Жеке тұлғалардың валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі туралы баспасөз релизі



Дата03.07.2016
өлшемі50.67 Kb.
#175824
Жеке тұлғалардың валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі туралы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

“Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жеке тұлға Қазақстан Республикасының уәкілетті банктері арқылы кіріс/шығыс төлемдерін (ақша аударымдарын) жүзеге асыру үшін жеке тұлғаға –ақша жіберушіге/алушыға және төлем мақсатын идентификациалауды мүмкіндік жасайтын құжаттар ұсынады:

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес құжаттар мыналар болып табылады:


  • жеке басын куәландыратын құжат;

  • салық төлеушіге тіркеу нөмірінің берілгендігі туралы куәлік, не осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты. Осы құжат егер бұрын уәкілетті банкке ұсынылмаған жағдайда;

  • жүзеге асырылған ақша төлемдерін/аударымдарын (валюта шартын) растайтын құжат;

  • резидент жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның операцияларына Заңға сәйкес валюталық реттеу режимі жағдайда хабарлама туралы куәлік, тіркеу куәлігі;

  • резидент жеке тұлғалар үшін – мәміле паспортын ресімдеуді Заңға сәйкес талап ететін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкердің экспорт (импорт) операциялары бойынша төлемдер үшін мәміле паспорты.

Сондай-ақ шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжаттар ұсынуы мүмкін. Мұндай құжатты осындай жеке тұлғалар олардың мәртебесін Қазақстан Республикасының резиденті ретінде айқындау үшін ұсынады.

Жүзеге асырылған төлемдердің (ақша аударымдарының) мақсатын растайтын құжат ретінде жеке тұлға заңды және жеке тұлғалармен жасасқан шарттарды, есеп фактураларын, инвойстарды, салық, лицензиялық төлемдерді, айыппұлдардың, алименттердің төленген квитанцияларын ұсынуы мүмкін. Жария-шарт үшін валюта шарты ретінде белгісіз тұлғаға оферттер ұсынуға жол беріледі (баспа және электронды басылымдарына жазылу, ақпараттық жүйелерге рұқсат алу және басқа тауарлар мен қызметтердің жария оферттері). Валюта шарты ретінде құжат қабылдау үшін міндетті талап онда бенефициардың жүзеге асырған төлемінің мақсаты және сомасы идентификациаландырылған деректемелердің бар болуы.



Уәкілетті банктерде жеке тұлғалардың карт-шоттардан жүзеге асырылатын ақша төлемдері (аударымдары)
Уәкілетті банктерде жеке тұлғалардың карт-шоттардан валюталық операциялар бойынша кіріс/шығыс төлемдерін (аударымдарын) жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Егер күнтізбелік ай ішінде осы төлемдердің (аударымдардың) жалпы сомасы, валюталық операциялар жүргізу үшін қолма-қол ақша алуды қосқанда, елу мың АҚШ доллары баламасынан асқан жағдайда, уәкілетті банк Ұлттық Банкке жеке тұлғаның деректемелерін көрсете отырып ақша төлемдері (аударымдары) туралы ақпарат бар есеп ұсынады.

Ұлттық Банкке ұсынылған есепке жеке тұлғаның қолма-қол жарна немесе жеке тұлғаның уәкілетті банктегі жеке шотынан аудару арқылы карт-шотты толықтыру бойынша операциялары қосылмайды. Тиісінше мұндай аударымдардың сомасы Ұлттық Банкке жеке тұлғалар жөнінде мәлімет беру қажеттігін анықтау үшін АҚШ доллары баламасының есебіне қосылмайды.

Уәкілетті банк валюталық бақылау агенті ретінде жеке тұлғадан валюталық операциялар бойынша төлем мақсатын нақтылауға мүмкіндік беретін құжаттар талап етуге құқылы.


Уәкілетті банктерде жеке тұлғалардың ағымдағы шотты пайдалана отырып жүзеге асыратын ақша төлемдері (аударымдары)
Заңға сәйкес валюталық реттеу режимі (тіркеу және хабарлама) қолданылатын не ол бойынша мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін (аударымдарын) жүргізу үшін валюта шартын ұсыну міндетті.

Басқа операциялар үшін жеке тұлғада валюта шартын ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда кіріс/шығыс төлемдері (ақша аударымдары) жеке тұлға мынадай іс-әрекетті атқарған кезде уәкілетті банк:

- төлемнің (ақша аударымының) мақсатын көрсеткенде;

- уәкілетті банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуі бойынша рұқсат ететін ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) жазбалар болғанда;

- осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлік алуды, мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін валюталық операцияларды жүзеге асыруына байланысты еместігін растайтын тапсырмада (өтініште) жазбалар болғанда жүзеге асырады.

Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі.


Уәкілетті банктерде шот ашпай-ақ жеке тұлғалардың жүзеге асыратын ақша төлемдері (аударымдары)
Жеке тұлғалар уәкілетті банкте шот ашпай-ақ валюталық операциялар бойынша мынадай кіріс/шығыс төлемдерін (ақша аударымдарын) жүзеге асыруға құқылы:

- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке тұлғаның пайдасына, сондай-ақ жарғылық қызметтері қайырымдылық қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы өтеусіз аударымдары;

- Қазақстан Республикасынан салыққа, лицензиялық төлемдерге, айыппұлдарға, алименттерге және т.б. төленетін аударымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасынан, Қазақстан Республикасына өтеусіз аударымдары;

- Қазақстан Республикасынан жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты емес және Заңға сәйкес тіркеу және хабарлама талаптары айқындалмаған өзге ақша аударымдары;

Жеке тұлғада жүзеге асырылатын аударымның сипатын растайтын валюта шартын ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті банк ақша аударымын жеке тұлға мынадай іс-әрекеттер атқарғанда:

- төлемнің (ақша аударымының) мақсатын көрсеткенде;

- уәкілетті банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуі бойынша рұқсат ететін ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) жазбалар болғанда;

- осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлік алуды, мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін валюталық операцияларды жүзеге асыруына байланысты еместігін растайтын тапсырмада (өтініште) жазбалар болғанда жүзеге асырады.

Резидент емес жеке тұлғада салық төлеушіге тіркеу нөмірінің берілгендігі туралы куәлік, не осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты болмаған жағдайда, уәкілетті банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуі бойынша рұқсат ететін ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) жазбалар болған жағдайда аударым жүзеге асырылады.

Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі.


Егер күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғаның валюталық операциялары бойынша бір уәкілетті банк арқылы жеке тұлғаның ағымдағы шотын пайдаланып және (немесе) шот ашпай-ақ жүргізген төлемдерінің (ақша аударымдарының) сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кеткенде уәкілетті банк Ұлттық Банкке жеке тұлғаның деректемелерін көрсете отырып, осындай төлемдер (ақша аударымдары) туралы ақпарат бар есеп ұсынады.

Ұлттық Банкке берілетін есепке жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының ішіндегі аударымдары мен резидент жеке тұлғаның шетелдік банктегі жеке шоттарынан/жеке шоттарына аударымдары қосылмайды. Тиісінше мұндай аударымдардың сомасы Ұлттық Банкке жеке тұлғалар бойынша мәлімет беру қажеттігін айқындау үшін АҚШ доллары баламасының есебіне қосылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет