологиялық тұтынушылардың мұқтаждықтары үшін жылу энергиясының көздері қазандықтар (жылу өндіргіш қондырғылар) болып табылады. Жылутасымалдағыш жылу желілерінің беретін құбыры арқылы ғимараттардың жылыту, желдету жəне ыстық сумен қамту жүйелеріне беріледі, ал қайтатын құбыры арқылы су тұтынушылардан қазандыққа қайта оралады.

  • Ыстық сумен қамту жүйесінде жылу жүктемесі пайдаланатын адамдар санына байланысты үздіксіз өзгеріп тұрады. Тұтынушылардың жылу жүктемелерін тұрақты ұстап тұру үшін жылу желілерінің гидравликалық тəртібі автоматты түрде реттеледі.

  • Жылу желілерінің құрамына жылу құбырлары, температуралық ұзартуларды қабылдайытын теңелткіштер, жылжымалы жəне жылжымайтын тіреулер, арнайы камералар мен павильондарда орналастырылған өлшеуші, реттеуші жəне қорғаушы жабдықтар, сорғыш бекеттері, аудандық жылу пунктері (АЖП) жəне жергілікті жылу пунктері (ЖЖП) кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет