107
Полифенолды лайлануын тексеру. 20 мл шарапты 100 мл конусты
колбаға құяды да су моншасында көлемі орталанғанша қайнатады.
Салқындатқаннан кейін қалған шарапты алдыңғы көлемге дейін сумен
толықтырады. Оған 0,5г натрий хлоридын қосып араластырады да келесі күні
нефелометрлейді. Егер бақылаудағы шараппен (алғашқы қайнатылмаған)
салыстырғанда оның лайлану көлемі көп болса, ол құюға төзімді еместігін
білдіреді.
Кристаллды лайлануын бақылау. Пробиркаға 10 мл шарап құяды да,
оған бірнеше кристалл шарап тастарын қосады және (-3) - (-4)
0
С
температурада 1-2 тәулік тоңазытқышқа салып қояды. Егер шарап осы уақыт
бойы таза мөлдірлігін сақтап тұнба түспей тұрса, онда ол құюға
тұрақтылығын білдіреді.
Биологиялық лайлануын бақылау. Фильтрленбеген 10мл шарапты
ротордың
3000
айналым/мин
айналу
жылдамдығында
5
минут
центрифугирлейды. Центрифуганың пробиркасын ақырын еңкейтіп 8мл
шарап құйып алады, ал қалғанынан қыздырылған сым ілмегімен әйнектің
бетіне бір тамшы тамызып бетін жабынды әйнекпен жабады. Препаратты 600
рет үлкейтілген микроскоппен қарайды. Егер шарапта 10 көрініс алаңында
орта есеппен 1-2 жасушадан артық байқалмаса, онда шарапты құюға
жіберуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: