Желілердің негізгі түсінігі 9


Бір бағытты көп қабатты желілер



бет13/23
Дата30.05.2022
өлшемі0.55 Mb.
#458795
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Сламбек Б.Нейрондық желілер негізінде адамның бет-әлпет эмоциясын тану.2019

Бір бағытты көп қабатты желілер


Көп қабатты нейрондық желі формальды түрде нейрондар деп аталатын қарапайым өңдеу элементтерінің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін. Нейрондар қабаттар бойынша ұйымдастырылған және синапстар деп аталатын бір бағытты байланыстармен біріктірілген.


Әдетте желі көптеген сенсорлық элементтерден тұрады (кіріс түйіндер) құрайтын кіріс қабаты; бір немесе бірнеше жасырын және нейрондардың бір шығу қабаты.
Бір бағыттағы көп қабатты нейрондық желілер кең таралған, себебі олардың қарапайым математикалық сипаттамасы бар. 70-ші жылдардың соңынан бастап көп қабатты желілер оқытудың ыңғайлы алгоритмінің арқасында дамыды.
Нейрондық желілеріді бір қабаттан екінші қабатқа тікелей тарату немесе (бір нейрондан екіншісіне) жіберу үшін кіріс сигналдары пайдаланыды. Дәл осындай желілер көп қабатты персептрон деп аталады, ол кіріс қабатынан, жүйенің ішіндегі жасырын есептеуіш қабаттардан және нейрондардың шығу қабатынан тұрады.
Көп қабатты персептрон – бұл бір бағытты желінің сигмоидальды түрі немесе типі.
Сигмоидальды функция – барлық жерде біркелкі өсуші дифференциалды s-бейнелі сызықты емес функция, оны формальды нейронда активтендіру функциясы ретінде қолдануға өте ыңғайлы. Сигмоид әлсіз сигналдарды күшейтіп, күшті сигналдардан қанықпауға мүмкіндік береді. Көп қабатты персептронның құрылымдық сұлбасын 7-суреттен көре аламыз:




7-сурет – Көп қабатты персептронның құрылымдық сұлбасы


Мұндағы:


нөмірін білдіреді;

  • 𝑥1, 𝑥2, ... , 𝑥𝑛 – кіріс қабатын қалыптастыратын кіріс сигналдары;

  • 𝑔1, 𝑔2, ... , 𝑔𝑛 – бірінші жасырын қабат;

  • 𝑦, 𝑦2, ... , 𝑦𝑚 – шығу қабатын қалыптастыратын шығу сигналдары; Желі құрылымын белгілеуге ыңғайлы болу үшін "N-L-M" кодтамасы.

Нейрон қабаттарының шығыс сигналдарын есептеуге арналған формулалар:
(1)
(2)


Жеке оқыту үлгісінің мақсатты функциясы төмендегідей көрінеді:

(3)



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет