Толеранттылық құзырет блогының шиеленістерді шешу дағдысы
бойынша эксперименттік жұмыс нәтижелері
Эксперименттен кейінгі сауалнама нәтижелерінің растаушы факторлық
талдауы сауалнаманың төрт өлшемді құрылымының сәйкестігін растады:
барлық нүктелер сауалнама құрылымының кейінгі моделінің диаграммасында
көрсетілген тиісті факторларға жеткілікті жүктемелерге ие болды (43-сурет).
Факторларға (дөңгелектер) пункттердің факторлық жүктемелері
(тіктөртбұрыштар) бағыттаушылардың ортасында көрсетілген.
155
Сурет 43 – «Everyday Multicultural Competencies/ethnocultural Empathy Revised
Scale» сауалнамасы құрылымының эксперименттен кейінгі моделі
Модельдің жарамдылық индекстерінің барлығы бірдей қанағаттанарлық
емес (χ2 (129) = 175,711 (p = 0,004); RMSEA = 0,063 (0,037 - 0,086); CFI = 0,80;
TLI=0,763; SRMR = 0,087), алайда жалпы коэффициент α (0,736 (0,649 - 0,809)),
жартылай бөліну коэффициенті (0,820 (0,727 - 0,882)) және корреляцияланған
тармақтардың орташа көрсеткіші (0,15) сауалнаманың ішкі сәйкестігін
көрсетеді. Эксперименттік әсер ету аяқталғаннан кейін жүргізілген сауалнама
нәтижелері 41-кестеде келтірілген.
Кесте 41 – «Dutch Test of Conflict Handling» шиеленістерді шешу дағдысының
деңгейінің диагностикасы
Факторлар
µ (σ)
бақылау тобы
(n = 45)
эксперименттік
топ (n = 45)
1
2
3
I. Ынтымақтастық
3,30 (0,99)
3,46 (0,96)
Мені және өзге тарапты қанағаттандыратын шешімді
қабыламас бұрын мен мәселені жан-жақты саралаймын
3,29 (1,04)
3,36 (0,98)
Мен ортақ компромис табудың қажеттілігін жақсы
түсінемін
3,31 (0,92)
3,51 (1,01)
Мен мәселені өзімнің және өзгелердің пайдасына шешу
үшін барынша тырысамын
3,20 (1,06)
3,33 (0,95)
Мен оптималды шешімді қабылдау үшін мәселені
екіжақты қарастырамын
3,31 (0,90)
3,44 (0,94)
Мен 50/50 компромисын табу үшін барынша тырысамын
3,36 (1,07)
3,40 (0,96)
Мен екі жақтан да талаптан шегінудің болуын
қадағалаймын
3,27 (1,03)
3,58 (1,01)
Мен алтын ортаны табуға тырысамын
3,36 (0,98)
3,62 (0,91)
II. Жалтару
3,26 (1,05)
3,17 (1,07)
Мен басқаларға қарсы тұрмауға тырысамын
3,27 (0,94)
3,22 (0,95)
156
41-кестенің жалғасы
1
2
3
Мен пікірлердің әртүрлігінен сескенемін
3,20 (1,10)
3,11 (1,09)
Мен біздің әртүрлігімізге қатысты шиеленістерден
аулақпын
3,31 (1,12)
3,18 (1,17)
III. Көнгіштік
3,31 (0,96)
3,34 (0,91)
Мен өзге тараптың мақсат-мүдделеріне бейімделемін
3,31 (1,08)
3,27 (1,07)
Мен өзге тараптың қызығушылыңын бірінші орынға
қоямын
3,53 (0,81)
3,58 (0,81)
Мен өзге тарапқа қол ұшымды созуға тырысамын
3,09 (0,97)
3,18 (0,89)
Мен өзге тараппен толықтай келісемін
3,31 (0,95)
3,36 (0,80)
IV.Табандылық
3,34 (0,99)
3,56 (1,06)
Мен үнемі өз пайдамды іздеймін
3,22 (1,04)
3,36 (1,09)
Мен өзіме жағымды нәтиже шығару үшін барынша
күресемін
3,24 (0,96)
3,44 (1,08)
Мен барлығын жеңу мақсатында жасаймын
3,38 (1,09)
3,64 (1,07)
Мен өз көзқарасымды қорғаймын
3,53 (0,84)
3,78 (0,97)
Ескерту – Қорытынды эксперимент
Әрбір респонденттің сауалнама нәтижелері үшін орташа арифметикалық
мән есептелді, ол төмен (1-2 балл), орташа (3 балл) немесе жоғары (4-5 балл)
деп түсіндірілді.
Факторлардың әрқайсысы бойынша топтар арасындағы айырмашылықтар
44-суретте көрсетілген.
Сурет 44 – Эксперименттен кейін «Dutch Test of Conflict Handling»
сауалнамасының шкаласы бойынша мәндер
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік
маркерлер) көрсетеді. Тікбұрышты жақшалардың үстінде P мәндері орналасқан
(екі таңбалы t-тест).
157
Төмендегі 42-кестеде анықтаушы және қорытынды эксперимент
кезеңіндегі шиеленістерді шешу дағдысын диагностикалау бойынша алынған
нәтижелердің деңгей бойынша жіктелуі мен топтар арасындағы айырмашылық
көрсетілген.
Кесте 42 – Шиеленістерді шешу көрсеткішін диагностикалау бойынша алынған
нәтижелердің деңгей бойынша жіктелуі мен топтар арасындағы айырмашылық
Фактор
Деңгейлер
Бастапқы тексеру
Сандық/пайыздық
Қорытынды тексеру
Сандық/пайыздық
бақылау
тобы
экспери
менттік топ
айырма
шылық
бақылау
тобы
экспери
менттік топ
айырма
шылық
Шиеленіс
терді шешу
Төмен
29/64%
31/68%
4%
24/53%
10/22%
31%
Орта
10/22%
7/16%
6%
12/29%
16/36%
7%
Жоғары
6/14%
7/16%
2%
9/20%
19/42%
22%
Берілген нәтижелерге сүйене отырып, біз, келесі қорытындылар
жасаймыз: біріншіден, бастапқы тексеру нәтижесінде БТ мен ЭТ білімгерлердің
арасында ешбір деңгей бойынша айтарлықтай айырмашылықтар болмаған.
Қорытынды тексерудің нәтижелері төмен деңгей мен жоғары деңгейдегі
айтарлықтай өзгерістерді байқатады. Мысалы, бастапқы тексеруде төмен
деңгейдегі айырмашылық небәрі 4% болса, қорытынды тексеруде 31%-ды
құрады,
сондай-ақ жоғары деңгей бойынша анықтаушы эксперименттегі топтар
арасындағы айырмашылық
2%
ғана болса, қорытынды эксперимент
көрсеткішіне сәйкес 22%-ға жеткен. Бұл қалыптастырушы эксперименттің
тиімділігін айқындай түседі. Әр деңгей бойынша өзгеріс векторлары келесі 45-
суретте көрсетілген.
а ә
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ
Сурет 45 – Шиеленістерді шешу көрсеткішінің эксперимент басталғанға дейін
(әр суреттің сол жақ секциясы) және одан кейін (оң жақ секция) бақылау және
эксперименттік топтарының деңгейлік көрсеткіштері
158
Осылайша, эксперименттік топ мүшелері шиеленістерді шешу қабілетінің
деңгейін бақылау тобындағы студенттерге қатысты барлық факторлар бойынша
статистикалық тұрғыдан жоғары (P<0,05) бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: |