Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет34/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
29.05.2023 dis

3. Инновациялық құзырет блогының «кәсіпкерлік» көрсеткішінің 
диагностикасы
Зерттелетін білімгерлердің кәсіпкерлік көрсеткішін тестілеу Youth Start 
Framework (фреймворк komarkova et al. 2015 сипатталған) тұжырымдалған оқу 
мақсаттары негізінде құрастырылған «Entrepreneurial Skills» сауалнамасының
көмегімен жүзеге асырылды. Сауалнамада Лайкерттің жеті балдық шкаласы 
бойынша бағаланатын 10 мәлімдеме бар. Негізгі компоненттерді таңдауды 
қолдана отырып, зерттеу факторлық талдау нәтижесінде сауалнама үшін 
факторлардың оңтайлы саны 1 екендігі анықталды. Промакс-ротация әдісі бір 
факторлы құрылым жалпы дисперсияның 44,73%-ын қалыптастыратынын 
анықтады. Растау факторлық талдау арқылы сауалнаманың бір факторлы 
құрылымы расталды: барлық тармақтар факторға қолайлы жүктемелермен 
сипатталды (0,308-0,739), модельдің жарамдылық индекстері ұсынылған шекті 
мәндерге сәйкес келді (χ2 (35)=32,343 (P=0,597); RMSEA=0,0 (0,0-0,068); 
CFI=1,0; TLI=1,0; SRMR=0,043), бұл мәндердің құрылымдық дұрыстығын және 
теориялық бір факторлы модельдің эмпирикалық мәліметтерге сәйкестігін 


98 
көрсетеді. Αл жалпы коэффициенті (0,888 (0,849-0,919)), жартылай бөліну 
коэффициенті (0,844 (0,762-0,897)) және корреляцияланған пункттердің орташа 
көрсеткіші (0,45) сауалнаманың ішкі сәйкестігін көрсетеді. Эксперименттік 
әсер басталғанға дейін жүргізілген сауалнама нәтижелері 15-кестеде 
келтірілген. Сауалнаманың мазмұны қосымшада көрсетілген. 
Кесте 15 – «Entrepreneurial Skills» кәсіпкерлік көрсеткіш деңгейінің 
диагностикасы
Пункттер 
µ (σ) 
бақылау 
тобы (n=45) 
эксперименттік топ 
(n=45) 
Мен өз идеяларымды ұсына аламын 
2,93 (0,99) 
2,91 (1,10) 
Мен күнделікті өмірдегі тәуекелдерді анықтай 
аламын және олардан аулақ болу жолдарын білемін 
2,82 (0,78) 
2,87 (1,01) 
Мен идеяларды дамыта аламын және оларды 
жүзеге асыру мақсаттарын негіздей аламын 
5,02 (0,89) 
5,93 (0,96) 
Мен тәуекелдерді түсінемін және өз әрекеттерім 
үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын 
2,98 (0,89) 
5,02 (1,14) 
Мен тұжырымдаманың жобасын елестете аламын 
және бизнес-жоспардың мақсатын түсіне аламын 
2,80 (0,76) 
2,84 (1,0) 
Мен идеяларды бизнес ұсыныстарына айналдырып, 
олардың инновациялық тәсілдері мен нарықтық 
әлеуетін бағалай аламын 
2,93 (0,65) 
2,0 (0,93) 
Мен кейс-стади әдісі арқылы бизнес тәуекелдерін 
ба ғалай аламын және тиісті шешімдер қабылдай 
аламын 
2,89 (0,75) 
2,84 (1,07) 
Басқалармен пікірталаста мен өз идеяларымды 
құрылымдық түрде қолдайтын дәлелдер таба 
аламын 
5,07 (0,78) 
6,02 (1,10) 
Мен бизнес-жоспарларды оқи, түсіндіре және 
бағалай аламын 
2,96 (0,82) 
5,0 (1,09) 
Мен әлеуметтік кәсіпорынның бизнес-моделі 
аясында / өз бизнес-жоспарымды жасай аламын 
4,98 (1,03) 
5,09 (1,06) 
Ескерту – Анықтаушы эксперимент 
Әр 
респонденттің 
сауалнамасының 
нәтижелері 
үшін 
орташа 
арифметикалық мән есептелді: төмен (1-3 балл), орташа (4-5 балл) және жоғары 
(6-7 балл). Сауалнаманың мазмұны қосымшада көрсетілген (Қосымша Г). 
Сауалнама нәтижелеріндегі топтар арасындағы айырмашылықтар 10-
суретте көрсетілген. 
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара 
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік 
маркерлер) көрсетеді. Тіктөртбұрышты жақшаның үстінде P мәні орналасқан 
(екі таңдамаға жататын t-тест). 


99 
Сурет 10 – «Кәсіпкерлік дағдылар» шкаласы бойынша мәндер 
Диагностикалық жұмыс бойынша алынған нәтижелердің деңгей бойынша 
жіктелуі төмендегі 16-кестеде көрсетілген. 
Кесте 16 – Кәсіпкерлік көрсеткішінің диагностикасы 
Фактор 
Топ 
Деңгей 
төмен 
орта 
жоғары 
Кәсіпкерлік 
Бақылау тобы 
Сандық/пайыздық 
28/62% 
13/29% 
4/9% 
Эксперименттік топ 
Сандық/пайыздық 
24/47% 
16/35% 
8/18% 
Білімгерлердің кәсіпкерлік дағдысының деңгейін анықтауға бағытталған 
сауалнама нәтижелерін талдай отырып, біз, диагностика нәтижелері бойынша 
БТ мен ЭТ зерттеушілік компоненті бойынша үлкен айырмашылықтар 
айқындалмағанын байқаймыз. Осылайша, орташа арифметикалық мәнге сәйкес, 
БТ бойынша төмен деңгейді 28 респондент көрсетті, ал ол барлық қатысқан 45 
респонденттің 62%-ын құрайды, ЭТ бойынша бұл – 24 респондентті құрайды 
(47%). Бұл дегеніміз зерттеушілік дағдының 2 топта да төмен деңгейін айқын 
көрсетеді. Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша кәсіпкерлік дағды 
тұрғысынан орта деңгейді көрсеткен жалпы білімгерлер саны – 29, оның 
13(29%) – БТ-ға, ал 16 (35%) – ЭТ-ға тиесілі. 
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, кәсіпкерлік дағдысы бойынша жоғары 
деңгейді көрсеткен респонденттердің пайызы БТ тек – 4%, ЭТ – 8% құрайды, 
екі топтан зерттеушілік компоненті жоғары деңгейін көрсеткен жалпы 
респонденттер саны тек – 12 білімгерді құрайды, ал ол сәйкесінше сыналған 90 
білімгердің тек 13%-ы. Бұл зерттеу жұмысын жүргізуге дайын білімгерлердің 


100 
екі топта да аздығын және кәсіпкерлік дағдысын жетілдіру бойынша үлкен 
жұмыс талап етілетінін аңғартады. 
Сонымен, төмендегі диаграммаға сүйене отырып, инновациялық құзырет 
блогына кіретін 3 көрсеткіштің (сыни ойлау, зерттеушілік және кәсіпкерлік) 
диагностика нәтижелері бойынша дайындық деңгейлерін тұжырымдауға 
болады (11-сурет).
 
Сурет 11 – Инновациялық құзырет блогының сыни ойлау, зерттеушілік және 
кәсіпкерлік көрсеткіштерінің деңгейін анықтау бойынша диагностикалық 
жұмыстың нәтижелері 
Берілген диаграммадан көрініп тұрғандай, инновациялық құзыреттілік 
блогына кіретін үш дағданың ең үлкен үлесі төмен деңгейге тиесілі. Оның 
ішінде БТ мен ЭТ білімгерлері зерттеушілік дағды бойынша ең төмен нәтиже 
көрсеткен (80 және 73%). Жоғары деңгей бойынша критикалық деңгей көш 
бастайды, алайда екі топта да бұл көрсеткіш 20%-дан аспаған. Орта деңгей 
бойынша екі топ білімгерлері де бір-біріне жақын нәтижелер көрсеткен. 
Магистратура деңгейінде білім алатын білімгерлер үшін бұл көрсеткіштер 
жеткіліксіз деп санаймыз, сондықтан да бұл жағдай болашақ педагог-
психологтардың жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін 
сыни ойлау, зерттеушілік және кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіру қажеттігін 
растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет