Желілердің негізгі түсінігі 9


Нейрондық желілер теориясының элементтері



бет9/23
Дата30.05.2022
өлшемі0.55 Mb.
#458795
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Сламбек Б.Нейрондық желілер негізінде адамның бет-әлпет эмоциясын тану.2019

Нейрондық желілер теориясының элементтері


Нейрондық желі – бұл бір түрдегі көптеген элементтерден тұратын есептеу құрылымы. Бұл элементтер қарапайым функцияларды орындайды, ал жасанды нейрондық желіде болып жатқан барлық процестерді тірі организмдердің жүйке жүйесінде болып жатқан процестермен байланыстыруға болады. Себебі нейрондық желі жұмысы адамның бас миының жұмыс жасау принципіне ұқсас жұмыс жасайды.


Нейрондық желілер өз табиғаты бойынша сызықсыз болып келеді, оларда әзірленген технологияны (нейрожелінің ақпараттық модельін) бірден пайдалануға мүмкіндік жоқ. Көптеген жылдар бойы сызықтық модельдеу модельдеудің негізгі әдісі болды, себебі ол үшін оңтайландыру процедуралары жақсы әзірленген.
Нейрондық желілерде білімдер нейротәрізді элементтердің (немесе жай ғана нейрондар) жиынының күйінде және олардың арасындағы байланыстарда сақталады.
Мак-Каллок-Питтс нейронының қазіргі кезде де жеке нейронды сипаттау үшін қолданылып жүрген формалды модельі 5-суретте көрсетілген.




5-сурет – Мак – Каллок - Питтс нейронның формальді модельі


Мұндағы хі – нейронның і кірісіндегі (синапс) сигнал:


wi – нейронның і кірісіндегі (синапс) салмақ; у – нейронның шығысы;
һ – нейронның жұмыс жасау табалдырығы.
Модельде нейронның кірісіндегі сигналдар сомасы һ табалдырықты мәнімен салыстырып, егер ол сол мәннен артық болса, шығыста сигнал қалыптасады. Нейрондардың қазіргі модельдерінде табалдырықты функция жағдайда беру функциясы немесе нейронды белсенді ету функциясы деп аталатын сызықты емес у = “ f (S) ” функциясымен алмастырылады.
Белгілі бір түрде байланысқан нейрондардан қандай да бір кірістер және шығыстар саны бар нейрондық желі құрылды. Әдетте түйіндердің (нейрондардың) үш типін ажыратады – кіріс (нейрондардың кіріс қабаты немесе Input Layer), шығыс (шығыс қабат немесе Output Layer), және жасырын қабаттар (Hidden Layers).
Тікелей байланысқан нейрондық желіні 6-суреттен көруге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет