Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет47/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
29.05.2023 dis

 
Тапсырма №1.
Туризмнің дамуы ағылшын тілінің әлемдегі ең маңызды тілге айналуына 
үлес қосуда. Кейбір адамдардың ойынша, бұл тенденция ағылшын тілінің 
жаһандағы жалғыз тілге айналуына алып келуі мүмкін.
Берілген тұжырымдамаға SWOT analysis тәсілі арқылы талдау 
жасаңыз.
Қатысушылар үйренеді: 
– нақты мақсат қоюды; 
– зерттеудің басым бағыттарын анықтауды; 
– инновациялық ұйымдастырушылық шешімдерді енгізуді; 
– мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалануды. 
2. Қолданылатын тәсіл: Project-based learning (жоба негізінде білім беру). 
Жоба негізінде білім беру (PBL) бұл – білімгерлерге бағытталған педагогика, ол 
нақты мәселелерді белсенді түрде зерттеу арқылы білімгерлердің терең білім 
алуына бағытталған сабақ барысында динамикалық әдіс-тәсілдерді ұстанатын 
білім берудегі инновациялық тәсіл. Білімгерлер күрделі сұрақты, қиындықты 
немесе мәселені зерттеу және жауап іздеу үшін ұзақ уақыт жұмыс жасау 
арқылы тақырыпты тереңірек зерттейді.
Біз өзіміздің тренингтік бағдарламада Pam Grossman (2019) бастаған бір 
топ зерттеушілері практик-педагогтармен жүргізген ғылыми зерттеу 
жұмыстарының 
нәтижесінде 
ұсынған 
«Жобалық 
оқытудың 
негізгі 
тәжірибелері» аты моделін негізге аламыз (25-сурет). 
S
•Сапалы академиялық бағдарламалар мен білімгерлерге арналған қызмет 
түрлері
•Бағдарламалардың халықаралық қолдауға ие болуы
W
•Ескірген нысандар
•Қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі
O
•Кеңейтілген жаһандық бағыт / серіктестік
•Жаңа жатақханалар
T
•Бәсекелестік
•Мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруы


131 
Сурет 25 – «Жобалық оқытудың негізгі тәжірибелері» моделі 
Жоғарыда көрсетілген модельге сәйкес біз тәжірибелі мұғалімдердің 
зерттеу жобаларына негізделген оқытудың төрт мақсатымен мен байланысты 
негізгі әдістерін сипаттаймыз. Сондай-ақ, біз осы әдістерді жобаларға 
негізделген сыныптарда қолданудың мысалдарын келтіреміз, мұғалімдердің 
төрт оқу мақсатына жету үшін осы негізгі әдістерді қолдана алатын бірнеше 
тәсілдерін суреттейміз. 
Тапсырма №1. Берілген жаһандық мәселе бойынша өзіңіздің шешу 
жолдарыңызды ұсыныңыз.
Жаһандық өзгерістер институтының ресми сайтында жарияланған 
«Hunger in Africa Is Getting Worse – Here’s Why» атты мақаласында БҰҰ-ның 
«2020 жылға арналған әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану жағдайы» 
атты баяндамасын жариялады. Баяндамада Африкадағы аштықтың басты 
себептері көрсетілген. Баяндаманың толық нұсқасын https://institute.global/ 
advisory/hunger-africa-getting-worse-heres-why сілтемесі арқылы оқып, аштықты 
алдын алу жолдарын ұсыныңыз. 
Ағылшын тілін білмейтін қатысушыларға мақаланың қазақ, орыс 
тілдеріндегі аудармасы ұсынылады.
Қатысушылар үйренеді: 
– зерттеуді қажет ететін үлкен және ашық сұрақтар немесе мәселелерге 
тыңғылықты назар аударуды; 
• Білімгерлерге әлеммен жеке байланыс 
орнатуға қолдау көрсету
• Білімгерлерге әлемге өз үлестерін қосуға 
қолдау көрсету
Түпнұсқалық
• Білімгерлерді пән аясындағы мазмұнға бағыттау
• Білімгерлерді тәртіптік практикаға тарту
Тәртіптік
• Білімгерлерге таңдау жасауға көмектесу
• Білімгерлерді ынтымақтастыққа ынталандыру
Ынтымақтастық
• Білімгерлерді терең ойлау және қайта қарауға 
ынталандыру
• Білімгерлердің үлгерімін қадағалау және кері 
байланыс беру
Қайталанбалы


132 
– сыни ойлау, коммуникация серіктестік, креативтілік сынды 21 ғасыр 
дағдыларын қолдануды; 
– зерттеу мәселесімен, үрдісімен, тәсілдерімен және нәтижелерімен 
шынайы ғылыми зерттеу жұмысы немесе шынайы жоба ретінде таныстыруды 
және конструктивті критиканы қабылдай білуді.
Төртінші сабақ жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігін дамытудағы «инновациялық құзырет» блогының 
«кәсіпкерлік» компонентіне арналған. 
Тренингтік бағдарламаның төртінші сабағының мақсаты – болашақ 
мамандардың жаһандану жағдайында кәсіби қызметіндегі кәсіпкерлік 
дағдысының маңыздылығын ашып, оны дамыту бойынша жаттығулар кешенін 
ұйымдастыру. 
Қолданылатын тәсіл – Case study (Кейс стади). Кейс стади – көптеген 
пәндерді оқытуда педагогиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Кейстар 
озық тәжірибені суреттеу, құралдарды қолдану, талқылауға шақыру, шешім 
қабылдауды жеңілдету, сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту 
сияқты бірқатар мақсаттарда қолданылады. 
Кейспен жұмысты ұйымдастыру 
1. Дайындық кезеңі 
Жаңа жағдайда шешім қабылдау, әрекет ету тәжірибесінің пайда болуы. 
Негізгі міндет – оқытушы кейс үшін материалды оңтайлы таңдауды 
жасау; 
1) қосымша және қосалқы кейс үшін материал; 
2) проблемалық жағдаяттарды шешу нұсқалары әзірленеді; 
3) тренинг қатысушыларын жаңа жұмыс түріне дайындау. 
2. Бірлескен қызметке кірісу кезеңі 
Негізгі міндет − бірлескен жұмысқа деген мотивацияны қалыптастыру 
қатысушылардың инициативаларын арттыру . 
1) тренинг қатысушыларына мәтін таратылады; 
2) істің негізгі мәселесі анықталады. 
3. Бірлескен қызметті ұйымдастыру кезеңі 
Негізгі міндет: мәселелер шешу бойынша қызметті ұйымдастыру, іс-
шаралар шағын топтарда немесе жеке ұйымдастырылуы мүмкін. 
1) тренинг қатысушылары топтарға бөлінеді және бөлінген уақыт 
аралығында сұрақтарға жауап береді; 
2) тренинг қатысушылары жеке жауаптарды презентация үшін бірыңғай 
позицияда жасайды; 
3) шешіммен таныстыратын спикер таңдалады; 
4) шешімнің мазмұндық жағы, презентацияның техникалық жағы 
бағаланады; 
5) оқытушы жалпы дискусты ұйымдастырады және бағыттайды 
4. Бірлескен қызметті талдау мен рефлексияның кезеңі 
Негізгі мақсат − кейспен жұмыс істеудің білім беру және оқу нәтижелерін 
көрсету. 
1) сабақты ұйымдастырудың тиімділігі талданады; 


133 
2) одан әрі жұмыс істеу үшін міндеттер қойылады; 
3) оқытушы пікірталасты аяқтайды, топтардың жұмысын талдайды, 
қорытынды шығарады. 
Тапсырма  1 
«Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатысының ресми сайтынан 
алынған «Тез тамақтану кафесі» бизнес жоспары https://atameken.kz/uploads/ 
content/files/6_Дәмхана(1).pdf.
1. Берілген бизнес жоспарды талдаңыз. 
2. Ұсынылған бизнес жоспарды жақсарту бойынша ұсыныстар беріңіз. 
Қатысушылар үйренеді: 
– белгісіздік жағдайында дұрыс шешім қабылдау; 
– шешім қабылдау алгоритмін әзірлеу; 
– жағдайды зерттеу дағдыларын меңгеру; 
– іс-қимыл жоспарын әзірлеу; 
– алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану; 
– басқа мамандардың көзқарасын ескеру. 
Қолданылатын әдіс: Fishbone (Фишбоун). Фишбоун әдісі бұл – 
проблемаларды түсінуге, оларды шешу тәсілдеріне және білім беру міндеттерін 
қоюға негізделген мақсат қою әдісі. Бұл әдіс – балық қаңқасы түріндегі 
схемалық диаграммаға негізделген, ол белгілі бір объектіні немесе құбылысты 
талдау барысында анықталған проблемалардың себептерін және тиісті 
қорытындылар мен талқылау нәтижелерін нақты көрсетуге мүмкіндік береді 
(26-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет