Желдибаева райгуль сериковна


Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби



Pdf көрінісі
бет32/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70
29.05.2023 dis

 
2.2 Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігінің диагностикасы 
Диссертациялық 
жұмыстың 
1-бөлімде 
ғылыми 
тұжырымдармен 
негізделген жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігі дамуы мәселесінің мәнін ашатын теориялық негіздемені дәлелдеу 
мақсатында тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді.
Осы мақсатқа сәйкес бірнеше міндеттер қойылды: 
– жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігінің бастапқы деңгейін анықтау; 
– айқындалған көрсеткіштер мен психологиялық-педагогикалық шарттар 
негізінде жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың әдістемесін әзірлеу; 
– жасалған әдістеменің көмегімен жаһандану жағдайында болашақ 
педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қажетті деңгейде дамыту.
Экспериментке І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті педагогика 
және психология мамандығының 6В01101 – «Педагогика және психология» 
мамандығы 2 курсының 45 білімгері қатысты. Бақылау тобын С. Аманжолов 
атындағы Шығыс Қазақстан университетінінің 6В01101 – «Педагогика және 
психология» мамандығы 2 курсының 45 білімгері құрады.
Сонымен, аталған мақсатқа сәйкес, диагностикалық жұмыстың міндеттері 
келесідей: 
Инновациялық құзырет блогына кіретін: 
– сыни ойлау көрсеткішінің деңгейін анықтау; 
– зерттеушілік көрсеткішінің деңгейін анықтау; 
– кәсіпкерлік көрсеткішінің деңгейін анықтау; 
Толеранттылық құзырет блогына кіретін: 
– эмпатия көрсеткішінің деңгейін анықтау; 
– өзін-өзі дамыту көрсеткішінің деңгейін анықтау; 
– шиеленістерді шешу көрсеткішінің деңгейін анықтау; 
Дүниетанымдық құзырет блогына кіретін: 
– әлемді тану көрсеткішінің деңгейін анықтау; 
– мәдениетаралық коммуникация көрсеткішінің деңгейін анықтау; 
– шет тілін меңгеру көрсеткішінің деңгейін анықтау. 
Диагностиканың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес тоғыз серияға бөлінген 
әдістер жиынтығы таңдалды және бейімделді. 
1. Инновациялық 
құзырет блогының сыни ойлау көрсеткішінің 
диагностикасы 
Респонденттердің сыни ойлау көрсеткішін өлшеу құралы ретінде 
диагностиканың анықтаушы кезеңінде өткізілген «Critical Thinking Skills of 
Prospective Teachers» (Kavenuke et al., 2020) сауалнамасын қарастырамыз. 
Сауалнамада Лайкерттің жеті балдық шкаласы бойынша бағаланатын 9 
мәлімдеме бар. Негізгі компоненттерді таңдай отырып, зерттеушілік факторлық 


93 
талдау нәтижесінде анкета үшін факторлардың оңтайлы саны 3 екендігі 
анықталды, бұл түпнұсқа құралдың құрылымына сәйкес келеді. Промакс-
ротация (promax rotation) әдісі үш факторлы құрылым жалпы дисперсияның 
35,13%-ын құрайтынын анықтады. Растау факторлық талдау арқылы 
сауалнаманың үш факторлы құрылымы расталды: барлық тармақтар тиісті 
факторларға қолайлы жүктемелермен сипатталды (0,352-0,624), модельдің 
жарамдылық индексі жалпы қанағаттанарлық болды (χ2 (24) = 34,620 (P=0,074); 
RMSEA=0,070 (0,0-0,119); CFI=0,896; TLI=0,843; SRMR=0,065), бұл жиынтықта 
конструктордың құрылымдық дұрыстығын және теориялық үш факторлы 
модельдің эмпирикалық деректерге сәйкестігін көрсетеді. Жалпы коэффициент 
α (0,713 (0,615-0,794)), жартылай бөліну коэффициенті (0,766 (0,643-0,846)) 
және корреляцияланған пункттердің орташа көрсеткіші (0,22) сауалнаманың 
ішкі сәйкестігін көрсетеді (11-кесте).
Кесте 11 – Сыни ойлау көрсеткіші деңгейінің диагностикасы
Факторлар 
µ (σ) 
бақылау тобы 
(n=45) 
эксперименттік топ 
(n= 45) 
I. Жүйелілік 
1,70 (0,80) 
1,73 (0,90) 
Мен өзімнің немесе басқалардың пікірін әділ 
бағалаймын 
4,58 (0,75) 
4,73 (0,96) 
Мәселені шешкен кезде мен әдетте осы мәселені 
шешу үшін дерек көздерін жүйелі түрде 
ұйымдастырамын 
2,71 (0,76) 
2,56 (0,81) 
Мен мәселені шешу үшін қорытындыларды 
тұжырымдамаларыма сүйене отырып жасаймын 
4,80 (0,89) 
4,89 (0,91) 
II. Өзіне деген сенімділік 
4,66 (0,92) 
4,66 (0,87) 
Мен кез-келген күрделі мәселені шеше аламын деп 
ойлаймын
2,64 (0,77) 
2,71 (1,01) 
Мен күрделі мәселені ынталы түрде шешемін 
6,62 (0,83) 
6,78 (0,82) 
Мен әдетте өзім белгілеген критерийлерді қолдана 
отырып, күрделі мәселелерді шешемін 
2,71 (1,14) 
2,49 (0,73) 
III. Скептицизм 
2,75 (0,98) 
2,83 (1,0) 
Маған сұрақ қойылғанда, жауап бермес бұрын 
бірнеше рет ойланамын 
2,78 (0,95) 
2,71 (0,92) 
Әдетте менің кез-келген шешімімде ақылға 
қонымды дәлелдер бар 
4,47 (0,84) 
5,64 (0,96) 
Менің ойымша, кез-келген пікірде дәйекті себеп 
болуы қажет 
7,00 (1,09) 
6,13 (1,08) 
Ескерту – Анықтаушы эксперимент 
Әр респонденттің сауалнама нәтижелері үшін орташа арифметикалық мән 
есептелді: төмен (1-3 балл), орташа (4-5 балл) және жоғары (6-7 балл). 
Сауалнаманың мазмұны қосымшада көрсетілген (Қосымша Б). 
Әр фактор бойынша топтар арасындағы айырмашылық төмендегі 8-
суретте көрсетілген. 


94 
Сурет 8 – «Critical Thinking Skills of Prospective Teachers» сауалнамасының 
шкаласы бойынша мәндер 
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара 
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік 
маркерлер) көрсетеді.Тікбұрышты жақшалардың үстінде P мәндері орналасқан 
(екі таңдаулы t-тест). 
Диагностикалық жұмыс бойынша алынған нәтижелердің деңгей бойынша 
жіктелуі төмендегі 12-кестеде көрсетілген.
Кесте 12 – Сыни ойлау көрсеткішінің диагностикасы 
Фактор 
Топ 
Деңгей 
төмен 
орта 
жоғары 
Сыни ойлау 
Бақылау тобы 
Сандық/пайыздық 
22/49% 
15/33% 
8/18% 
Эксперименттік топ 
Сандық/пайыздық 
20/44% 
16/36% 
9/20% 
Анықтау экспериментінен алынған нәтижелерге сүйене отырып, біз, 
сауалнаманың нәтижелері бойынша БТ мен ЭТ сыни ойлау компоненті 
бойынша үлкен айырмашылықтар айқындалмағанын көре аламыз. Осылайша, 
орташа арифметикалық мәнге сәйкес, БТ бойынша төмен деңгейді 22 
респондент көрсетті, ал ол барлық қатысқан 45 респонденттің 49%-ын құрайды, 
ЭТ бойынша бұл сәйкесінше 22 респондентті құрайды (44%). Біздің ойымызша, 
бұл өз тұрғысында, болашақ педагог-психологтардың сыни ойлау дағдысын 
дамыту бойынша мақсатты және жүйелі жұмысты ұйымдастыруды қажет етеді. 


95 
Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша сыни ойлау тұрғысынан орта 
деңгейді көрсеткен жалпы білімгерлер саны 31, оның 15 (33%) БТ, ал 16 (36%) 
ЭТ тиесілі. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, сыни ойлау дағдысы бойынша 
жоғары деңгейді көрсеткен респонденттердің пайызы БТ тек 18%, ЭТ 20% 
құрайды, екі топтан сыни ойлаудың жоғары деңгейін көрсеткен жалпы 
білімгерлер саны 17. Біз бұл көрсеткіштерді қазіргі білім беру талаптары 
аясында жеткіліксіз деп санаймыз, сондықтан да бұл жағдай болашақ педагог-
психологтардың жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін 
сыни ойлау қабілетін жетілдіру қажет екенін растайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет