Бақылау барысы
Көркем сөз .
Далада қар болрайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр болып жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса-жаусын ақша қар.
Қыстың келуімен бақшалықта қандай өзгерістер пайда болды? ? (барлық жерді қар басты.)
өсімдіктер үшін қардың қандай пайдасы бар? (аяз бен желден сақтайтын «көрпе»)
♦ бақшалықта қар көп болса, ол-жақсыма, жаман ба? (жақсы, себебі жерде ылғал мол болады)
Қар бақшалықтың барлық бөлігінде тегіс жата ма? (жоқ, тегіс жерлерде бірыңғай болады, ал биік жерлер мен ылди жерлерде әртүрлі жиналады)
Қар ғимарат жанында көп жинала ма, әлде орталықта ма? (ғимарат жанында)
♦ неліктен? (соққан жел орталықтағы қарды ғимарат жанына ысырады.).
Зерттеу жұмысы
Бақшаның әртүрлі бөлігіндегі қар қалыңдығын қар өлшеуіш құралмен өлшеу..
Еңбек: қардан құрлыс тұрғызу
Мақсаты: қардан әртүрлі денелер жасауға үйрету;
Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қимылды ойындар:
«Қу түлкі».
Мақсаты: балаларды байқампаздыққа, алғырлыққа баулу, тапсырманы дұрыс орындауларын бақылау.
Жаттығу ойындары: «Нысанаға тигіз».
Мақсаты: көз мөлшерін және лақтыру күшін дамыту.
Желтоқсан
Серуен №3
Торғайларды бақылау
Мақсаты:
Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру;
Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру;
— құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |