Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет38/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
29.05.2023 dis

5. Дүниетанымдық құзырет блогының әлемді тану көрсеткішінің 
диагностикасы 
Әлемді тану көрсеткішінің бастапқы деңгейін анықтау үшін «Global 
Competence Scale for graduate students» (Liu et al., 2020) сауалнамасы 
қолданылды. Қазақ тіліне аударылған және бейімделген құрал бес балдық 
лайкерт шкаласы бойынша бағаланды, сауалнама 10 мәлімдемені қамтиды. 
Негізгі компоненттерді іріктеуді қолдана отырып, эксплуатациялық 
факторлық талдау нәтижелері үш факторлы модель жиналған мәліметтерге 
қатысты оңтайлы екені дәлелденді. Промакс-ротация әдісі үш факторлы 
құрылым жалпы дисперсияның 65,64%-ын құрайтынын анықтады. Растау 
факторлық талдау арқылы сауалнаманың үш факторлы құрылымы расталды: 
барлық тармақтар тиісті факторларға қолайлы жүктемелермен сипатталды 
(0,615-0,895), модельдің жарамдылық көрсеткіштері тұтастай алғанда қолайлы 
болды (χ2 (32) = 51,812 (P=0,015); RMSEA = 0,083 (0,037-0,123); CFI = 0,956; 
TLI=0,938; SRMR=0,056), бұл берілген мәндердің құрылымдық жарамдылығын 
және теориялық үш факторлы модельдің эмпирикалық деректерге сәйкестігін 
көрсетеді. Αл жалпы коэффициенті (0,866 (0,820-0,904)), жартылай бөліну 
коэффициенті (0,891 (0,834-0,928)) және корреляцияланған пункттердің орташа 
коэффициенті (0,39) сауалнаманың ішкі сәйкестігін көрсетеді.
Эксперименттік әсер басталғанға дейін жүргізілген сауалнама нәтижелері 
23-кестеде келтірілген.
Кесте 23 – «Global Competence Scale for graduate students» әлемді тану 
дағдысының деңгейінің диагностикасы
Факторлар 
µ (σ) 
бақылау тобы
(n = 45) 
эксперименттік топ 
(n = 45) 



I. Әлемді тану 
1,73 (0,99) 
1,64 (0,99) 
Өз елімнен басқа, мен кем дегенде бір басқа елдің 
тарихы мен географиясымен таныспын. 
2,69 (0,95) 
1,62 (0,91) 
Өз елімнен басқа, мен кем дегенде бір басқа елдің 
саяси -экономикалық жүйесімен таныспын 
4,58 (1,03) 
1,47 (1,06) 
Өз елімнен басқа, мен кем дегенде бір басқа елдің 
тілі, мәдени нормалары, діні, нанымдары мен әдет-
ғұрыптарымен таныспын 
2,93 (0,96) 
3,84 (0,98) 
II. Жаһандануды білу
1,67 (0,96) 
1,63 (0,96) 
Мен жаһандану феноменін және оның даму 
тенденцияларын түсінемін. 
1,56 (0,99) 
4,53 (1,06) 
Мен жаһанданудың елдің дамуына, қоғамның жеке 
өмір салтына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына 
әсерін түсінемін. 
4,69 (0,92) 
3,71 (0,97) 
Мен халықаралық ұйымдар мен институттардың 
қазіргі әлем мен қоғамдағы рөлін түсінемін. 
4,78 (1,02) 
1,60 (0,89) 
Мен жаһандық оқиғалар мен халықаралық іс- 
шараларға назар аударамын. 
1,67 (0,90) 
4,69 (0,95) 


110 
23-кестенің жалғасы 



III.
Ғылыми эрудиция 
1,57 (0,96) 
1,53 (1,04) 
Мен өзімнің білім алу немесе кәсіби саламдағы 
халықаралық танылған теориялар мен ғылыми 
мектептермен таныспын. 
1,62 (1,01) 
1,51 (1,06) 
Мен өзімнің білім алу немесе кәсіби саламдағы 
озық халықаралық зерттеу мәселелерімен, 
мәселелерімен және теорияларымен таныспын. 
1,47 (0,87) 
4,58 (1,03) 
Мен өзімнің білім алу немесе кәсіби саламдағы 
негізгі халықаралық танылған зерттеу әдістерін 
білемін. 
4,62 (1,01) 
4,51 (1,06) 
Ескерту – Анықтаушы эксперимент 
Әр 
респонденттің 
сауалнамасының 
нәтижелері 
үшін 
орташа 
арифметикалық мән есептелді: төмен (1-2 балл), орташа (3 балл) және жоғары 
(4-5 балл). Сауалнаманың мазмұны қосымшада көрсетілген (Қосымша Ж). 
Факторлардың әрқайсысы бойынша топтар арасындағы айырмашылықтар 
16-суретте көрсетілген. 
Сурет 16 – Анықтау эксперимент кезеңіндегі «Әлемді тану» сауалнамасының 
шкаласы бойынша мәндер 
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара 
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік 
маркерлер) көрсетеді. Тікбұрышты жақшалардың үстінде P мәндері орналасқан 
(екі таңбалы t-тест). 
Диагностикалық жұмыс бойынша алынған нәтижелердің деңгей бойынша 
жіктелуі төмендегі 24-кестеде көрсетілген. 


111 
Кесте 24 – Әлемді тану көрсеткіші бойынша диагностика нәтижелері 
Фактор 
Топ 
Деңгей 
төмен 
орта 
жоғары 
Әлемді тану 
Бақылау тобы 
Сандық/пайыздық 
23/51% 
8/18% 
13/31% 
Эксперименттік топ 
Сандық/пайыздық 
26/58% 
4/9% 
15/33% 
Білімгерлердің әлемді тану дағдысының деңгейін анықтауға бағытталған 
сауалнама нәтижелерін талдай отырып, біз, диагностика нәтижелері бойынша 
БТ мен ЭТ әлемді тану компоненті бойынша үлкен айырмашылық 
айқындалмағанын байқаймыз. Осылайша, орташа арифметикалық мәнге сәйкес, 
БТ бойынша төмен деңгейді 23 респондент көрсетті, ал ол барлық қатысқан 45 
респонденттің 51%-ын құрайды, ЭТ бойынша бұл сәйкесінше − 26 респондентті 
құрайды (58%). Бұл дегеніміз шиеленістерді шешу дағдысының екі топта да 
төмен деңгейін айқын көрсетеді. Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша
әлемді тану тұрғысынан орта деңгейді көрсеткен жалпы білімгерлер саны − 12, 
оның 8 (18%) – БТ-ға, ал 4 (9%) – ЭТ-ға тиесілі. Сауалнама нәтижелеріне 
сәйкес, әлемді тану дағдысы бойынша жоғары деңгейді көрсеткен 
респонденттердің пайызы БТ тек − 31%, ЭТ − 33% құрайды, екі топтан өзін-өзі 
дамыту компоненті жоғары деңгейін көрсеткен жалпы респонденттер саны − 28 
білімгерді құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет