Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет40/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
29.05.2023 dis

7. Дүниетанымдық құзырет блогының шет тілін меңгеру көрсеткішінің 
диагностикасы 
Шет тілдерін меңгеру дағдысының бастапқы деңгейін анықтау үшін 
«Global Competence Scale for graduate students» сауалнамасы таңдалды (Liu et 
al., 2020). Қолданылған құралда бес балдық Лайкерт шкаласы бойынша 
бағаланатын 6 мәлімдеме бар. Негізгі компоненттерді таңдауды қолдана 
отырып, эксплуатациялық факторлық талдау нәтижесінде сауалнама үшін 
факторлардың оңтайлы саны 1 екендігі анықталды. Промакс-ротация әдісі бір 
факторлы құрылым жалпы дисперсияның 59,87%-ын құрайтынын анықтады. 
Растау факторлық талдау арқылы сауалнаманың бір факторлы құрылымы 
расталды: барлық тармақтар факторға қолайлы жүктемелермен сипатталды 
(0,565 - 0,941). Модельдің барлық көрсеткіштері ұсынылған мәндерге сәйкес 
келді (χ2 (9) = 26.766 (P = 0.002); RMSEA = 0.148 (0.085-0.214); CFI = 0.944; TLI 
= 0,907; SRMR = 0,049), және жалпы коэффициент α (0,894 (0,857-0,925)), 
жартылай бөліну коэффициенті (0,906 (0,858-0,939)) және корреляцияланған 
тармақтардың орташа көрсеткіші (0,50) сауалнаманың ішкі сәйкестігін 
көрсетеді. Эксперименттік әсер басталғанға дейін жүргізілген сауалнама 
нәтижелері 27-кестеде келтірілген.


114 
Кесте 27 – «Global Competence Scale for graduate students» шет тілін меңгеру 
көрсеткіші деңгейінің диагностикасы
Пункттер 
µ (σ) 
бақылау 
тобы (n = 45) 
эксперименттік 
топ (n = 45) 
Мен әртүрлі мәдениеттердегі адамдармен қарым-
қатынас кезінде ортақ тілде тез тілдесе аламын. 
3,56 (0,97) 
3,82 (0,81) 
Мен оқу немесе кәсіп саласында шетел әдебиетін оңай 
түсіне аламын. 
3,42 (1,03) 
3,73 (0,75) 
Кәсіби әдебиеттерді түсінудегі қиындықтарға тап 
болған кезде мен бастама көтеріп, автормен 
байланысып, кеңес ала аламын. 
3,42 (0,89) 
3,44 (0,94) 
Мен өзімнің ғылыми кеңесшіммен бірге SCI, SSCI, 
ISTP, EI және басқа индекстелген журналдарда неме се 
конференцияларда мақалалар жариялауға күш салдым 
1,31 (0,97) 
1,04 (1,11) 
Мен халықаралық академиялық конференцияларда 
зерттеу мәселелерін талқылау үшін шетелдік 
ғалымдарды белсенді түрде іздей аламын. 
1,18 (1,03) 
1,27 (1,10) 
Мен халықаралық академиялық конференцияларда 
шетелдік ғалымдармен зерттеу мәселелерін оңай 
талқылай аламын. 
1,27 (1,12) 
1,18 (1,07) 
Ескерту – Анықтаушы эксперимент 
Әр 
респонденттің 
сауалнамасының 
нәтижелері 
үшін 
орташа 
арифметикалық мән есептелді: төмен (1-2 балл), орташа (3 балл) және жоғары 
(4-5 балл). Сауалнаманың мазмұны қосымшада көрсетілген (Қосымша К). 
Сауалнама нәтижелеріндегі топтар арасындағы айырмашылықтар 18-
суретте көрсетілген. 
Сурет 18 − Анықтаушы эксперимент кезеңіндегі «Шет тілін меңгеру» шкаласы 
бойынша мәндер 


115 
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара 
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік 
маркерлер) көрсетеді. Тікбұрышты жақшаның үстінде P мәні орналасқан (екі 
таңбалы t-тест). 
Диагностикалық жұмыс бойынша алынған нәтижелердің деңгей бойынша 
жіктелуі төмендегі 28-кестеде көрсетілген. 
Кесте 28 – Шет тілін меңгеру көрсеткіші бойынша диагностика нәтижелері 
Фактор 
Топ 
Деңгей 
төмен 
орта 
жоғары 
Шет тілін меңгеру 
Бақылау тобы 
Сандық/пайыздық 
26/58% 
10/22% 
9/20% 
Эксперименттік топ 
Сандық/пайыздық 
24/53% 
9/20% 
12/27% 
Білімгерлердің шет тілін меңгеру көрсеткіші деңгейін анықтауға 
бағытталған сауалнама нәтижелерін талдай отырып, біз, диагностика 
нәтижелері бойынша БТ мен ЭТ әлемді тану компоненті бойынша үлкен 
айырмашылықтар 
айқындалмағанын 
байқаймыз. 
Осылайша, 
орташа 
арифметикалық мәнге сәйкес, БТ бойынша төмен деңгейді 26 респондент 
көрсетті, ал ол барлық қатысқан 45 респонденттің 58%-ын құрайды, ЭТ 
бойынша бұл сәйкесінше − 24 респондентті құрайды (53%). Бұл дегеніміз шет 
тілін меңгеру дағдысының екі топта да төмен деңгейін айқын көрсетеді. 
Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша шет тілін меңгеру тұрғысынан 
орта деңгейді көрсеткен жалпы білімгерлер саны 19, оның 10 (22%) – БТ-ға, ал 
9 (20%) – ЭТ-ға тиесілі. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, шет тілін меңгеру 
дағдысы бойынша жоғары деңгейді көрсеткен респонденттердің пайызы БТ тек 
− 20%, ЭТ − 27% құрайды, екі топтан шет тілін меңгеру компоненті жоғары 
деңгейін көрсеткен жалпы респонденттер саны 21 білімгерді құрайды, ал ол 
жалпы анықтаушы экспериментке қатысқан 90 білімгердің 23%.
Сонымен, төмендегі диаграммаға сүйене отырып, дүниетанымдық 
құзырет блогына кіретін 3 көрсеткіштің (әлемді тану, мәдениетаралық 
коммуникация және шет тілін меңгеру) диагностика нәтижелері бойынша 
дайындық деңгейлерін тұжырымдауға болады (19-сурет).
Берілген 
диаграммадағы 
нәтижелерге 
сүйене 
отырып, 
келесі 
қорытындылырды жасай аламыз: инновациялық және толеранттылық 
құзыреттердің көрсеткіштер деңгейімен салыстырғанда, дүниетанымдық 
құзыретке тиесілі үш көрсеткіштің деңгейлері біршама жоғары. Мысалы, БТ 
мен ЭТ төмен деңгейдің пайыздық көрсеткіш ауқымы 47 бен 53% аралығында, 
ал жоғары деңгейде 20 бен 33% аралығында. Әсіресе, шет тілін меңгеру 
бойынша көрсеткіш басқаларына қарағанда жоғарылау, алайда бұндай 
көрсеткіштің өзі жаһандану жағдайында заман талабына сәйкес шет тіліндегі 
ақпаратты қабылдап, өз ойымен бөлісу үшін жеткіліксіз. Сондықтан да, біз 


116 
ұсынған құзыретер кешені мен оларға тиесілі көрсеткіштерді дамыту бойынша 
ауқымды жұмыс жүргізілу қажеттігі расталды.
Сурет 19 – Дүниетанымдық құзырет блогының әлемді тану, мәдениетаралық 
коммуникация және шет тілін меңгеру көрсеткіштері деңгейін анықтау 
бойынша диагностикалық жұмыстың нәтижелері 
Алынған мәліметтерді талдау болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін тиімді дамытуға ықпал ететін әдістемені жасау қажеттілігін 
көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет