Дүниетанымдық құзырет блогының әлемді тану көрсеткіші бойынша
эксперименттік жұмыс нәтижелері
Эксперименттен кейінгі сауалнаманың нәтижелерін растау факторлық
талдауы сауалнаманың үш өлшемді құрылымының сәйкестігін растады: барлық
нүктелер сауалнама құрылымының кейінгі моделінің диаграммасында
көрсетілген тиісті факторларға жеткілікті жүктемелерге ие болды (46-сурет).
Сурет 46 – «Әлемді тану» сауалнамасы құрылымының эксперименттен кейінгі
моделі
Факторларға (дөңгелектер) пункттердің факторлық жүктемелері
(тіктөртбұрыштар) бағыттаушылардың ортасында көрсетілген.
Модельдің жарамдылық көрсеткіші жалпы қанағаттанарлық болды (χ
2
(32) = 48.290 (p = 0.032); RMSEA = 0.075 (0.023 - 0.116); CFI = 0.961; TLI =
0.946; SRMR = 0.058), бұл конструкцияның құрылымдық дұрыстығын және
теориялық бір факторлы модельдің эмпирикалық мәліметтерге сәйкестігін
дәлелдейді. Жалпы коэффициент α (0,728 (0,635 - 0,804)), жартылай бөліну
коэффициенті (0,868 (0,798 - 0,913)) және корреляцияланған пункттердің
орташа көрсеткіші (0,21) сауалнаманың ішкі сәйкестігін көрсетеді.
Эксперименттік әсер ету аяқталғаннан кейін жүргізілген сауалнама нәтижелері
43-кестеде келтірілген.
Әрбір респонденттің сауалнама нәтижелері үшін орташа арифметикалық
мән есептелді: ол төмен (1-2 балл), орташа (3 балл) және жоғары (4-5 балл) деп
түсіндірілді.
Факторлардың әрқайсысы бойынша топтар арасындағы айырмашылықтар
47-суретте көрсетілген.
159
Кесте 43 – «Әлемді тану» көрсеткішінің деңгейінің диагностикасы
Факторлар
µ (σ)
бақылау
тобы (n = 45)
эксперименттік
топ (n = 45)
I. Әлемді тану
1,73 (0,99)
1,64 (0,99)
Өз елімнен басқа, мен кем дегенде бір басқа елдің
тарихы мен географиясымен таныспын.
2,69 (0,95)
1,62 (0,91)
Өз елімнен басқа, мен кем дегенде бір басқа елдің саяси
-экономикалық жүйесімен таныспын
4,58 (1,03)
1,47 (1,06)
Өз елімнен басқа, мен кем дегенде бір басқа елдің тілі,
мәдени нормалары, діні, нанымдары мен әдет-
ғұрыптарымен таныспын
2,93 (0,96)
3,84 (0,98)
II. Жаһандануды білу
1,67 (0,96)
1,63 (0,96)
Мен жаһандану феноменін және оның даму
тенденцияларын түсінемін.
1,56 (0,99)
4,53 (1,06)
Мен жаһанданудың ел дамуына, қоғамның жеке өмір
салтына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына әсерін
түсінемін.
4,69 (0,92)
3,71 (0,97)
Мен халықаралық ұйымдар мен институттардың қазіргі
әлем мен қоғамдағы рөлін түсінемін.
4,78 (1,02)
1,60 (0,89)
Мен жаһандық оқиғалар мен халықаралық іс- шараларға
назар аударамын.
1,67 (0,90)
4,69 (0,95)
III.
Ғылыми эрудиция
1,57 (0,96)
1,53 (1,04)
Мен өзімнің білім алу немесе кәсіби саламдағы
халықаралық танылған теориялар мен ғылыми
мектептермен таныспын.
1,62 (1,01)
1,51 (1,06)
Мен өзімнің білім алу немесе кәсіби саламдағы озық
халықаралық зерттеу мәселелерімен және
теорияларымен таныспын.
1,47 (0,87)
4,58 (1,03)
Мен өзімнің білім алу немесе кәсіби саламдағы негізгі
халықаралық танылған зерттеу әдістерін білемін.
4,62 (1,01)
4,51 (1,06)
Ескерту – Қорытынды эксперимент
Сурет 47 – Эксперименттен кейінгі «Эрудиция» сауалнамасының шкаласы
бойынша мәндер
160
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік
маркерлер) көрсетеді. Тікбұрышты жақшалардың үстінде P мәндері орналасқан
(екі таңбалы t-тест).
Төмендегі 44-кестеде анықтаушы және қорытынды эксперимент
кезеңіндегі әлемді тану дағдысын диагностикалау бойынша алынған
нәтижелердің деңгей бойынша жіктелуі мен топтар арасындағы айырмашылық
көрсетілген.
Кесте 44 – Әлемді тану көрсеткішін диагностикалау бойынша алынған
нәтижелердің деңгей бойынша жіктелуі мен топтар арасындағы айырмашылық
Фактор Дең гейлер
Бастапқы тексеру
Сандық/пайыздық
Қорытынды тексеру
Сандық/пайыздық
бақылау
тобы
экспери
менттік топ
айырма
шылық
бақылау
тобы
экспери
менттік топ
айырма
шылық
Әлемді
тану
Төмен
23/51%
26/58%
7 %
19/42%
6/13%
29%
Орта
8/18%
4/9%
9%
14/31%
13/29%
2%
Жоғары
13/31%
15/33%
2%
12/27%
26/58%
31%
Бастапқы тексеру бойынша БТ мен ЭТ деңгейлер арасында айтарлықтай
айырмашылық болмағанын байқаймыз. Қорытынды тексеру нәтижесіндегі орта
деңгей бойынша да айырмашылық жоқтың қасы. Алайда, қорытынды
эксперименттен алынған сандық және пайыздық көрсеткіштер төмен деңгей
мен жоғары деңгейдегі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Мысалы, ЭТ
бастапқы тексерудегі төмен деңгейінің көрсеткіші 58%
болса, қорытынды
тексеруде күрт төмендеп, бар жоғы 13%-ды көрсеткен, ал екі топ арасындағы
айырмашылық 29%-ды құрады. Дәл солай, жоғары деңгейді көрсеткен ЭТ
қатысушылары бастапқы тексеруде 33% болса, қорытынды тексеруде бұл
көрсеткіш біршама нығайып, 58%-ға жеткен, ал мұндағы екі топ арасындағы
айырмашылық 31%-ды құрады. Берілген нәтижелерге сүйене отырып, біз
әлемді тану дағдысы бойынша ЭТ білімгерлері нәтижеліліктерін біршама
арттырғанын анық көре аламыз. Әр деңгей бойынша өзгеріс векторлары келесі
48-суретте көрсетілген.
Осылайша, эксперименттік топтың қатысушылары жаһандануды түсіну
(P <0,01) және ғылыми әлемді тану (P <0,05) факторлары бойынша бақылау
тобының респонденттерімен салыстырғанда өздерінің әлемді тану көрсеткіші
бойынша деңгейін статистикалық маңызды жоғары бағалады.
161
а ә
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ
Сурет 48 – Әлемді тану көрсеткіші бойынша эксперимент басталғанға дейін (әр
суреттің сол жақ бөлімі) және одан кейін (оң жақ бөлім) бақылау және
эксперименттік топтарының деңгейлік көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |