136
Кесте 30 – Ақпарат көзін талдау
Дереккөздің
беделі
Ақпарат сенімді, беделді адамнан немесе ұйымнан келе ме?
Маңыздылығы жоғары немесе сенсация қуды ма? Жаңалықтар көзін
кім қаржыландырады?
Көздері
Сұрақ мұқият зерттелді ме? Хабарлама бір көзге негізделген бе?
Қандай көздер алынды: сенімді, адал, объективті? Олар ашық пікірде
ме, әлде фактілерді біржақты көрсете ме?
Мақсаты
Өзіңізден: «Берілген жаңалықтың мақсаты қандай:
ақпараттандыру
немесе көңілді аударту ма? Жарнама жасау немесе аудиторияны
біреудің жағына шығаруға шақыру қажет пе?»
Сарын
Егер жаңалықтардың сарыны негативті, сыни бағытта болса, онда бұл
дұрыс дәлелдер емес, біреуге жала жабу мақсатында болуы мүмкін.
Сенімділік
Ақпарат басқа көздерде ұсынылған ақпаратқа сәйкес келе ме ?
Өзектілік
Бұл ақпарат сенімді, жақында шыққан ба? 20 жыл бұрын болған
шындық бүгінде ескіруі мүмкін. Қазіргі жылдам өзгеретін жаһандану
жағдайында
оқиғалар жылдам дами берсе, қазіргі уақытта бұл
ақпаратқа толықтай сеніммен қарауға бола ма?
Бұған қоса сізге қарама-қарсы пікірді қолдау үшін де бір дәлел келтіру
қажет.
Қатысушылар үйренеді:
– фактілерді пікірлерден ажыратуды;
– дұрыс диалог құруды;
– маңызды және объективті дәлелдерді таңдауды;
– біреудің көзқарасын құрметтеуді;
– оқиғаның толық және айқын көрінісін қалыптастыру үшін қажетті,
сенімді ақпаратты іздеуді және табуды.
Жетінші сабақ жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың
кәсіби құзыреттілігін дамытудағы «толеранттылық құзырет» блогының
«Конфликтті шешу» компонентіне арналған.
Тренингтік бағдарламаның жетінші сабағының мақсаты: болашақ
мамандардың жаһандану жағдайында кәсіби қызметіндегі «Конфликтті шешу»
дағдысының маңыздылығын ашып, оны дамыту бойынша жаттығулар кешенін
ұйымдастыру.
Қолданылатын тәсіл –
Problem- based learning (Мәселеге бейімдеп
оқыту). Мәселеге бейімдеп оқыту бұл − студенттерге бағытталған педагогика,
онда студенттер оқу материалында кездесетін ашық мәселені шешу тәжірибесі
арқылы тақырыпты толықтай ашып үйренеді.
Тапсырма 1. Neil Katz &Kevin McNulty ұсынған «Конфиктті шешу
моделі» (Conflict Resolution Model) сәйкес келесі сызбасы бойынша конфликтті
шешуге тырысыңыз (27-сурет).
137
Сурет 27 − Конфиктті шешу моделі
«Әріптес оқытушы екеуміз ағылшын тілі мамандығының екінші курс
студенттеріне ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырма құрастырдық.
Өзара келісім бойынша білімгерлер 4-5 беттен тұратын ғылыми жұмыс өткізуі
қажет болды, алайда әріптесім талапты өзгертіп өз тобының білімгерлерінен 2
беттен тұратын жұмыстарды қабылдап, бұған қоса білімгерлерге берілетін
уақыт мөлшерін ұзартқаны белгілі болды. Бұл менің тобымның білімгерлерінің
наразылығын тудырып, олар маған түрлі сұрақтармен шағымдана бастады».
Қатысушылар үйренеді:
– жанжалды конструктивті (бірлескен) жолмен шешуді;
– тараптардың ұстанымдары мен уәждерін дәл түсінуге, мүдделерінің
заңдылығын тануға және екі жақтың қажеттіліктерін ескеретін шешім іздеуді.
Қорыта
айтқанда, жүргізілген элективті курс, тренингтік бағдарлама мен
аудиториядан тыс жұмыстарының ұйымдастырылуы болашақ педагог-
психологтардың жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілігін дамытуға үлкен
ықпал етеді деп есептейміз. Себебі, аталған жұмыстар барысында
ұйымдастырылған case study, project-based learning, problem-based learning,
SWOT
analysis, Fishbone method, жаттығулар, рөлдік ойындар, іскерлік
ойындар, пікірталастар,
әңгімелер, визуализация және т.б сынды білім беру
саласына негізделген іс-шараларға қатысу арқылы білімгерлер өздерінің кәсіби
құзыреттілігін жаһандық талартарға сәйкес дамытты.
Достарыңызбен бөлісу: