Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет58/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70
29.05.2023 dis

бойынша эксперименттік жұмыс нәтижелері 
Эксперименттен кейінгі сауалнаманың нәтижелерін растау факторлық 
талдауы сауалнаманың бір өлшемді құрылымының сәйкестігін растады: барлық 
нүктелер анкета құрылымының кейінгі моделінің диаграммасында көрсетілген 
факторға жеткілікті жүктемелерге ие болды (52-сурет). 


165 
Сурет 52 – «Шет тілін меңгеру» сауалнамасы құрылымының эксперименттен 
кейінгі моделі 
Факторларға (дөңгелектер) пункттердің факторлық жүктемелері 
(тіктөртбұрыштар) бағыттаушылардың ортасында көрсетілген. 
Модельдің жарамдылық индекстерінің барлығы бірдей қанағаттанарлық 
емес (χ2 (9) = 18,832 (p = 0,027); RMSEA = 0,110 (0,036 - 0,180); CFI = 0,924; 
TLI = 0,873; SRMR = 0,052), алайда жалпы коэффициент α (0,768 (0,685-0,835)), 
жартылай бөліну коэффициенті (0,765 (0,642 - 0,846)) және корреляцияланған 
тармақтардың орташа көрсеткіші (0,35) сауалнаманың ішкі сәйкестігін 
көрсетеді. Эксперименттік әсер ету аяқталғаннан кейін жүргізілген сауалнама 
нәтижелері 47-кестеде келтірілген. 
Кесте 47 – Шет тілін меңгеру дағдысының деңгейінің диагностикасы
Пункттер 
µ (σ) 
бақылау тобы 
(n = 45) 
эксперименттік 
топ (n = 45) 



Мен әртүрлі мәдениеттердегі адамдармен қарым-
қатынас кезінде ортақ тіл тез таба аламын. 
3,73 (1,03) 
3,84 (1,09) 
Мен оқу немесе кәсіп саласында шетел әдебиетін оңай 
түсіне аламын. 
3,82 (0,96) 
4,11 (0,93) 
Кәсіби әдебиеттерді түсінудегі қиындықтарға тап 
болған кезде мен бастама көтеріп, автормен 
байланысып, кеңес ала аламын. 
3,60 (1,12) 
3,84 (0,90) 
Мен өзімнің басшыларыммен бірге SCI, SSCI, ISTP, EI 
және басқа индекстелген журналдарда немесе 
конференцияларда мақалалар жариялауға күш салдым. 
3,60 (1,10) 
3,93 (1,03) 
Мен халықаралық академиялық конференцияларда 
зерттеу мәселелерін талқылау үшін шетелдік 
ғалымдарды белсенді түрде іздей аламын. 
3,58 (1,10) 
3,82 (1,05) 


166 
47-кестенің жалғасы



Мен халықаралық академиялық конференцияларда 
шетелдік ғалымдармен зерттеу мәселелерін оңай 
талқылай аламын. 
3,40 (1,07) 
3,53 (1,25) 
Ескерту – Қорытынды эксперимент 
Әрбір респонденттің сауалнама нәтижелері үшін орташа арифметикалық 
мән есептелді: төмен (1-2 балл), орташа (3 балл) және жоғары (4-5 балл) деп 
түсіндірілді.
Сауалнама нәтижелеріндегі топтар арасындағы айырмашылықтар 53-
суретте көрсетілген. 
Сурет 53 – Эксперименттен кейін «Шет тілін меңгеру» шкаласы бойынша 
мәндер 
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара 
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік 
маркерлер) көрсетеді. Тікбұрышты жақшаның үстінде P мәні орналасқан (екі 
таңбалы t-тест). 
Төмендегі 48-кестеде анықтаушы және қорытынды эксперимент 
кезеңіндегі шет тілін меңгеру дағдысын диагностикалау бойынша алынған 
нәтижелердің деңгей бойынша жіктелуі мен топтар арасындағы айырмашылық 
көрсетілген. 


167 
Кесте 48 – Шет тілін меңгеру көрсеткішін диагностикалау бойынша алынған 
нәтижелердің деңгей бойынша жіктелуі мен топтар арасындағы айырмашылық 
Фактор Деңгейлер 
Бастапқы тексеру 
Сандық/пайыздық 
Қорытынды тексеру 
Сандық/пайыздық 
бақылау 
тобы 
экспери 
менттік топ 
Айырма 
шылық 
бақылау 
тобы 
экспери 
менттік топ 
айырма 
шылық 
Шет 
тілін 
меңгеру 
Төмен 
26/58% 
24/53% 
5 % 
27/60% 
11/24% 
36% 
Орта 
10/22% 
9/20% 
2% 
9/20% 
13/29% 
9% 
Жоғары 
9/20% 
12/27% 
7% 
9/20% 
21/53% 
33% 
Берілген нәтижелерге сүйене отырып, біз келесі тұжырым жасадық: 
бастапқы тексеру кезінде БТ мен ЭТ арасындағы деңгейлер бойынша 
өзгешеліктер айтарлықтай емес. Яғни екі топтың да шет тілін меңгеру 
деңгейлері ұқсас нәтижені көрсеткен. Алайда қалыптастырушы эксперименттен 
кейінгі нәтижелер біршама өзгерістерді байқатады. Мысалы, ЭТ бойынша 
төмен деңгей көрсеткіші 29%-ға кеміген, ал бұл деңгейдегі екі топ арасындағы 
айырмашылық 36%-ды көрсетті. БТ бойынша қорытынды тексеру нәтижелеріне 
көз жүгіртсек, бастапқы тексерумен салыстырғанда айырмашылық жоқтың 
қасы. Бұл нәтижелер ЭТ-қа бағытталған қалыптастырушы эксперименттің 
тиімділігін растайды. Әр деңгей бойынша өзгеріс векторлары келесі 54-суретте 
көрсетілген.
 
а ә 
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ 
Сурет 54 – Шет тілін меңгеру көрсеткіші бойынша эксперимент басталғанға 
дейін (әрбір суреттің сол жақ секциясы) және одан кейін (оң жақ секция) 
бақылау және эксперименттік топтардың деңгейлік көрсеткіштері 
Осылайша, эксперименттік топтың қатысушылары өздерінің шет тілін
меңгеру деңгейін бақылау тобындағы респонденттермен салыстырғанда 
статистикалық тұрғыдан жоғары (P<0,05) деп бағалады. 


168 
Зерттеудің осы тарауында жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту негізінде әзірленген әдістеменің 
тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелік-эксперимент тік жұмыстың барысы 
мен нәтижелері көрсетілді. 
Сонымен, эксперимент тобындағы білімгерлердің анықтаушы және 
қалыптастырушы эксперимент барысындағы жаһандану жағдайында болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігінің 
құрылымына 
сәйкес 
инновациялық, толеранттылық және дүниетанымдық құзыреттердің даму 
деңгейіндегі айырмашылықтары статистикалық маңызды екені анықталды
себебі p деңгейі p=0.072. Демек, аталған көрсеткіштер бойынша оң динамика 
байқалады.
Ал 
бақылау 
тобындағы 
респонденттердің 
анықтаушы 
және 
қалыптастырушы эксперимент барысындағы жаһандану жағдайында болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігінің 
құрылымына 
сәйкес 
инновациялық, толеранттылық және дүниетанымдық құзыреттердің даму 
деңгейіндегі айырмашылықтары статистикалық мәнді емес екені анықталды, 
p=0.0026. 
Қорыта келгенде, өткізілген эксперимент жұмысы жаһандану жағдайында 
болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту әдістемесінің 
тиімділігі туралы біздің болжамымызды растады. Тәжірибелік-эксперимент
жұмысы барысында алынған нәтижелер ұсынылған болжамның дұрыстығын 
дәлелдеді және айқындалған психологиялық-педагогикалық шарттары мен 
оларды іске асыруда жасалған әдістеме жаһандану жағдайында болашақ 
педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуды тиімді жүзеге асыруға 
ықпал ететінін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет