Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет37/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
29.05.2023 dis

4. Толеранттылық 
құзырет 
блогының 
шиеленістерді 
шешу 
көрсеткішінің диагностикасы. 
Зерттелетін 
білімгерлердің 
шиеленістерді 
шешу 
дағдыларын 
диагностикалау қазақ тіліне аударылған «
Dutch Test of Conflict Handling» (Bao 
et al., 2019) сауалнамасының бейімделген нұсқасын пайдалана отырып 
жүргізілді. Сауалнама бес балдық Лайкерт шкаласымен бағаланатын 18 
мәлімдемеден тұрады. Негізгі компоненттерді таңдау арқылы зерттеу 
факторлық талдау нәтижелері жиналған деректерге қатысты төрт факторлы 
модельдің оңтайлы екенін көрсетті. Promax ротация әдісі төрт факторлы 
құрылым жалпы дисперсияның 52,13%-ын түсіндірді. Растайтын факторлық 
талдау арқылы сауалнаманың төрт факторлы құрылымы расталды: барлық 
тармақтар сәйкес факторлар бойынша қолайлы жүктемелермен сипатталды 
(0,502-0,757), үлгі жарамдылық көрсеткіштері жалпы қанағаттанарлық болды 
(χ2 (129) = 168,868 (P = P =). 0,011); RMSEA = 0,059 (0,030 - 0,082); CFI=0,943; 
TLI = 0,933; SRMR = 0,060), берілген мәндердің құрылымдық жарамдылығын 
және теориялық төрт факторлы модельдің эмпирикалық деректерге сәйкестігін 
көрсетеді. Жалпы α коэффициенті (0,897 (0,863-0,926)), жартылай бөлу 
коэффициенті (0,892 (0,835-0,929)) және орташа корреляциялық пункт ұпайы 
(0,33) сауалнаманың ішкі сәйкестігін көрсетеді. Эксперименттік әсер ету 
басталғанға дейін жүргізілген сауалнама нәтижелері 21-кестеде келтірілген. 
Сауалнаманың мазмұны қосымшада келтірілген. 


106 
Кесте 21 – «Dutch Test of Conflict Handling» шиеленістерді шешу көрсеткіші 
деңгейінің диагностикасы
Факторлар 
µ (σ) 
бақылау тобы 
(n = 45) 
эксперименттік 
топ (n = 45) 
I. Ынтымақтастық 
1,30 (0,99) 
4,46 (0,96) 
Мені және өзге тарапты қанағаттандыратын шешімді 
қабылдамас бұрын мен мәселені жан-жақты саралаймын 
1,29 (1,04) 
4,36 (0,98) 
Мен ортақ компромисс табудың қажеттілігін жақсы 
түсінемін
3,31 (0,92) 
4,51 (1,01) 
Мен мәселені өзімнің және өзгелердің пайдасына шешу 
үшін барынша тырысамын 
1,20 (1,06) 
1,33 (0,95) 
Мен оптималды шешімді қабылдау үшін мәселені екі 
жақты қарастырамын 
3,31 (0,90) 
3,44 (0,94) 
Мен 50/50 компромисын табу үшін барынша тырысамын 
3,36 (1,07) 
3,40 (0,96) 
Мен екі жақтың да компромиске бет бұруын 
қадағалаймын 
3,27 (1,03) 
4,58 (1,01) 
Мен «алтын ортаны» табуға тырысамын 
1,36 (0,98) 
4,62 (0,91) 
II. Жалтару 
3,26 (1,05) 
1,17 (1,07) 
Мен басқаларға қарсы тұрмауға тырысамын
3,27 (0,94) 
1,22 (0,95) 
Мен пікірлердің әртүрлігінен сескенемін 
1,20 (1,10) 
3,11 (1,09) 
Мен біздің әртүрлігімізге қатысты шиеленістерден 
аулақпын 
4,31 (1,12) 
3,18 (1,17) 
III. Көнгіштік 
1,31 (0,96) 
3,34 (0,91) 
Мен өзге тараптың мақсат-мүдделеріне бейімделемін 
1,31 (1,08) 
3,27 (1,07) 
Мен өзге тараптың қызығушылығын бірінші орынға 
қоямын
4,53 (0,81) 
4,58 (0,81) 
Мен өзге тарапқа қол ұшымды созуға тырысамын 
1,09 (0,97) 
1,18 (0,89) 
Мен өзге тараппен толықтай келісемін
1,31 (0,95) 
4,36 (0,80) 
IV.Табандылық 
4,34 (0,99) 
4,56 (1,06) 
Мен үнемі өз пайдамды іздеймін
1,22 (1,04) 
3,36 (1,09) 
Мен өзіме жағымды нәтиже шығару үшін барынша 
күресемін
1,24 (0,96) 
3,44 (1,08) 
Мен барлығын жеңу мақсатында жасаймын 
1,38 (1,09) 
4,64 (1,07) 
Мен өз көзқарасымды дәлелдеймін 
4,53 (0,84) 
4,78 (0,97) 
Ескерту – Анықтаушы эксперимент 
Әр 
респонденттің 
сауалнамасының 
нәтижелері 
үшін 
орташа 
арифметикалық мән есептелді: төмен (1-2 балл), орташа (3 балл) және жоғары 
(4-5 балл). Сауалнаманың мазмұны қосымшада көрсетілген (Қосымша Е). 
Факторлардың әрқайсысы үшін топаралық айырмашылықтар 14-суретте 
көрсетілген. 


107 
Сурет 14 – Анықтаушы эксперимент кезеңіндегі «Dutch Test of Conflict 
Handling» сауалнамасы шкаласының мәндері 
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара 
жолақ орташа мәнді (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік 
маркерлер) білдіреді. Шаршы жақшаның үстінде P мәндері берілген (екі үлгілі 
t-тест). 
Диагностикалық жұмыс бойынша алынған нәтижелердің деңгей бойынша 
жіктелуі төмендегі 22-кестеде көрсетілген. 
Кесте 22 – Шиеленістерді шешу көрсеткіші бойынша диагностикалық жұмыс 
нәтижелері 
Фактор 
Топ 
Деңгей 
төмен 
орта 
жоғары 
Шиеленістерді шешу 
Бақылау тобы 
Сандық/пайыздық 
29/64% 
10/22% 
6/14% 
Эксперименттік топ 
Сандық/пайыздық 
31/68% 
7/16% 
7/16% 
Білімгерлердің шиеленістерді шешу дағдысының деңгейін анықтауға 
бағытталған сауалнама нәтижелерін талдай отырып, біз, диагностика 
нәтижелері бойынша БТ мен ЭТ шиеленістерді шешу компоненті бойынша 
үлкен айырмашылықтар айқындалмағанын байқаймыз. Осылайша, орташа 
арифметикалық мәнге сәйкес, БТ бойынша төмен деңгейді 29 респондент 
көрсетті, ал ол барлық қатысқан 45 респонденттің 64%-ын құрайды, ЭТ 
бойынша бұл сәйкесінше – 31 респондентті құрайды (68%). Бұл дегеніміз 
шиеленістерді шешу дағдысының 2 топта да төмен деңгейін айқын көрсетеді. 
Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша шиеленістерді шешу 


108 
тұрғысынан орта деңгейді көрсеткен жалпы білімгерлер саны – 17, оның 10 
(22%) – БТ-ға, ал 7 (16%) – ЭТ-ға тиесілі. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, 
шиеленістерді шешу дағдысы бойынша жоғары деңгейді көрсеткен 
респонденттердің пайызы БТ тек – 14%, ЭТ – 16% құрайды, екі топтан 
шиеленістерді шешу компоненті жоғары деңгейін көрсеткен жалпы 
респонденттер саны тек – 13 білімгерді құрайды.
Сонымен, төмендегі диаграммаға сүйене отырып, толеранттылық құзырет 
блогына кіретін 3 дағдының (эмпатия, өзін-өзі дамыту және шиеленістерді 
шешу) диагностика нәтижелері бойынша дайындық деңгейлерін тұжырымдауға 
болады (15-сурет).
Сурет 15 – Толеранттылық құзырет блогының эмпатия, өзін-өзі дамыту және 
шиеленістерді шешу көрсеткіштерінің деңгейін анықтау бойынша 
диагностикалық жұмыстың нәтижелері 
Демек, БТ мен ЭТ білімгерлерінің берген жауаптарына сүйенсек, 
зерттеліп отырған үш деңгей бойынша да олардың көпшілігі төмен деңгейді 
көрсеткен, әсіресе өзін-өзі дамыту дағдысы бойынша төмен деңгейдің 
көрсеткіші өте жоғары БТ 74%-ды ЭТ 68%-ды құрайды, соңғы көрсеткіш 
шиеленістерді шешу дағдысының төмен деңгейіне тең. Алайда эмпатия 
дағдысы бойынша орта деңгейдің екі топтағы да көрсеткіші үмітартарлық деп 
айтуға келеді, бұл дағдының орта деңгейдегі көрсеткіштері сәйкесінше 38% 
және 33%-ды құраған. Жоғары деңгейге келетін болсақ, мұндағы үш дағдының 
да үлестері 20%-дан аспайды. Жаһандық деңгейдегі талаптарды ескере отырып, 
болашақ педагог-психологтар үшін бұл көрсеткіштер жеткіліксіз деп санаймыз, 
сондықтан да бұл жағдай болашақ педагог-психологтардың жаһандану 
жағдайында кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін эмпатия, өзін-өзі дамыту және 
шиеленістерді шешу дағдыларын жетілдіру қажет екенін растайды. 
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
Жоғары
Орта
Төмен
11
20
38
33
51
47
13
12
13
20
74
68
14
16
22
16
64
68
Деңгей %
Толерантттылық
Өмір бойы білім алу
Шиеленістерді шешу


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет