36
Өздігінен бөлінген сусло құрамы мен сапасы бүлінбеу үшін, үздіксіз
істейтін престің астында сусло қатал тәртіпте фракцияларға бөлінуі керек. 3-
ші қысымды суслоны престің астында арнайы орнатылған қалқа арқылы
бөліп, жүзім спиртін алу үшін жіберу керек.
Үздіксіз істейтін сорықтырғыштар мен престер жоғары өнімді, ықшам-
ды, пайдаланылу үшін қолайлы және жүзімді өңдеудегі ағынды желілерге
жеңіл жиналады. Олар біздің елде көп таралды. Езіндіні сульфиттеу және
қыздыру, оны ферментті препараттармен, электр тогымен өңдеу, езіндіні
алдын ала ашыту жидектің талшықтарының құрылымын бұзады және
суслоның бөлінуін өңделмеген езіндіні престеумен салыстырғанда 1,2-2 рет
тездетеді. Қалдықтардың ылғалдылығы 55-56% болған кезде престеу
аяқталды деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: