«жеке заттың ҚанықҚан бу қысымының температураға тәуелділігін зерттеу зертханалық жұмысына әдістемелік нұсқау 1 жұмыс «Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігі. Бір компонентті жүйелер»



бет2/3
Дата02.03.2024
өлшемі176.16 Kb.
#493998
1   2   3
Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігін зерттеу

Тәжірибелік жұмыс


Жұмыс мақсаты:
Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігін анықтау, мольдік булану жылуды табу, 1 моль зат буланғандағы энтропия өзгерісін анықтау, алынған сұйық заттың қайнау температурасын табу және оның эбулиоскопиялық тұрақтылығын есептеу.
Аспаптың схемасы және жұмыстың барысы:
Аспаптың схемасы 1 суретте келтірілген (1-сурет). Ячейкаға зерттелетін сұйық зат құйылған. Ячейка суытқыш арқылы және қосатын трубкалар көмегімен сынабты манометрмен қосылып тұр. Комовский насосы көмегімен жүйеде керекті қысым орнатылады. Ячейкада сұйық заттан басқа қыздырғыш (электр спиралі), капиллярлар, термометр орнатылған.
Жұмыстың алдында насостың көмегімен ячейкадан ауаны сорып алу керек. Сонда манометрдегі снаб деңгейлері өзгеріп, бір трубкадағы снаб төмендеп, екіншіде ол көтеріледі. Осы екі деңгейдегі биіктіліктер мен десек жалпы манометрдегі қысым = - деп алынады.
Жүйедегі қысым осының көмегімен анықталады. Ол үшін сол тәжірибе жасаған күндегі атмосфералық қысымды білу керек (ратм).
Жүйедегі орын алған қысым р1:
Рi = ратм - (һ1- һ2)
Енді қыздырғышты қосып, жүйедегі берілген сұйық затты қайнату керек. Қайнатқандағы температураны, сол сияқты жүйенің қысым мәндерін жазып алу керек.
Өлшеу нәтижелері мынадай кестеге толтырылады:



№ тәжірибе

t Cо



= - манометр көрсеткіштері

ратм

рi = ратм – һ0
рi жүйедегі қысым

pi
СИ жүйесі паскаль



















































Алынған деректер арқылы мыналарды орындау керек:



  1. Рi – Т және - координаталар көмегімен қысым мен температура аралығындағы байланыстарды график түрінде түсіру керек.

  2. = а + - теңдеуінің а және b коэффициенттерін тәжірибеден және теория жүзінде тауып салыстыру керек.

  3. Сұйықтың булану жылуын анықтау керек.

  4. Берілген сұйықтың қайнау температурасын қалыпты жағдайға келтіріп (р0 = 1Па) және қайнау энтропиясын есептеу керек.

  5. Сұйық заттың эбуллиоскопиялық тұрақтылығын есептеп, анықтамалардан табылған мәндермен салыстырып, жіберген қатені сынау керек.

  6. Табылған бу – мәнін кездейсоқ қателерді есептеу арқылы тәжірибенің дәлділігін түсіндіру керек.

Өлшеулердің дәлділігін есептегенде 3 түрлі қателер кездеседі. Олар:

  • Кездейсоқ қателер. Мұның себептерін анықтап ескеру өте қиын.

  • Жүйелік қателер. Бұлар үнемі кездесетін және қайталана беретін қателер. Олар өлшейтін аспаптардың дәлділігіне байланысты. Аспаптар дәлділігін білгеннен кейін қайталана беретін қателерді ескеруге болады.

  • Тәжірибе барысында жіберілген қателер.

Тәжірибенің дәлділігі кездейсоқ қателерді сынау арқылы анықталады. Ол қателер Гаусс заңына бағынады.
Әдетте нақты нәтиже неше рет өлшенген шама мәндерінің арифметикалық орташасы болып алынады. Яғни ол



n ̶ неше рет өлшенгенді көрсетеді.
Өлшеудің дәлдігін тапқанда арифметикалық орташаның әр өлшенген мәндерден ( ) ауытқуын қолданамыз. Теория жүзінде оның квадратының қосындысы алынады. . Көбінде бұл қосынды өлшеу ретінде келтіріледі. Сонда:



Осыдан


̶ дисперсия деп аталады, ал ̶ арифметикалық орташаның орта квадраттық ауытқуы болып табылады.
Орта квадраттық ауытқу ̶ қатенің абсолютті мәнін көрсетеді.
Кейде кездейсоқ қатені салыстырмалы түрде табады. Оны варияциялық қате депатайды.

Мұны өлшеу саны (n) көп болғанда қолданған жөн. Ал ̶ n аз болған жағдайда қатенің есептеу жолы басқа болады. Қатені сипаттағанда сенімдік интервал деген ұғымды қолданамыз (Δх). Ол табылған шама мен оның нақты мәні қаншалық ұқсамайтындығын көрсетеді.
Δх ̶ сенімдік ықтималдық α арқылы беріледі.
α ̶ бізге керекті шектеулермен алынады. Мысалы тәжірибеден алынған шамалардың 95% ̶ не (α) сенеміз. Сонда сенімдік ықтималдық α=95%. Стьюдент коэффициентті (tn) осы қателер мен дәлділіктерді көрсетеді:

tn ̶ анықтамалықтардағы кестелерде беріледі (2,2).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет