«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет85/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

Нефелометр 
шараптың 
мөлдірлігін 
(тұнықтылығын)  анықтауға  арналған  прибор.  Үлгіні  бір  биіктіктен  – 
цилиндрдегі  шараптың    ½  биіктігінен  алады.  Үлгі  мөлшері  нефелометр 
кюветін  толтыруға  жеткілікті  (20  мл)  болу  қажет.  Пипеткамен  үлгіні  алуда 
тұнбаны  лайландырып  жібермеу  үшін  жәй  өткізу  керек.  Тұнықтылығын 
анықтау нәтижелері және анықтау уақыты журналға жазылып отырады. 
Екінші цилиндрдегі мөлдірленген шарапматериалдарын тұмбадан бөліп 
алып  тұнбасының  көлемін  өлшейді.  Қою  тұнбаның  мөлшерін  формула 
бойынша анықтайды:  
Vס = 500 – V
в
; V
о 
– тұнба көлемі;  V
в
 – мөлдірленген шарап көлемі. 
Цилиндрдегі  қою  тұнбаны  толығымен  центрифужды  пробиркаға 
ауыстырады,  нақты  өлшенген  мөлдірленген  шараппен  шайып,  және  10мин 
центрифугерлейді  (ротордың  айналу  жылдамдығы  3000  айн/мин).  Қою 
тұнбадан  бөлінген  шарап  мөлшерін  анықтау  ұшын  центрифугирлеу  кезінде 
бөлінген шараптан шайюға жұмсалған шарап мөлшерін алып тастайды.  
Мөлдірлену  сатысын  өңделмеген  шараптың  М
алғ
  тұнықтылығының 
(лайлылығының) мөлдірленген шараптың тұнықтылығына М
мөл 
қатынасымен 
көрсетеді.  М
мөл 
ретінде  мөлдірлеудің  кинетикасын  анықтаудағы  соңғы 
өлшемін  қолданады.  Мөлдірлегіш  заттармен  өңдеу  әсерінен  шараптың 
белоктық  лайлануға  тұрақтылығы  артады.  Сондықтан  құюға  тұрақтылығын 
анықтауға  алынған  шарап  үлгісін  қыздырады.  Алғашқы  (өңделмеген) 
шараптан және мөлдірленген шараптың әр нұсқасынан 100мл шарап алынып 
қағаз  фильтрден  толық  мөлдірленгенге  дейін  фильтрлейді.  Әрбір  үлгіден 
алынған  50  мл  филтрленген  шарапты  конусты  колбаға  құяды  да  70ºС 
температураға  дейін  қыздып,  10мин  ұстайды  содан  соң  бөлме 
температурасына  дейін  салқындатады.  Содан  кейін  барлық  үлгілерді 
(қыздырылған  және  қыздырылмаған)  нефелометрлейді  де  қортындыларын 
тіркеп қояды. 
1  тапсырма.  Жұмысты  2-4  студент  орындайды.  Алдын-ала  белгіленген 
шараптың  оптимальді  мөлшерін  қолдана  отырып,  студенттер  шарапты  әр 
түрлі мөлдірлегіш заттармен өңдейді және технологиялық баға береді. 
2  тапсырма.  Жасалған  жұмыстың  қысқаша  есебіне  кіретіндер:  анықтау 
нәтижесі  және  жұмыс  орындау  сипаттамасы,  мөлдірлеудің  кинетикасының 
графигі:  координаттары  тұнықтылығы  М  және  мөлдірлену  уақытынан 
құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет