Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет59/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
29.05.2023 dis

 
 


169 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу, әдістемесін жасау және 
оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеруге арналған зерттеу 
жұмысымыздың негізгі нәтижелері анықталып, тұжырымдар мен ұсыныстар 
жасалды: 
1. Зерттеу нәтижесінде диссертациялық жұмыстың пәніне сәйкес 
философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерде берілген теориялық 
анықтамаларға жасалған талдау негізінде біз «жаһандану», «жаһандық білім 
беру», «жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігі» ұғымдарының мәнін нақтыладық.
Біздің тұжырымдамуызша, жаһандану бұл − әлемнің әр түкпіріндегі елдер 
мен қоғам арасындағы құндылықтарды, білімді, технологияны және мінез-
құлық ережелерін білу, бейімдеу және дамытуға қатысты процес. Осы ретте 
жаһандық білім беру − адамдарға қазіргі әлемнің күрделі болмысы мен 
процестерін түсінуге және өзара байланысты әлемнің қиындықтарына төтеп 
беруге мүмкіндік беретін құндылықтарды, көзқарастарды, білім мен 
дағдыларды дамытуға бағытталған процес. 
Осыдан педагог-психологтың кәсіби портретін жасау мен жаһандану 
жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігінің құрамын 
айқындау бізге жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін олардың диагностикалық, коррекциялық, психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырудағы жаһандық білім 
беру талаптарына сәйкес гумандық ұстанымдағы толеранттылық тұлғалық 
сапасы мен инновациялық, дүниетанымдық білім, білік, дағдыларының 
кіріктірілген жиынтығы деп нақтылауымызға мүмкіндік берді. 
2. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың көрсеткіштері мен деңгейлері инновациялық, 
толеранттылық, дүниетанымдық құзыреттері құрамына сәйкес және
Б.Блумның оқу мақсаттарының дәстүрлі классификациясына негізделіп 
айқындалды және жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби құзыреттілігі дамуын бағалаудың тиімділігін көрсетті. 
3. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі тұжырымдамалық 
(мақсаты, әдіснамалық тұғырлар,жаһандық білім беру принциптері), 
мазмұндық (дамыту процесінің мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, 
кезеңдері), нәтижелік (көрсеткіштері, деңгейлері, диагностикалық әдістері) 
бөліктерінің бірлігін қарастырады. 
4. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың деңгейлерін Б.Блум таксономиясына негіздеп 
айқындайтын диагностикасын; жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін мотивациялық, білімділік, біліктілік 
кезеңдермен дамытудың әдістемесін: «Formation of global competence in the 
context of higher education» элективті курсын, «Жаһандану жағдайында болашақ 


170 
педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты тренингін, «Secret 
of success of educational psychologist» ашық есік күндері мен «10 сұхбат» 
аудиториядан тыс іс-шараларын практикаға ендіруді біз ұсынған инновациялық 
әдіс-тәсілдерді қолданып жүзеге асырғанда нәтижелі болады.
Жүргізілген зерттеу бойынша келесідей ұсыныстар жасалады: 
1. Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігінің мәні мен құрамы және оны дамытудың моделі осы салада білім 
алушыларға теориялық білімдерді жүйелі түрде меңгеруге септігін тигізеді. 
Оларды 
педагогтердің 
біліктілігін 
жетілдіретін 
институттардың 
бағдарламаларына енгізу қажет.
2. Жаһандану жағдайында бодашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытуда жоғары оқу орындары білім беру процесін тиімді 
пайдалану қажет. 
3. «Secret of success of educational psychologist» ашық есік күндері мен «10 
сұхбат» аудиториядан тыс іс-шаралар бағдарламаларының мазмұнын іске 
асырудың мүмкіндіктерін практикаға ендірген жөн. 
4. Жаһандану жағдайында бодашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытуда біз ұсынып отырған элективті курс тренинг 
бағдарламасы аясында инновациялық технологияларды қолдану негізінде 
жүзеге асырған дұрыс.
5. Жаһандану жағдайында бодашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстарды жоғары оқу 
орындарының және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында 
тақырыптық іс-шаралар өткізуде негізге алу қажет. 
Зерттеу 
нәтижелері 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігін дамыту мәселесін қарастыруға бағытталған жұмыстарды 
жетілдіруге негіз болып табылады. Зерттеу тақырыбы ауқымды әрі күрделі 
болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес. 
Қарастырылып отырған зерттеу мәселесі толығымен шешімін тапты деуге 
болмайды,
сондықтан жинақталған теориялық және практикалық материалдар 
мазмұны, үнемі дамыту мен нақтылауды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет