«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет88/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

Мысал  3.  Қанттылығы  18г/100мл  1000  декалитр  (дал)  шырыннан 
күштілігі – 15% мистель дайындауды есептеу. Спирт – ректификат күштілігі 
96%,    tº-20ºC.  Спирт  бойынша  мнемоникалық  «жұлдызшалар»  формуласы 
схемасын саламыз:   
96       81 
15 
96       15 
Бұл,  яғни    шырынның 81 бөлігіне    спирттің  15  бөлігін  (96-15=81)  қосу 
түсінігін көрсетеді, ал 1000 дал шырынға сәйкесті 185,52 дал спирт керектігін 
білдіреді (1000х15:81=185,2). 
Спирттелген  шырын  көлемі  1185,2  дал-ға  тең  болу  керек:  бірақта  
шындығында  аз болады, себебі спирттеу кезінде контракция процесі жүреді. 
Контракция  дегеніміз  су  мен  спиртті  қосу  кезінде  олардың  бір  бірімен 
әрекеттесуі  себебінен  ерітінді  көлемінің  азаюы.  Қосылған  спирттің  1%на 
келетін  контракция  мөлшері  0,08  тең  болады.  Мысалымыздағы  контракция 
мөлшерін есептеу:          
                            
2
,
14
100
)
0
15
(
08
,
0
2
,
1185


х
 
Сонда  спирттелген  шырынның  шын  көлемі  1185,2-14,2=1171  дал 
құрайды. Шырынға спирт қосу себебінен қанттылықтың төмендеуі 2,4 г/100 
мл  құрайды.  Сонда  спирттелген  шырынның  ұанттылығы  15,6  г/100  мл 
болады  (1000х18:1171=15,6).  Спирттеуді  есептеу  ашып  жатқан  шырынның 
құрамындағы  2  көрсеткішті  бірден  қамтиды,  олар  спирттілік  және 
қанттылық. Сондықтан бұл жерде тек 1 жұлдызшалар формуласын қолдануы 
мүмін емес. Спирттеу уақытын (спирт енгізілетін кездегі қалдық қанттылық,) 
және  енгізілген  спирт  көлемін  арнайы  алгебралық  формула  бойынша 
анықтайды.  Күнделікті  шарап  жасауда  бұл  есептерді  әр  этаптың  логикалық 
есептеуі  арқылы  және  спиртті-қантты  балансы  бойынша  тез  және  оңай 
шығарады. 
Спирттеу  уақытын,  енгізілген  спирттің  әсерінен  қант  мөлшерінің 
төмендеуінің  күтілген  дәрежесіне  негізделіп,  анықтайды.  Бұл  кезде  назарға 
алынатын  жағдай:  қанттың  ½  бөлігі  ашығанда    қант  мөлшерінің  төмендеуі 
1,0 г-1,5 г/100 мл құрайды, ал қанттың 2/3 бөлігі ашығанда  қант мөлшерінің 
төмендеуі  0,5г-0,8г/100мл  құрайды.  Ашудан  түзілген  спирт  көлемін 
(мөлшерін)  ашу  коэффинцент  көмегімен  анықтайды:  ол  орташа  0,6-ға  тең 
(1г/100мл қанттан  0,6% дейін спирт пайда болады).  


98 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет