Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына


  ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Alimbekova Zheke tulga

6. 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 

 

5В010800-Дене  шынықтыру  және  спорт  мамандығында  оқитын 



студенттердің саламатты  өмір  салтына қызығушылығын  арттыру  мақсатында 

«Дене шынықтыру» пәнінен келесі тақырыптарда дәріс оқытылуы қажет. 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ елінің спорт өнерінде үлкен жетістікке қол 

жеткізген спортшылар 

Қазақстан спортшылары КСРО-ның олипиадалық құрамында 1956 жылы 

өткен ХVІ жазғы ойындардан бастап ілікті (Демек, Лондон Олимпиадасы біздің 

спортшылар үшін он бесінші). Көп ұзамай-ақ қазақ даласында әлемдік доданың 

медальдары да келе бастады. 1960 жылы Рим қаласында өткен Жазғы олимпиада 

ойындарында  Ғұсман  Қосанов  күміс  жүлде  жеңіп  алды.  Ол  4х100  метрлік 

эстафеташылар жарысында мәреге екнші болып жеткен төрт мықтының біреуі 

еді.  Бұл  жеңіске  бүкіл  республика  жұртшылығы  шын  қуанды.  Қазақ 

спортшыларының  да  Олимпиада  биігіне  көтеріле  алатынына  баршаның  көзі 

жетті. Ал тұңғыш чемпион атанған баскетболшы Әлжан Жармұхамедов болды. 

Ол  1972  жылы  Мюнхенде  өткен  Олимпиада  ойындарында  КСРО  баскетбол 

құрамасында өнер көрсетіп чемпион атанды. 1980 жылы өткен ХХ-шы жазғы 

Олимпиада  ойындарында  грек-рим  күресінен  КСРО  чемпионы  –  Жақсылық 

Үшкемпіров, Шәміл Серіков алтыннан алқа тағынды. Мәскеу Олимпиадасында 

боксшы  Серік  Қонақбаев  өзінің  алтынға  бергісіз  күміс  медалін  жеңіп  алды. 

ҚазКСР арасынан қысқы ойындардан тұңғыш Олимпиада медалін  иемденген 

қостанайшы шаңғышы Иван Гаранин болды. Ол 1976 жылы Инсбурк қаласында 

өткен Х-шы Олимпиада ойындарында екі бірдей қола жүлдемен оралды. Мұнан 

соң  1988  жылы  Калгариде  өткен  Олимпиада  ойындарында  шаңғышылар 

Владимир Сахнов күміс, Владимир Смирнов екі күміс және қола медаль алды. 

Олимпиадаға  үш  мәрте  қатысып,  екеуінде  жүлде  алған  арыстың  бірі  –  Сеул 

Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, грек-рим күресінің 

шебері  Дәулет  Тұрлыханов.  1988  жылға  дейін  қазақ  спортшылары  КСРО 

құрамында өнер көрсетіп жүрді. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 

бұрынғы КСРО-ның 15 елі бірігіп 1992 жылғы Испания елінде Баселонада жазғы 

Олимпиада ойындарында  «Біріккен  команда»  ретінде  өнер  көрсетті.  Ал  1994 

жылы ХVІІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан алғаш рет жеке мемлекет 

ретінде қатысып, қанжығасына 1 алтын, 2 күміс медаль салған болатын. Бұл үш 

медальдың үшеуін де шаңғышы Владимир Смирнов алған болатын. 1996 жылы 

АҚШ-тың  Атланта  қаласында  өткен  ХХVІ  жазғы  Олимпиада  ойындарында 

Василий  Жиров  (бокс)  күміс,  Александр  Парыгин  (бессайыс),  Юрий 

Мельниченко  (грек-рим  күресі)  алтын,  Анатолий  Храпатый  (ауыр  атлетика), 

Сергей Беляев (нысана көздеу), Болат Жұмаділов (бокс) күміс, Мәулен Мамыров 

(еркін күрес), Болат Ниязымбетов (бокс), Ермахан Ыбрайымов (бокс), Владимир 

Вохмянин  (нысана  көздеу)  қола  медаль  алып,  командалық  есепте  196  елдің 

арасынан 24-ші орынға тұрақтады. 1998 жылы Наганода өткен қысқы Олимпиада 

ойындарында Қазақстан 2 қола алды, олар шаңғышы В.Смирнов және конькиші 

Людмила Прокашева болды. 

61 



2000 жылы Сиднейде өткен ХХVІІ жазғы Олимпиада ойындарында  Бекзат 

Саттарханов, Ермахан  Ыбрайымов  (бокс),  Ольга  Шишигина  (жеңіл  атлетика) 

алтын,  Болат  Жұмаділов,  Мұхтархан    Ділдабеков  (бокс)  күміс  медаль  алып, 

командалық есепте 199 елдің ішінен 22-ші орын алды. 

2004  жылы  Грекияда  өткен    ХХVІІІ  жазғы  Олимпиада  ойындарында   

Бақтияр Артаев (бокс) алтын, Геннадий Лалиев (еркін күрес),Георгий Цурцумиа 

(грек-рим күресі), Геннадий Головкин (бокс), сергей Филимонов (ауыр атлетика) 

күміс, Серік Елеуов (бокс),Мкхитар Манукян (грек-рим күресі), Дмитрий Карпов 

(жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста 202 команданың арасынан 

40-


шы орынға табан тіреді.  

2008 жылы Бейжінде өткен  ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарында   Бақыт 

Сарсекбаев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика) алтын, Ирина Некрасова (ауыр 

атлетика),  Асқат  Жіткеев  (дзюдо),  Алла  Важенина  (ауыр  атлетика),  Таймураз 

Тигиев  (еркін  күрес)  күміс,Нұрбақыт  Теңізбаев  (грек-рим  күресі),  Әсет 

Мәмбетов)герк-рим  күресі),  Мария  Грабовецкая  (ауыр  атлетика),  Елена 

Шалыгина (еркін күрес), Марид Муталиев (еркін күрес), Еркебұлан Шыналиев 

(бокс), Арман Шылманов (таэквондо) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста 204 

мемлекеттің арасынан 29-шы орын алды. 

2012 жылы Лондонда өткен ХХVІ жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан 

үшін алдыңғы ойындарға қарағанда ең сәтті болды. Лондонда Қазақстан 7 алтын, 

1  күміс,  5  қола  медаль  алып,  медаль  саны  бойынша  жалпы  есепте  204  елдің 

арасында 12-ші  орынға  тұрақтады.  Мұнда Серік  Сәпиев  (бокс),  Илья  Ильин, 

Зульфия Чиншанло; Майя Манеза, Светлана Подобедова (ауыр атлетика), Ольга 

Рыпакова (жеңіл атлетика), Александар Винокуров (велоспорт) алтын, Әділбек 

Ниязымбетов (бокс) күміс, Ақжүрек Таңатаров Гузель Манюрова(еркін күрес), 

Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Марина Вольнова (бокс), Иван Дычко (бокс) 

қола жүлдені иемденді. 

2014 жылы Сочиде өткен олимпиада да Денис Тен қола медаль алу арқылы 

өзінің даңқты елінің атағын шығарды. Тен 20 жаста ғана, сөйте тұра 2013 жылғы 

әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол канадалық Патрик Чанға ғана 

есе жіберді. Еркін өнер көрсетуде ол Чаннан да асып түскен еді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет