Жеке тұлға және өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және жсн алу бойынша жадынама



Дата27.02.2016
өлшемі62 Kb.





Жеке тұлға және өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және

ЖСН АЛУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
ЖСН жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, оның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (01.01.98ж. бастап жеке куәлікте көрсетіліп жүрген 12 таңбалы сандық код).

2012 жылғы 1 қаңтарға дейін барлық жеке тұлғалар және өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – жеке тұлға) Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары (бұдан әрі - клиенттер) ЖСН қалыптастыру үшін Әділет министрлігінің аумақтық органдарына (бұдан әрі - әділет органдары) өтінішпен баруға міндетті.

Жеке тұлғаны өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркеу ЖСН бойынша жүргізіледі.



ЖСН қалыптастыру:

жеке тұлғалар – резиденттер үшін

  • келген жері бойынша:

ҚР-да тұрақты тұратын/уақытша тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін;

резидент емес тұлғалар үшін:

  • салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша:

ҚР-да салық салынатын объектілерге иелік ететін резидент еместер үшін;

  • резидент-банктің орналасқан жері бойынша:

резидент-банктерде ағымдағы шоттарын ашатын және жоғарыда көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірі қалыптастырылмайтын резидент еместер үшін жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат:

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖСН болмаған жағдайда ҚР резиденттері мен резидент емес тұлғалардың төмендегі құжаттары жарамсыз деп танылатын болады:

  • жеке басын куәландыратын құжаттар;

  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

  • жеке куәлік;

  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаты;

  • азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

  • жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі.

2012 жылғы 1 қаңтарға дейін (қоса алғанда) мына құжаттар пайдаланылады:

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалар өз төлемдерін және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде, салық міндеттемелерін орындау кезінде өздерінің ЖСН-ін пайдалануға міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен салымшылар арасында жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН-ді) қалыптастырғанға дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар оларға ЖСН-ді растайтын құжаттың көшірмелерін қоса тіркеген жағдайда күшінде қала береді не оларға ЖСН енгізу үшін шарттар қайтадан жасалуы мүмкін.



Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер (оның ішінде дара кәсіпкерлер де) ЖСН-ді бұрын берілген ӘЖК-мен қатар есепке алуға міндетті.

2007 жылғы 13 тамыздан бастап жасалатын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарда ЖСН көрсетіледі (жеке тұлғаның ЖСН-і болған жағдайда).

БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі):

  • азаматтық хал актілерін тіркеу;

  • жеке басты куәландыратын құжаттарды беру;

  • жылжымайтын, жылжымалы мүлік объектілерін, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестірілген өзге де объектілерді мемлекеттік тіркеу;

  • төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау;

  • клиенттерге Банкте және оның филиалдарында банк шоттарын ашу және жүргізу;

  • рұқсат беру сипатындағы құжаттарды беру;

  • тіркеу сипатындағы құжаттарды беру;

  • әскери билетті, офицердің жеке куәлігін беру;

  • статистикалық есепке алу;

  • сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

  • заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу);

  • дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген басқа да жағдайларда қолданылады.

Жеке және заңды тұлғаларды есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

  1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» ҚРЗ, 12.01.2007ж., № 223-III;

  2. Қазақстан Республикасында Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында жеке (заңды тұлғаның) бірыңғай сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасы, 11.07.2003ж., № 565;

  3. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережелері, 27.04.2007ж., № 343;

  4. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің өтініш беру ережелері, 22.05.2007ж. № 406;

  5. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережелері, 22.05.2007ж., № 406.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет