Үшінші кезең (2021-2023) – жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту моделі негізінде қалыптастыру
эксперименті жалғасын тапты, алынған нәтижелер сұрыпталып, өңделіп,
құрылымы бойынша жүйеленді. Эксперимент мәліметтерін қорытынды өңдеу,
қорытынды жасау, зерттеудің нәтижелерінің қолданылуы мен оны рәсімдеу
жұмысы жасалды.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеудің мақсатына жету үшін, қойылған міндеттерді жүзеге асыру
үшін және бастапқы теориялық ережелерді тексеру үшін мынадай зерттеу
әдістері қолданылды:
1) теориялық әдістер: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
әлеуметтанушылық, педагогикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттерге
теориялық-әдіснамалық талдау жасау, салыстыру, озық іс-тәжірибелерді
жинақтау, зерттеудің нәтижесін жобалау, үлгілеу, тұжырымдау;
2) эмпирикалық әдістер: сауалнама, бақылау. Зерттеуді сынықтан өткізу
барысында шетелдік ғалымдардың бейімделген авторлық сауалнамалары:
Patrick Severine Kavenuke, Mjege Kinyo және Joel Jonathan Kayombo [77]
«Болашақ мұғалімдердің сыни ойлау дағдылары: олардың жүйелілігін, өзіне
деген сенімділігі мен скептицизмін зерттеу», Sarah A. Marrs, Carla Quesada-
Pallarès, Korinthia D. Nicolai, Elizabeth A. Severson-Irby және J. Reinaldo
Martínez-Fernández «Жас зерттеушілердің зерттеу құзыреттілігін өлшеу» [78],
Ivana Komarkova, Dimitri Gagliardi, Johannes Conrads, Antonio Collado
«Кәсіпкерлік дағдылар» [79], Mallinckrodt B., Miles J.R., Bhaskar T., Chery N.,
Choi G., Sung M.R. «Күнделікті көпмәдениетті құзыреттер/этномәдени
эмпатияның қайта қаралған шкаласы» [80], Hüseyin Uzunboylu, Çiğdem Hürsen
«Үздіксіз білім беру құзыреттілігі шкаласы: жарамдылық пен сенімділікті
зерттеу» [81], Yingshan Bao, Fangwei Zhu, Yue Hu, Ning Cui, Yuan Gu
«Шиеленістерді шешу бойынша голландиялық тест» [82], Yang Liua, Yue Yinb,
Ruilin Wu «Білімгерлердің жаһандық құзыреттілігін өлшеу: қытай үлгісіндегі
құралды әзірлеу және эмпирикалық зерттеу» [83];
3) статистикалық әдістер: NCSS графикалық және статистикалық
бағдарламасы арқылы сәйкестік индексінің есептеулерін ескере отырып, әрбір
сауалнаманың мәндік валидациясы жүргізілді. Компоненттердің түйіндестігін
талдау есепке алынып, құзыреттердің қорытынды моделі валидацияланды.
Алынған нәтижелердің сипаттамасы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |