Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу



бет7/7
Дата17.06.2016
өлшемі413.5 Kb.
#143161
1   2   3   4   5   6   7

2.5. Математикалық жабдықтау

2.5.1. Мәселені шешудің алгоритмін сипаттау
“Мүлікке салынатын салық төлемдерін есепке алу ” мәселесін шешу кезінде программаның жеке учаскелері көп рет пайдаланатын жағдайлар кездеседі. Сондықтан әр кезде жаңа бастапқы деректерді бере отырып, көп рет пайдалану үшін программаны бір рет жасап қою керек.

Шығатын қалыптарды алу үшін программада берілген параметрлер бойынша таңдамалар пайдаланылады.




Көлік салығының көлемі

2003 жылдың бірінші жартыжылдығында айлық есептеу көрсеткіші 919 теңгеге тең .

“Көлікке салынатын салық төлемдерін есептеу” ақпараттық жүйесінде есептеудің келесі алгоритмдері пайдаланылады:
ТМД елдері және шетелдік автомобильдер(6 жылға дейін)

Жеңіл көлікке есептелген салық=Минималды есептік көрсеткіш (МЕК) * салық кодексімен қарастырылған салық көлемі + әрбір көлемнен асып кетуі үшін 12 теңгеге өсіру.



ТМД елдері (6 жылдан астам)

Пайдалану мерзімі 6-дан 20 жылға дейінгі көліктер үшін:

Жеңіл көлікке есептелген салық= (Минималды есептік көрсеткіш (МЕК)*Салық кодексімен қарастырылған салық көлемі)*0,3
Пайдалану мерзімі 20-дан 30 жылға дейінгі көліктер үшін:
Жеңіл көлікке есептелген салық= (Минималды есептік көрсеткіш (МЕК)*Салық кодексімен қарастырылған салық көлемі)*0,2
Пайдалану мерзімі 30 жылдан астам көліктер үшін:
Жеңіл көлікке есептелген салық= (Минималды есептік көрсеткіш (МЕК)*Салық кодексімен қарастырылған салық көлемі)*0,1



Шетелде шығарылған көліктер үшін(6 жылдан астам):
Двигатель көлемі 3000 см куб дейінгі көліктер үшін:
Жеңіл көлікке есептелген салық= (Минималды есептік көрсеткіш (МЕК)*Салық кодексімен қарастырылған салық көлемі)*0,5
Двигатель көлемі 3000-нан 4000 см куб дейінгі көліктер үшін:
Жеңіл көлікке есептелген салық= (Минималды есептік көрсеткіш (МЕК)*Салық кодексімен қарастырылған салық көлемі)*0,7

Двигатель көлемі 4000 см кубтан жоғарғы көліктер үшін:

Жеңіл көлікке есептелген салық= (Минималды есептік көрсеткіш (МЕК)*Салық кодексімен қарастырылған салық көлемі)*0,1

2.6. Программалық жабдықтау
ЭЕМ программалық жабдықтау мәліметтер базасын өндеу процедурасын қамтамасыз ететін программалар кешенінен, программалардан, машина ресурстарын басқарудан, еспетердің орындалуынан және мәліметтер базасы жүйесін жобалаудан тұрады.

Программалық жабдықтау кез-келген ЭЕМ бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Ол ортақ жүйелі және арнайы болып бөлінеді. Дербес компьютердің программалық қамтамасыз етуінің құрамына әмбебап құралдар, проблемалары бар салаларға бағытталған пакеттер программалары кіреді. Пограммалар құралдарының 3 негізгі классы бар: қолданушының қажетті жұмысын (мәтіндерді редактірлеу, сурет салу, ақпараттық массивтерді өндеу және т.б.) орындайтын қолданбалы программалар пакеті және программалар.

- қолданбалы программалар пакеті;

- әртүрлі қызметтер кешенің орындайтын жүйелік программалар (операциялық жүйелер, драйверлер, қабықша программалар, қолданбалы және көмекші программалар) жүйелік программалық жабдықтауды ұсынады;

- құралдар жүйесі компьютерге жаңа программаларды құруды қамтамасыз ететін программалау жүйесі.

Қолданбалы программалар дербес компьютерде шын мәнінде әртүрлі жұмыстарды орындауды жеңілдетеді. Қолданбалы программалар бір салада жұмыс атқаратын мамандардың жұмысына арналған, яғни кез-келген қолданушыға немесе программистке. Қолданбалы программалардың қолдану аясы үлкен. Мысалы: құжаттарды құрастыруда, қаржылық есептіліктерде, сонымен қатар белгілі бір салада электрондық бұйымдарды жобалауда, электрокардиограммаларды талдауда қолданады. Қолданбалы программалық жабдықтау ЭЕМ мен қолданушы арасындағы тиімділікті жоғарлату үшін арналған. Қолданбалы программалар пакеті программалар кітапханасы ретінде жүзеге асуы мүмкін, яғни стандартты программалар,программалау тілдері және т.б. Интерактивті ортаны бейімдеу қағидасы бойынша қолданбалы прграммалар пакеті болуы мүмкін, мұндай ортада қолданушы программалар операторлармен емес, сол пәндік саланың объектінің түсінігі бойынша орындалады.


2.6.1. Есеп кешенің жүзеге асыруда қолданылатын программалар құралдар жабдығын сипаттау
Қолданбалы программаларды өндеу үшін программалау тілдері және программалау жүйесі қажет. Осы мақсаттарға байланысты Delphі-Borland, C++ және т.б. тілдер кеңінен тараған, осы аталған тілдердің өздерінің ерекшеліктері бар, осыған байланысты олар негізгі программалау құралы ретінде саналады, құралдар жабдығының категориясына жоғарғы деңгейдегі тілдер трансляторы ғана емес, сонымен қатар ассемблер, компоновщиктер және т.б. жүйелік программалар жатады. Құралдар жабдығының көмегімен қолданбалы программалар, жаңа құралдар жабдықтарда, операциялық жүйелерде құрастырылады. Бұл программалық жабдықтау түрі қолданушыны компьютер ресурстарын басқарудан босатып, аппаратура ортасымен басқаруды қамтамасыз етеді, яғни дербес компьютерді нақты жұмыс істеуіне дайындайды. Жүйелік қамтамасыз ету операциялық жүйлерден, мәліметтер базасын басқару жүйесінен, мәліметтер базасының дистанциондық өндеуден тұрады. Жүйелік қамтамасыз ету қолданбалыдан машинаға тәуелдігі бойынша ажыратылады. Қолданбалы программалар кейбір есептерді шешу тұрғысынан қарасатырғанда тиімді болып келеді, осыған байланысты ЭЕМ құрал ретінде пайдаланады, яғни есептегіш жүйеге емес жұмыстың пәндік жағына көңіл бөлінеді. Дербес электронды есептеуі машинаны программалық жабдықтау нарығы көптеген функционалдық мүмкіндігі бар әр түрлі коммерциялық мәліметтер базасын басқару жүйесі және программалау тілдері бар. Осы құралдар әр түрлі болғандықтан, кез-келген қолданушының, жоғарғы білікті маманның сұраныстарын қанағаттандырады. Көптеген коммерциялық прогаммалар ЭЕМ арналған Cobol-e, Pascal, C++, Borland Pascal7.0, Fox Pro 2.0, мәліметтер базасы тілдерінде жазылған. Borland Pascal7.0, қысқаша сипаттама берейік.

Паскаль программалау тілін 60 жылдардың аяғы 70-ші жылдардың басында швейцарлық зерттеуші И.Вирт арнайы программаларды үйрететін тіл ретінде өнделген.Тіл авторы француз математигі Блеза Паскаль (1623-1662ж) құрметіне аталған тіл болды. Жаңа программалау тілі қолдануда ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар көптеген есептерді шешуде де жеткілкті болған. Ол әр түрлі платформаларда тез және кеңінен тараған. Паскаль тілі дербес ЭЕМ кеңінен таралуына Borland фирмасы үлкен рөл атқарады, фирма компиляторы және басқа құралдар жабдықтар өндеді. Бұл фирманың құралдар жабдығы программаларды өңдеудің интерленген ортасынан тұрады, яғни программаны өндеуші программист алдында тұрған барлық есептерді шешуге мүмкіндік береді:

-редактрлеу, программалар мәтінін түзету және ыңғайлы дайындау;

-программаны компиляциялау, программист қатесін табу;

-программалау ортасын құру (ағымдағы каталогты орнату, компилятор опциясын орнату);

-программаның қадам бойынша орындалуы, кез-келген айналымының мәнін қарау мүмкіндігі;

-программаны орындау.

Программалау ортасындағы жұмыстың нәтижесі, ол программаның мәтіні (pas файлдары) және бұл ортада байланыссыз орындалатын файлдар (ехе файлдары) болып табылады. Бірінші өндеулердің атауы Turbo Pascal болған, 5.5 версиясынан кейін жаңа өнім Borland Pascal7.0, программалау ортасы пайда болды одан кейін нөмірлеу жалғаса берді. Borland Pascal7.0, программалау ортасына 3 вариант кіреді. Екеуі DOS операциондық жүйесі жұмыс істейді ( файл bp exe) нақты қолданылған режимде программаларды өндеуге көмектеседі, сонымен қатар Wіndows жұмыс істеуіне арналған программалар үшін де (turbo exe) нақты режимде жұмыс істейді және кішігірім жедел жадыда жұмыс істейді, егер де мүмкіндік болса, bp exe қолданған дұрыс оның жұмыс істеуі тез, кез-келген файлдардың бәрі редактірлеуді, компиляцияны, программаны жүктеуді қамтамасыз етеді Бұл ортада жұмыс жасау үшін Turbo HLP файлдары, негізгі кітапхана, анықтама қызметтері бар Turbo ТPL файлдары қажет. Егер де графикалық режимде жұмыс істеу қажет болса GRATH. TPU файлы және графикалық драйвер мысалы:EGA VGA BGІ қажет болады. ТР файлдарында программалау ортасын баптау бар. Программалау ортасын жүктеу кезінде ВР. ТР атты файлдарды іздейді, егер де ол табылмаса, стандартты баптауларды орнатады. Borland Pascal интерленген ортасының құрамына басқа bpс exe пакеті компиляторы кіреді. Бұл программа редактрлеуге ешқандай мүкіндік бермейді. Оның басты жұмысы кез-келген редакторды құрылған файлды компиляциялау, бұндай компиляторлар команда жолындағы компиляторлар деп аталады, өйткені оларды басқару команда жолын қосқан кезде жүзеге асады. Жұмыс кезінде жеке компилятордың сенімділігі жоғары болады. Есептеуіш техника және программалау технологияларының дамуы Borland фирмасының жаңа программалық өнімі Delphі өнімін алып келді. Delphі бұл Wіndows -та жұмыс істейтін программаларды, қосымшаларды тез өндейтін (Rapіd Applіcatіon Development-RAD) интерленген орта. Ол мықты генераторлар кодынан, визуалды дизайнерлер және мәліметтер базасын жүргізу құралдарынан, жақсы интерфейспен, үйренуге қарапайым болуымен сипатталады. Delphі негізінде визуалды жобалау технологиясы және прогаммалаудың объектілі - бағытталған әдісі жатыр. Delphі бірінші версиясы, Wіndows 3.1.ортасында жұмыс істеген. Wіndows 95 шыққаннан кейін, Borland 16 разрядты Delphі екінші версиясын шығарды, одан кейін 32 разрядты Delphі үшінші шыққан.Delphі программасында, Borland-пен өнделген Object Pascal тілі қолданады, оның негізі ретінде классикалық Turbo Pascal алынған, “Object” сөзі программалаудың объектілі - бағытталған қағидасына сай келетінін айқындады.

Delphі 5.0. үш версиясы бар:

Standard - мәліметтер базасын қолдана отырып жеке қосымшаларды өндеу.

Professіonal- көп қолданушы қосымшаларды құруға арналған.

Clіent-Server Suіt – корпоративті қосымшаларды өндеуге арналған. Delphі ортасында программалау үшін компьютерге Wіndows 98, Wіndows NT немесе толығымен сәйкес келетін операциондық жүйе қажет. Delphі толығымен Wіndows басқаруында жұмыс істейді және Wіndows қосымшаларын өндеуге арналған болып табылады. Delphі Clіent-Server Suіt 8 Мб кем емес жедел жады, ал Delphі-ді толығымен орнату үшін 170 Мбайт қажет. Кез-келген дербес компьютер процессоры Pentіum, жедел жады 8-16 Мбайт, дисплейі VGA, жедел жадының көлемі 200 Мбайт Delphі-дің жұмысын тиімді етеді.



Қорытынды
Курстық жұмыстың «Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу» бөлімінде пәндік сала, аудандық салық комитетінің сипаттамасы, есептің ақпараттық жүйесінің құрылу мақсаты және тағайындалуы қарастырылады. Оның құрылымына қойылатын: ақпараттық, программалық математикалық, техникалық жабдықтау

талаптары анықталған және “Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу” ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы құрылған.

Негізгі бөлімде “Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу” есептер кешенінде орнын анықтау. Салық комитетінің ақпараттық жүйесінде, есептер кешенін ұйымдастырудың экономикалық мәні, ақпараттық база және есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық жабдықтау құрылымы, оны жүзеге асыратын программалық құрал-жабдықтар, математикалық жабдықтау сипатталады.

Бостандық ауданының Салық комитетінің ақпараттық жүйесі икемді әрі кез-келген өзгерістер үшін жаңаланып жетілдіруге болады.

Жүйенің коммерциялық іске асырылуы бойынша оның әмбебаптылығы, үнемділігі, максималды қызмет көрсетуі, қолданушы үшін түсінікті тұрғысынан ұсыныстар жасалды.

Мақсаттық функцияның жалпы берілуі мен критериялық сипаттамасы берілген объектіні басқару алгоритмін құруға, басқару жүйесінің элементерінің жұмыс істеу үлгілерін жасап шығаруға, есептер тізімін жасауға, олардың иерархиясын анықтауға, бұл элементтерге өнімділік, қалпына келтірілуі, ұзақ қызмет етуі, жұмыс қабілеті, сенімділігі және құны бойынша оптималды талаптарды негіздеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйелерді жасау, шешу кезінде көп қолданушылар үшін ақпарат алу мүмкіндігі бар, атап айтқанда шешу нәтижесі көп есептерді шешуге пайдаланатын есептерге басымдылықтар берілген.

Жұмыс нәтижесінде ақпараттық қамтамасыз ету, есепті шешу алгоритмі жасап шығарылды.



Өнделген ақпараттық жүйені енгізу салық төлеушілер және олардың мүліктері жайында мәліметтерді жүргізу жүйесін және сұранысқа жауап іздеуді максималды түрде автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мұның артықшылығы аз уақыт ішінде мүлік иесі жөнінде ең нақты және жедел ақпарат алу болып табылады. Бұл өз кезегінде салық төлеушілермен жұмыс жасайтын инспекторлардың жұмыс өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


        1. “Салық Кодексі” Алматы -2005.

        2. Стороженко Л.А., Матвеева И.А. “Информационно-ком­пьютерные системы учета в Республике Казахстан” Алматы 1997

        3. Неверова Е.Г. “Технология проектирования баз дан­ных и знаний”. Алматы - 2000.

        4. Қ.С. Байшоланова “Ақпараттық жүйелер теориясы”. Алматы: Экономика -2002

        5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы 2001

        6. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы 1994

        7. Н.Г.Семенова “Автомотизированные информационные технологий в экономике”. Москва 2000

        8. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва 1999

        9. А.Д. Үмбеталиев, Ғ.Е. Керімбек “Салық және салық салу”.Алматы 2006





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет