«Желтоқсан құрбандарына тағзым етпей өтпеңдер»



бет6/13
Дата16.01.2022
өлшемі47.04 Kb.
#454600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
10 сынып дайын

Атасы: Ия, тарихта «Құйын - 86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды, балам.
Немересі: Ммм, ата, сонда сол көтеріліс ішінде бәрі де жер жастанған ба?
Атасы: - Жоқ...


4 - оқушы
ЖЕЛТОҚСАН
Алтыныңды айырбастап қолаға,
Отаныңды айналдырса молаға.
Өз тіліңді босағаға лақтырып,
Өз еліңде күн кешуге бола ма?!
Сол кешегі желтоқсанның аспанын,
Дүр сілкінтті жалын жұтқан жастарым.
Үнсіз қалса намыс өлер еді ғой,
Намыс өлсе керегі не басқаның.
Сен қазағым шыныменен ұлысың,
Ертең жайнап шығатұғын күн үшін.
Ұл - қызыңның қаны судай шашылды,
Бас алаңда басын тігіп тіл үшін.
Ереуілде ит пен құсқа таланған,
Шырқыраған шындық іздеп ғаламнан.
Қазағымның қызыл қанын мәңгілік,
Жуғанымен кетіре алмас алаңнан.
Соның бәрін еске алатын шақ бүгін,
Құрбан қылды қарындастар пәктігін.
Құрбан қылды ғұмырларын боздақтар,
Табамыз деп ақиқатын ақ туын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет