«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет97/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

13 - зертханалық жұмыс. 
Тақырып: «Шараптың мөлдірлігінің өзгеруін зерттеу» 
Жұмыстың  мақсаты:  Шарапты  желімдейтін  әр  түрлі  материалдардың 
технологиялық сиппатамасын анықтау тәсілдерін үйреніп білу. 
Жұмысқа керекті құрал жабдықтар 
Нефелометр,  фильтрлеуге  арналған  прибор,  100мл  өлшеуіш  колбалар, 
фильтрлейтін    материалдар  жиынтығы  (қағаз,  асбест,  әр  түрлі  маркадағы 
фильтр картондар). 
 
Жұмысты орындау әдістемесі 
Толықтай технологиялық  өңдеуден өтіп, шығаруға немесе пайдалануға 
жіберілетін шарап таза мөлдір және түсі тұріне сай болуы  тиіс. 
Шараптың  мөлдірлігі  –  желімдеу,  фильтрлеу  т.б.  технологиялық  
процестердің ең негізгі сапалы көрсеткіштерінің  бірі болып табылады.  
Шараптың    мөлдірлігін  объективті  түрде  нефелометрмен  бағалайды. 
Шарап оптикалық жағынан біркелкі емес орта болғандықтан, оның жарықты 
шашып тарататын қасиеті болады. Шараптың құрамындағы лайлы заттардың 
мөлшері мен концетрациясы белгілі деңгейге жеткенде жарықтың шашылып 
таралуы  байқалады,  яғни  лайлығы  байқалады.  Шарап  лайлығының  сандық 
сипаттамасы  ретінде  экстинкция  коэфициенті  t  пайдаланады.  Экстинкция 
коэфициенті төменгі теңдеумен анықталады:  
t = l
-1
I
n
(I
0
/I), 
мұнда, l — шарап қабатының қалыңдығы, см; I
0
 және I — жарық сәулесінің 
интенсивтілігі 1 см шарап қабатынан өткенге дейін және өткеннен кейін. 
Лайлануын  өлшеу  үшін  арнайы  прибор  нефелометр  қолданады.  Оның 
жұмысы  жарық окулярға  түсіп,  шарап қабатынан өтіп  шашылып  таралуына 
негізделген.  Сонымен  қатар  фотоэлектрикалық  калориметр  қолдануға 
болады. Лайлануын  абсолюттік немесе  салыстырмалы бірлікпен анықтайды. 
Мұндай  баға  беруде  зерттеліп  жатқан  шараптың  оптикалық  тығыздығын 
өлшейді:  лайлы  шараптың  және  лайдан  тазартылған  шараптың.  Шараптың 
мөлдірлігінің өзгеруін зерттеу үшін оны арнайы құралда фильтрлейді. 
Бұл  құрал  (1-сурет)  фильтрлейтін  ұяшықтан  (2),  шарап  құйылатын 
ыдыстан (5), оларды біріктіретін резина трубкадан тұрады және олардың бәрі 
штативке  (1)  бекітіледі.  Егер  тығыз  фильтр  материалдарын  (асбет  және 


104 
 
басқа)  қолданатын  болса  арластырғышты  (6)  орналастырады.  Шарапаты 
құюды қысқыш (4) арқылы реттеп отырады. 
 
 
1-сурет.  Шарапты фильтрлейтін құрал 
 
Фильтрлейтін  ұяшық  тығыны  (8)  бар  Бюхнер  воронкасынан  (7)  және 
оған  бекітілген  шарап  жіберетін  (9)  және  камерадан  ауа  шығаратын  (10) 
түтіктен  тұрады.  Воронканың  түбіне  шарапқа  инертті  металлдан  немесе 
капроннан  жаслған  тесіктері  0,5  мм  тор  немесе  фильтрлегіш  мата 
орналастырады.  
Шарап  құйылатын  ыдыстың  биіктігін,  қажет  етіп  отырған  қысымға 
байланысты,  ауыстырады.  Фильтрлейтін  қағаз  немесе  картоннан  диск  кесіп 
алып,  фильтрлейтін  ұяшыққа  (2)  тор  үстіне  қояды,  ұяшықты  тығындап 
жабады.  Шарап  құйылатын  ыдысқа  500мл  фильтрленбеген  шарап  құяды. 
Шлангыдағы  қысқышты  (4)  жайлап  аша  отырып,  ауа  трубкасындағы  (10) 
кранды  ашып  фильтрлейтін  ұяшықты  шараппен  толтырады.  Содан  соң  ауа 
трубкасындағы (10) кранды жауып, шлангыдағы қысқышты (4) толық ашып 
фильтрлеуді  бастайды.  Фильтрден  өткен  шарапты    өлшеуіш  цилиндірге  50 
немесе 100 мл-ден жинайды. Алғашқы тазартылмаған және фильтрден өткен 
шарап үлгілерін  нефелометрлейді. 
Фильтрге  жиналатын  материалдарды  зерттеуде  оның  қажетті  өлшемін 
алып  шарап  құйылатын  ыдыстағы  (5)  шарапқа  қосып,  араластырғышты 
қосып араластырады содан кейін жоғарыда көрсетілген жолмен фильтрлейді. 
Толық фильтрлеу ұшын шарап үлгілерін  нефелометрленгеннен кейін шарап 
ыдысына  қайтып  құйып  екіншірет  фильтрлейді.  Фильтрлеу  аяқталғаннан 
кейін  фильтрге  жиналатын  материалдарды  әдістемеге  сай  зерттейді. 
Нефелометрлеу нәтижелерін жұмыс журналына жазып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет