2. Инновациялық құзырет блогының зерттеушілік көрсеткішінің
диагностикасы
Білімгерлердің зерттеушілік көрсеткішін өлшеу құралы ретінде
диагностиканың анықтаушы кезеңінде өткізілген «Research Competence scale»
(Marrs et al., 2022) сауалнамасын таңдадық. Қазақ тіліне аударылған құрал бес
балдық лайкерт шкаласы бойынша бағаланған 10 мәлімдемені қамтиды. Негізгі
компоненттерді талдау бойынша жиналған мәліметтерге қатысты сауалнама
үшін факторлардың оңтайлы саны 1, алайда бір факторлы құрылым жалпы
дисперсияның тек 19,21%-ын қамтыды, сондықтан сауалнаманың бастапқы
құрылымын сақтау үшін жалпы дисперсияның 33,16% қамтитын екі факторлы
модель таңдалды. Растау факторлық талдау (Confirmatory factor analysis)
арқылы сауалнаманың екі факторлы құрылымы расталды: барлық тармақтар
тиісті факторларға қолайлы жүктемелермен сипатталды (0,315-0,454),
модельдің жарамдылық индексі қанағаттанарлық болды (χ2 (34)=47,008
(P=0,068); RMSEA = 0,065 (0,0-0,119); CFI=0,851; TLI=0,802; SRMR=0,072), бұл
жиынтықта конструктордың құрылымдық тұрғыдан дұрыстығын және
теориялық үш факторлы модельдің эмпирикалық деректерге сәйкестігін
куәландырады. Жалпы коэффициент α (0,673 (0,562-0,765)), жартылай бөліну
коэффициенті (0,695 (0,536-0,800)) және корреляцияланған пункттердің орташа
көрсеткіші (0,17) сауалнаманың ішкі сәйкестігін көрсетеді. Зерттеушілік
компонент бойынша анықтаушы эксперимент нәтижелері 13-кестеде
келтірілген.
Кесте 13 – «Research Competence scale» зерттеушілік көрсеткішінің деңгейлік
диагностикасы
Факторлар
µ (σ)
бақылау тобы
(n = 45)
эксперименттік топ
(n = 45)
1
2
3
I. Зерттеуді жоспарлау
1,92 (0,68)
1,92 (0,67)
Маған нақты зерттеу сұрақтарын / гипотезаларын
құру қиын.
1,84 (0,67)
1,93 (0,54)
Зерттеу мәселесін айқындау үшін қандай деректер /
көздер / материалдар қажет екенін шеше аламын.
1,96 (0,60)
5,02 (0,69)
Мен зерттеу үрдісін жоспарлай аламын
1,80 (0,81)
1,69 (0,76)
Зерттеу үрдісінің әрбір кезеңін жүзеге асыру маған
қиынға соғады.
5,09 (0,60)
3,02 (0,62)
96
13-кестенің жалғасы
1
2
3
II. Әдістерді таңдау және қолдану
2,93 (0,77)
1,95 (0,58)
Белгілі бір зерттеу тақырыбын қарастыру үшін
қандай әдістерді қолдану керектігін шешу мен үшін
оңай.
1,89 (0,71)
1,98 (0,58)
Белгілі бір зерттеу тақырыбын қарастыру үшін
қандай әдістерді қолдану оңтайлы емес екендігін
шешу мен үшін оңай.
1,87 (0,84)
1,91 (0,47)
Мен сапалы деректерді сенімді түрде талдай
аламын.
3,02 (0,87)
1,93 (0,58)
Мен зерттеу тақырыбыма сәйкес келетін әртүрлі
зерттеу әдістерін қолдана аламын.
1,96 (0,71)
1,89 (0,57)
Мен деректерді/дереккөздерді / материалдарды
талдау үшін күрделі әдістерді сенімді түрде қолдана
аламын
1,91 (0,85)
3,0 (0,71)
Мен деректерді талдаудың әртүрлі әдістерін сенімді
түрде қолдана аламын
1,93 (0,65)
5,98 (0,54)
Ескерту – Анықтаушы эксперимент
Әр
респонденттің
сауалнамасының
нәтижелері
үшін
орташа
арифметикалық мән есептелді: төмен (1-2 балл), орташа (3 балл) және жоғары
(4-5 балл). Сауалнаманың мазмұны қосымшада көрсетілген (Қосымша В).
Әр фактор бойынша топтар арасындағы айырмашылықтар 9-суретте
көрсетілген.
Сурет 9 – «Зерттеу дағдыларын бағалау» шкаласы бойынша мәндер
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік
97
маркерлер) көрсетеді. Тіктөртбұрышты жақшаның үстінде P мәні орналасқан
(екі таңдаулыға жататын t-тест).
Диагностикалық жұмыс бойынша алынған нәтижелердің деңгей бойынша
жіктелуі төмендегі 14-кестеде көрсетілген.
Кесте 14 – Зерттеушілік көрсеткішінің диагностикасы
Фактор
Топ
Деңгей
төмен
орта
жоғары
Зерттеушілік
Бақылау тобы
Сандық/пайыздық
36/80%
7/16%
2/4%
Эксперименттік топ
Сандық/пайыздық
33/73%
11/24%
1/3%
Білімгерлердің зерттеушілік дағдысының деңгейін анықтауға бағытталған
сауалнама нәтижелерін талдай отырып, біз, диагностика нәтижелері бойынша
БТ мен ЭТ зерттеушілік компоненті бойынша үлкен айырмашылық
айқындалмағанын байқаймыз. Осылайша, орташа арифметикалық мәнге сәйкес,
БТ бойынша төмен деңгейді 36 респондент көрсетті, ал ол барлық қатысқан 45
респонденттің 80%-ын құрайды, ЭТ бойынша бұл сәйкесінше 33 респондентті
құрайды (73%). Бұл дегеніміз зерттеушілік дағдының 2 топта да төмен деңгейін
айқын көрсетеді. Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша зерттеушілік
дағды тұрғысынан орта деңгейді көрсеткен жалпы білімгерлер саны – 18, оның
7 (16%) – БТ, ал 11(24%) – ЭТ тиесілі. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес,
зерттеушілік дағдысы бойынша жоғары деңгейді көрсеткен респонденттердің
пайызы БТ – 4%, ЭТ – 3% құрайды, екі топтан зерттеушілік компоненті жоғары
деңгейін көрсеткен жалпы респонденттер саны тек 3 білімгерді құрайды. Бұл
зерттеу жұмысын жүргізуге дайын білімгерлердің екі топта да аздығын және
зерттеу дағдысын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс талап етілетінін аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |