14-бап. Конфиденциалдық
14.1. Тараптар осы Шартпен байланысты бір-біріне беретін кез келген ақпарат, сондай-ақ Шартты бекіту фактісі конфиденциалдық ақпарат болып табылады және екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімін алмастан, үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
14.2. Банк өз тарабынан Клиент пен Шотына қатысты ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолданады.
14.3. Егер конфиденциалдық Клиенттің кінәсінен ашылған жағдайда немесе конфиденциалдық ақпарат үшінші тұлғаларға белгілі болса, немесе басқа көздерден белгілі болғанда Банк жауапкершілік арқаламайды.
14.4. Клиент осымен осы Шартта қарастырылған Шотты ашу, жүргізу және жабу мақсаттары үшін, операцияларды іске асыруда Банктің ақпаратты ашу деңгейін бекіткен тәртібін сақтау қажеттілігін анықтаған қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі саясаты, стандарттары мен рәсімдерінің ережелеріне сәйкес ондай ақпаратты ашуды, сондай-ақ Клиенттің, оның заңды өкілінің дербес деректерді жинауына және өңдеуіне берген келісімі шеңберінде дербес деректерді беруді талап етуге құқылы, ал Клиент, оның заңды өкілі Банкке оның алғашқы талабы бойынша осы Шартта қарастырылғандай Банктің конфиденциалдық талабын сақтауымен Банк бекіткен мерзімде Банк сұратқан ақпаратты беруге міндетті екендігімен келіседі.
14.5. Клиент Банкке осы Шартты бекіту және орындау мақсатында, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім шеңберінде Клиентке/Шотқа/Шартқа қатысты ақпаратты Клиенттің қандай да бір қосымша келісімінсіз конфиденциалдық негіздегі ақпаратты ашуға/беруге және үшінші тараптардың осы Шарт Тараптарының өз міндеттемелерін орындауға өз келісімін береді, келесіні қоса, бірақ онымен шектелмей:
(а) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ондай ақпаратты сұрауға уәкілетті мемлекеттік органдарға және/немесе басқа тұлғаларға;
(б) Клиенттің жұмыс берушісіне (оның ішінде басшы қызметкерлерге, мамандар бөлімі мен бухгалтерия қызметкерлеріне) – ЖСК нөмірі туралы ақпаратты, сондай–ақ, егер Клиент еңбекақысын Шот арқылы алатын жағдайда оның еңбекақысын Шотқа есептеу үшін банктік құпия болып табылатын ашылған Шоттың нөмірі туралы ақпаратты беруге;
(в) Өтініште көрсетілген тұлғаларға;
(г) «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК-на жәрдемақы үшін ағымдағы шоттың/арнайы шоттың және оның деректемелерінің болуы туралы мәліметтер;
(д) тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шотқа тұрғын үй төлемдерін аударатын ҚР арнайы мемлекеттік органдарына Клиент туралы мәлімет, сондай-ақ тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шоттағы ақша қалдығы және/немесе ақша қозғалысы туралы ақпарат (оның ішінде, банктік және өзге коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат).
15-бап. Шартты бұзу. Шотты жабу
15.1. Тараптардың әрқайсысы осы Шарттан бас тарту және Шотты жабу туралы мәлімдеуге құқылы, бір Тарап екінші Тарапты Шартты бұзудың болжамды күніне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кеш болмайтын мерзімде жазбаша хабарлауға тиіс. Бұл ретте Клиенттің Банк алдындағы барлық міндеттемелері дереу орындалуға тиіс.
Клиент осы Шарттан бас тартқан жағдайда Клиент Банкке Шотты жабу туралы өтініш береді. Шоттың жабылуы Клиент Шарттан бас тартқан кезде Шотты жабу туралы өтінішке сәйкес осы Шотқа қойылған орындалмаған талаптар болмаған жағдайда іске асырылады. Банктің Шартынан бас тартқанда Шоттың жабылуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған мерзімнен артық уақытта Клиенттің Шотында ақша болмаған жағдайда және Шартта тікелей қарастырылған өзге жағдайларда іске асырылады.
15.2. Клиент пен Банк өздерінің барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Шоттағы қалдық ақша Клиентке қолма-қол ақшамен беріледі, егер бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе немесе Клиенттің жазбаша нұсқауы бойынша Банктегі немесе басқа банктегі шотына аударылады.
15.3. Қолданыстағы заңнамада немесе Шартта қарастырылған мерзімнен артық уақытта Клиенттің шотында ақша болмағанына байланысты Шотты жабу жағдайларын қоспағанда, осы Шот бойынша орындалмаған талаптар болған жағдайда Шотты жабуға рұқсат етілмейді.
2-БӨЛІМ. Жеке тұлғаның ағымдағы шотын жүргізу3.
16-бап. Шот бойынша жүргізілетін операциялар
16.1. Банк Шот бойына мынадай операцияларды іске асырады және оған қызмет көрсетумен байланысты банктік қызметтерді көрсетеді:
Клиенттің және үшінші тұлғаның Банк кассасына қолма-қол салған ақшасын Шотқа есепке алады, сондай-ақ Клиентке Шоттан ақшаны қолма-қол береді;
Клиенттің Банкте және басқа банктерде ашылған банктік шоттарынан аударылатын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың Клиенттің пайдасына аударылатын ақшаны Шотқа есепке алады;
Клиенттің төлем тапсырмалары бойынша Клиенттің Банкте және басқа банктерде ашылған банктік шоттарына, сондай-ақ үшінші тұлғалардың пайдасына ақшаны Шоттан аударады;
Бекітілген Банктік салым туралы Шарт негізінде Клиенттің Банктегі мерзімді салымдарына Шоттан ақша аударады;
Валюталарды Клиенттің өтініші бойынша белгіленген үлгіде айырбастауды жүзеге асырады.
16.2. Шот бойынша операцияларды үшінші тұлғалар Клиент атынан берілген нотариус куәландырған сенімхат негізінде ғана, сондай-ақ Клиенттің заңды өкілдері, қорғаншылары және қамқоршылары қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіп бойынша іске асыра алады.
Бұл ретте резидент болып табылатын үшінші тұлғалар резидент клиенттердің валюталық шоттарын шетел валютасымен толықтыруы, егер операция Клиент атынан және нотариус куәландырған тиісті сенімхат негізінде жүргізілсе немесе жүргізілетін валюталық операция валюталық құндылықтарды Клиент пайдасына өтеусіз беру болып табылса, рұқсат етіледі.
16.3. Егер қолданыстағы заңнамада басқаша қарастырылмаған болса, төлемдер мен ақша аударымдарының барлығын Банк қолданыстағы заңнама талаптарына, Шарт талаптарына және Клиенттен немесе үшінші тұлғалардан (күнтізбелік кезектілік) нұсқаулардың түсу тәртібіне сәйкес орындайды.
16.4. Осы арқылы Тараптар Клиенттің нұсқауларының барлығы және кез келгені, оның ішінде салық төлемі және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер, егер Банктің ішкі ережелерінде басқа мерзім көрсетілмеген болса, операциялық күн ішінде ғана қабылданады. Операциялық күннен кейін Клиент жасаған нұсқаулар (Клиенттің электрондық байланыс арналары арқылы және өзіне өзі қызмет көрсету құралының көмегімен жасаған нұсқауларын қоса) Банк келесі операциялық күні қабылдады деп саналады.
16.5. Клиент Банкке нұсқаулар беруіне байланысты барлық тәуекел мен жауапкершілікті, оның ішінде салық төлемдері мен бюджетке төленетін өзге төлемдерді операциялық күн аяқталған соң өзіне қабылдайды.
16.6. Төлемдер мен ақша аударымы туралы нұсқауларды, сондай-ақ оларды кері шақырып алу туралы өкімдерді электрондық тәсіл арқылы беру тиісті шарттың негізінде және тәртіп бойынша жүргізіледі. Осы Шарт «Интернет-банкинг» жүйесі бойынша түскен төлем құжаттарын Банктің өңдеу мәселелерін, мұндай шартта реттелмеген бөлігіндегі мәселелерді реттейді.
16.7. Осы арқылы Клиент Банк заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыру және лаңкестікті қаржыландыруға қатысты деп санаған төлем/ақша аударымына негіздеме болғанда Банктің көрсетілген төлем/ақша аударымына сараптама жасау үшін қажетті кез келген қосымша ақпаратты талап етуіне құқылы екенін назарға алады және келіседі. Ондай ақпаратты Банк белгіленген мерзімде алмаған жағдайда, Банк Клиент пайдасына келіп түскен ақшаны қайтаруға немесе төлем құжатын акцепті түрде орындаудан бас тартуға құқылы.
17-бап. Банк ғимараттарында кассалық қызмет көрсету
17.1. Қолма-қол ақшамен операцияларға Банктің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, сақтау және Шотқа ақшаны есепке алу кіреді. Көрсетілген операцияларды Банк операциялық күнді қолданыстағы заңнамамен, ішкі саясатпен, стандарттармен және рәсімдермен белгіленген тәртіп бойынша іске асырады. Шотқа ақшаны есепке алу банктік операция жүргізу үшін қажетті уақытты ескере отырып іске асырылады.
Клиент қолма-қол ақша салымын ағымдағы шот валютасынан басқа валютадағы ағымдағы шотқа сала алады. Банк қолма-қол ақшаны валютада ағымдағы шотқа салу үшін және операция жүргізілетін сәтте Банктің айырбастау орнының бағамы бойынша қабылдайды.
Қолма-қол ақшаны шетел валютасындағы ағымдағы шотқа салу кезінде теңгеге айырбастау операция жүргізілетін сәтте Банктің айырбастау орнында белгіленген шетел валютасын сатып алу бағамы бойынша іске асырылады.
Қолма-қол ақшаны теңгедегі ағымдағы шотқа салу кезінде шетел валютасына айырбастау операция жүргізілетін сәтте Банктің айырбастау орнында белгіленген шетел валютасын сатып алу бағамы бойынша іске асырылады.
17.2. Банк Шотқа нақты ақша сомасын оларды қабылдаған, парақтап санаған және ораған соң есепке алады. Қолма-қол ақшаны беру Банктің кез келген филиалындағы Шотта бар сома шегінде жүргізіледі.
17.3. Банктің ішкі саясатына, стандарттарына және рәсімдеріне сәйкес белгілеген ірі мөлшерде қолма-қол ақша алған жағдайда Клиент Банкті мұндай операция жүргізгенге дейін 48 (қырық сегіз) сағаттан кем емес мерзімде, егер осы Шартта белгіленген тәртіппен Клиент назарына басқа мерзім жеткізілмеген болса хабардар етуі тиіс.
18-бап. Шетел валютасымен операциялар
18.1. Клиенттің Шоты бойынша шетел валютасымен операциялар жүргізуді Банк қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі ережелеріне және осы Шартқа сәйкес іске асырады.
18.2. Клиент шетел валютасына қатысты мемлекеттік органдардың белгілеген шектеулеріне байланысты туындауы мүмкін, шетел валютасындағы Шоттың ашылуына және жүргізілуіне байланысты тәуекелді, валюталық бақылауды немесе валюталық шектеулерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, сонымен қатар Шоттағы ақшаға таралуы мүмкін салықтар немесе басқа да міндетті төлемдерді өзіне қабылдайды.
18.3. Шетел валютасымен жүргізілетін операциялардың барлығы валюталық заңнамада тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері арасында шетел валютасымен есеп айырысудың жүзеге асырылуына тыйым салуды қосқанда, бірақ онымен шектелмей, қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және рәсімдерімен белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
18.4. Қолма-қол ақшасыз тәртіппен Шотқа түсетін ақша валютасы Шот ваютасынан өзгеше болса, Банк түскен ақшаны Банкте белгіленген ағымдағы бағам бойынша айырбастайды. Клиент Банктің осы бағамын қолдануға өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді.
18.5. Банк Клиенттің шетел валютасында жүргізілтін операциясына қатысатын шетелдік корреспондент банктің сұратуы бойынша мәліметтерді және операцияға және оған қатысқан тұлғаларға қатысты түсіндірулерді беруіне Клиент өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Валюталық операцияны аяқтау үшін Банкте жоқ, бірақ шетелдік корреспондент банкке берілуге тиіс мәліметтерді, түсіндірулерді немесе құжаттарды беру туралы сұрату Банктен келіп түскен жағдайда Клиент Банкке мұндай мәліметтерді, түсіндірулерді немесе құжаттарды Банк белгілеген қажетті көлемде және мерзімде беруге міндеттенеді.
-
Клиенттің шетел валютасындағы Шотынан ақша аудару бойынша операциялар жүргізілген кезде шетелдік корреспондент-банк тиісті шетел мемлекеті заңнамасының талаптарын басшылыққа ала отырып, мыналарға құқылы:
- жүргізілетін операция туралы кез келген қажетті қосымша мәліметтер алу мақсатында Клиенттің ақша аударымын белгісіз мерзімге тоқтату;
- мұндай бас тартудың себебін нақтыламай және ақшаны Банкке қайтара отырып, шетел валютасындағы ақшаны аударуды аяқтаудан бас тарту;
- валюталық операциялар бойынша ақшаны белгісіз мерзімге оқшаулау.
Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты шетел валютасындағы операцияны аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, Банк валюталық операциялардың жүргізілуіне қатысатын шетелдік корреспондент банктердің әрекеттері үшін жауапкершілік арқаламайды.
-
Төмендегілер қажет етілетін валюталық операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған ақша Клиенттің пайдасына түскен жағдайда:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі - Банк Клиентті тіркеу куәлігін ұсынудың қажет екендігі туралы хабардар етеді және түскен ақшаны Клиент көрсетілген құжатты ұсынғаннан кейін ғана Клиенттің шотына есепке алады. Клиент Банкке барлық қажетті құжаттарды ұсынғанға дейін Банк ақшаны транзиттік шотта оқшаулайды. Клиент кез келген шығыс операциясын жүзеге асыру үшін ақшаға иелік етуге құқығы жоқ;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің хабарлама туралы куәлігі - Банк Клиентті хабарлама туралы куәлікті ұсыну қажеттігі туралы алдын ала хабардар ете отырып, хабарлама туралы куәлік ұсынылмастан Клиенттің шотына түскен ақшаны есепке алуға құқылы. Бұл ретте Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлама туралы куәлікті ұсынусыз валюталық операцияның жүргізілетіні туралы ақпарат жолдайды.
-
Клиент Банкке барлық қажетті құжаттарды ұсынғанға дейін ақша Банктің транзиттік шотында оқшауланып тұрады және Клиенттің шотына есепке алынбайды.
Клиент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген хабарлама туралы куәлікті қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, Банк валюталық операцияның жүргізілетіні туралыц ақпаратты хабарлама туралы куәлікті ұсыньастан жолдайтын болады.
-
Клиент қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде валюталық бақылау мәселелерін реттейтін заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы өзінің хабардар екендігін растайды.
19-бап. Айырбастау қызметтері
-
Клиент айырбастау операцияларының жүргізілуін реттейтін қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті. Айырбастау осы Шарттың 16-бабында сипатталған жағдайларды қоспағанда, Клиенттің тиісті түрде ресімделген нұсқауының негізінде, Шоттағы ақша сомасы шегінде іске асырылады.
-
Клиент өз қарауы бойынша Банкте ашылған оның банктік шоттарының кез келгенінен, бір валютадан екінші валютаға айырбастауға Банкке өкілеттік беруге құқылы. Бұл ретте айырбасталатын валюталар тізімін Банк өз бетінше белгілейді.
-
Банк қолданыстағы заңнамаға сәйкес айырбастау операцияларын іске асырады:
шетел валютасынан қазақстандық теңгеге;
қазақстандық теңгеден шетел валютасына;
шетел валютасынан басқа шетел валютасына.
Айырбастау операциялары іске асырылатын валюталар тізімін Банк өз бетінше белгілейді және оны өз қарауы бойынша өзгерте алады.
-
Операциялар операция жасалатын күні Банк белгілеген ағымдағы айырбастау бағамы бойынша іске асырылады.
20-бап. Интернет-банкинг
-
Банк Клиентке өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» (бұдан әрі – «Интернет-банкинг» жүйесі) осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес Интернет желісінің қорғалған арналары арқылы (https://www. mybank.kz) қашықтан өз бетінше Шот бойынша ақпарат алу және операциялар жасау үшін ұсынады.
-
Клиент «Интернет-банкинг» жүйесі көрсететін қызметтер тізбесімен, қызмет көрсету және тіркеу талаптарымен Банк филиалдарындағы клиенттерге арналған ақпараттың орналасқан жерінде (ақпараттық стендтерде), Банктің мынадай электрондық мекен-жайы бойынша: https://www.halykbank.kz, https://www. mybank.kz сайттарында таныса алады.
-
Клиент «Интернет-банкинг» жүйесіне өз бетімен тіркелу арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіппен банктік операциялар жасауға рұқсат алады.
-
Клиенттердің «Интернет-банкинг» жүйесіне тіркелуі және қызметтерінің көрсетілуі Банктің https://www.mybank.kz web-сайтында Интернет желісінің қорғалған арнасы арқылы қашықтан іске асырылады. Клиент өзінің жеке компьютерінен Банктің көрсетілген web-сайтына кіріп, осы web-сайтта орналасқан Клиенттің тіркелуі туралы нұсқаулыққа сәйкес тіркелу рәсімінен өтуі тиіс.
-
Тіркелу нәтижесінде Клиент «Интернет-банкинг» жүйесіне кіру параметрлерін (логин, пароль) есте сақтауы және оларды ешкімге жария етпеуі тиіс. Бұдан кейін Клиент «Интернет-банкинг» жүйесіне кіретін кезде тек логин мен парольді енгізу арқылы іске асырылады.
-
«Интернет-банкинг» жүйесіне тіркелу Клиенттің мыналарды жасауына мүмкіндік береді:
1) мынадай төлемдер жасауға:
-
коммуналдық;
-
бюджеттік (салық, алымдар, баждар, айыппұлдар);
-
телефон және ұялы байланыс қызметтері үшін;
-
кабельді теледидар қызметтері үшін;
-
жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотына немесе үшінші тұлғаның жеке зейнетақы шотына зейнетақы төлемдері;
2) мынадай аударымдар іске асыруға:
-
өзінің банктік шоттарынан Банкте және басқа банктерде ашылған кез келген шоттарға;
-
өзінің VISA карточкасынан кез келген VISA карточкасына;
3) тәулік бойы, «қарау» режимінде Банкте ашылған өзінің барлық банктік шотына рұқсаттың болуы;
4) банктік шоттар бойынша операциялардың Банктің автоматтандырылған банктік жүйелеріндегі қолжетімділігі режиміне қарай оларды іске асыру;
5) Банкте ашылған барлық банктік шоттар бойынша ақша қозғалысының тарихын қадағалап отыру, сондай-ақ несие берешегінің жай-күйі туралы үзінді көшірмені және несие шоттары бойынша өтеу кестесінің қалыптастырылуын қосқанда шоттар бойынша үзінді көшірмелер алу;
6) операция жасалатын сәтте белгіленген, Банктің төлем жүйелерінде валюталарды қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату бағамына байланысты Банкте ашылған банктік шоттар арасындағы аударымдар кезінде валюталарды қолма-қол ақшасыз айырбастау жүргізу;
7) жалақылық карточкасын шығаруға өтінім ресімдеу;
8) анықтамалық және өзге ақпараттар алу.
Операциялардың осы тізбесі толық болып табылмайды және «Интернет-банкинг» жүйесі дамыған сайын толықтырылатын болады.
-
«Интернет-банкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізбесінің өзгергені туралы хабарлама Банк web-сайтының беттеріне ақпарат орналастыру арқылы іске асырылады.
-
Операциялардың жүргізілуі Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.
-
Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жасаған операциялары Клиент жасаған болып табылады және Клиенттен алынған нұсқауларға теңестіріледі. Бұл ретте Клиент Банкке орындау үшін жіберілген электрондық құжаттардың мазмұны мен деректемелердің дұрыс енгізілгені үшін толық жауапкершілік арқалайды. Даулы жағдайлар туындаған жағдайда Клиент «Интернет-банкинг» жүйесінде жасаған операциялар оның аударымға берген растауы болып табылады.
-
«Интернет-банкинг» жүйесі арқылы банктік қызметтер көрсетілген кезде Банк пен Клиент арасында ақпарат алмасу Клиенттің динамикалық сәйкестендірілуі арқылы іске асырылады, яғни бір реттік парольді (бір жолғы код) пайдалану арқылы электрондық банктік қызметтер алуға Клиенттің құқығын аутентификациялау және растау рәсімдері.
-
Бір реттік парольдер Клиентке «Мобильдік банкинг» қызметтерін көрсету шеңберінде мобильдік байланыс операторлары арқылы SMS-хабарламалар түрінде беріледі.
-
«Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану кезінде Клиент:
1) «Интернет-банкинг» жүйесінде операциялар жасауға рұқсаттың берілуіне байланысты ұсынылатын Банктің талаптарын орындауға;
2) қолданыстағы Тарифтерге сәйкес «Интернет-банкинг» жүйесінде операциялардың жасалғаны үшін комиссиялық сыйақы үшін төлем жүргізуге;
3) өзінің авторизациялау параметрлері (пайдаланушының аты, пароль) туралы ақпаратты өзге тұлғаларға жария етпеуге/бермеуге. Бұл ретте Клиент өзінің авторизациялау параметрлері туралы ақпаратты өзге тұлғаларға жария етуіне/беруіне байланысты туындауы мүмкін шығындар мен залалдардың барлығына Клиент өзі жауапты және Банктен оларды өтеп беруін талап етуге құқығы жоқ;
4) дербес компьютердің Интернет желісіне қосылуын қамтамасыз етуге;
5) «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы Клиенттің банктік шотына рұқсат етілмеген қол жеткізу анықталған жағдайда немесе рұқсат етілмеген қол жеткізуге күмән келсе, Банк «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы операциялар жасауға қол жеткізуді оқшаулау үшін Банкті дереу хабардар етуге;
6) «Интернет-банкинг» жүйесін «Интернет-банкинг» жүйесін пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес толық пайдалануға;
7) «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздік ережесін және пайдалану ережесін сақтауға, жұмыстың әр сеансынан кейін «Интернет-банкинг» жүйесімен жұмыс істеу үшін ашық тұрған Интернет желісімен қосылған барлық сессиялардың жабылуын қамтамасыз етуге;
8) төлем жүргізу қажет болған жағдайда банктік шотта Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес төлем жүргізу және комиссиялық сыйақы төлеу үшін жеткілікті ақша сомасын қамтамасыз етуге міндеттенеді;
-
Клиент:
1) Шартта қарастырылған талаптар бойынша «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы операциялар жасауға;
2) Банктен Шарт бойынша міндеттемелердің тиісті түрде орындауды талап етуге;
3) «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтері үшін сыйақы сомаларын Банк тарифтеріне сәйкес шартсыз тәртіппен Банкке төлеуге;
4) «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерінен бас тартуға құқылы.
-
Банктің негізгі міндеттері:
1) Клиентті «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркегеннен кейін оған Банктің web-сайтының тиісті түрде қызмет етуін қамтамасыз ету;
2) Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде операциялар жүргізуін тоқтатуы және кедергі жасауы мүмкін техникалық жұмыстар туралы web-сайттың беттеріне тиісті ақпаратты орналастыра отырып хабардар ету;
3) Клиент Шарт талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда Клиенттің электрондық құжаттарын орындау;
4) «Интернет-банкинг» жүйесінде жасалған Клиенттің ақша аударымдары туралы электрондық құжаттарын Банкке құжаттардың келіп түскен күнінен кейінгі банктік күннен кешіктірмей орындау. Бұл ретте ҚР Салық кодексінің 581-бабының 7) тармақшасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін өзге төлемдерді аудару үшін Банк салық төлеуші Клиенттің банктік шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операция жасалған күні салықтар мен бюджетке төленетін өзге төлемдерді аударады;
5) электрондық есепке алу журналына алынған, жүргізілген және қабылданбаған электрондық төлем құжаттарын тіркеу;
6) Клиентті «Интернет-банкинг» жүйесін пайдаланушының нұсқаулығымен қажетті анықтамалық материалды web-сайтта орналастыру арқылы таныстырып отыру;
7) сообщать об изменении тарифов Банка не менее чем за 10 банковских дней
до вступления в силу новых тарифов по банковским услугам, оказываемым посредством системы «Интернет-банкинг»;
8) Клиенттің бастамасымен «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін көрсетуді доғару;
9) Клиенттің операцияларын құпияда сақтау және үшінші тұлғаларға олар бойынша мәліметтерді тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларда және шеңберде ғана беру.
-
Банктің негізгі құқықтары:
1) мынадай жағдайларда Клиенттің қол жеткізуін уақытша оқшаулау немесе операцияны орындауды тоқтата тұру:
Банктің пікірінше, мұндай шара «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болса;
Клиенттің өзінің авторизациялау параметрлері (пайдаланушының аты, пароль) туралы ақпаратты басқа тұлғаларға бергендігі анықталса;
жүргізілетін операция үшін Банктің сыйақысын төлеу үшін тиісті банктік шотта ақша жеткіліксіз болса;
Клиент жүргізілетін операцияның деректемелерін толық емес (дұрыс емес) көрсетсе, оның жүргізілу кезеңін сақтамаса, жүргізілетін операцияның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмесе;
дұрыс емес жеке паролін үш реттен артық енгізуге тырысса және бұны қауіпсіздік жүйесін бұзу деп қарастырса;
егер төлем карточкасының жаңа нөмірінің қайта тіркелуі жүргізілмесе;
егер үш айлық биллингтік кезең үшін комиссия төленбесе;
2) Клиентке филиалдардың құрылымдық бөлімшелеріндегі және Банктің www.halykbank.kz сайтындағы өзгерістер туралы алдын ала хабарлай отырып, Шартты және Тарифтерді біржақты тәртіппен өзгерту;
3) Клиенттің Банкте ашылған кез келген банктік шотынан Клиенттің Шарт бойынша Банк алдындағы кез келген берешегін мұндай банктік шоттарды тікелей дебеттеу арқылы алып алу;
4) Банктің пікірінше, «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздік рәсімдері бұзылса немесе бұзуға әрекет жасалса, ақша аударымын тоқтата тұру;
5) алаяқтық операциялардың алдын алу және шотқа рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау мақсатында үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аударымына шектеу (сома бойынша) қою;
6) бағдарламалық жсақтаманы ауыстыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін «Интернет-банкинг» жүйесінің жұмысын уақытша тоқтату.
-
Банк пен Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартта белгіленген талаптарға сәйкес Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік арқалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |