«Жеміс шаруашылығы» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж



бет13/49
Дата27.01.2022
өлшемі293.91 Kb.
#454887
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
4 дәріс

Жылу режимі. Жеміс өсімдіктерінің барлық өсу және даму үдерісі айналаның белгілі бір температурасының режимінде өтеді. Өсу-даму кезеңіндегі жылудың жеткіліктілігін, белсенді температура жиынтығы бойынша жорамалдауға болады, ол өсімдіктің немесе сұрыптың талабына сай болуға тиіс. Қазақстанда өсірілетін жеміс-жидек дақылдарының басым бөлігіне белсенді температура болып 8,5-10оС саналады. Фенологиялық кезеңнің басым бөлігі (гүлдеу, жемісінің өсуі, өркендерінің жетілуі) үшін 15оС жоғары температура қажет.

Жылу жетпегенде жеміс өсімдіктерінің дамуы ұзарады, ағаш сүрегі жетіліп үлгермейді де, олар күзгі және ерте қысқы теріс температураға шынығу этапынан толық өте алмайды, нәтижесінде қысқа төзімділігі күрт төмендейді. Сондай-ақ жемісі пісіп үлгермеуі мүмкін.

Жылу тым мол болғанда (қоңыржай аймақтың жеміс дақылдары үшін 30-35оС жоғары) бүкіл тіршілік үдерістері бұзылады, ал одан да жоғары болғанда ағаштарда, жапырақтарда және жемістерде күйік пайда болады; жемістерінің өсуі және пісуі біркелкі болмайды; қабығының түсі және жемістерінің дәмі нашарлайды, олардың сақталғыштығы төмендейді. Жиі жемістердің жинауға дейін шашылуы және жеміс өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдануы, ауруларға шалдығуы арта түседі. Температураның 55оС жоғары болуы өсімдіктердің опат болуына жетелейді. Алманың жазғы сұрыптарына жемісінің пісуі үшін 10оС жоғары температураның 1900оС жиынтығы қажет болса, қысқы сұрыптарына – 2200оС, күзгі-қысқыларына – 2300оС қажет.

Жеміс өсімдіктері жылуға гүлдеу және жемісінің пісу кезеңдерінде ерекше талап қойса, өркендерінің пісуі кезінде шамалылау. Жылудың тым көп болуын жидектілер мен алманың орталық орыстық сұрыптары және қоңыржай салқын ендіктерден тараған өсімдіктер ерекше сезінеді.

Сонымен бірге, жеміс өсімдіктерінің бірқалыпты өсуі және дамуы үшін қажет температураның жалпы саны ғана емес, сондай-ақ жеміс ағаштарының төмен теріс (қысқа төзімділігі) және жоғары оң (аптап ыстыққа төзімділігі) температураға төзімділігінің де маңызы зор.

Өсімдіктің аязға төзімділігі тұқымқуалаушылық ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы, лимон ағашы – 5-тен-12оС температурада зақымданса, солтүстіктік алмаларының ағаштары -40оС дейінгі температураға шыдайды. Сондықтан аязға төзімді сұрыптарды шығару және оларды дұрыс жерсіндендіру (аудандастыру) – аязға төзімділікті көтерудің ең тиімді тәсілі. Жеміс өсімдіктерінің қысқа төзімділігінің маңызды шарты болып табиғи тыныштықтың тереңдігі және кезеңнің ұзақтығы саналады. Әдетте кезең неғұрлым тереңірек және ұзағырақ болса, соғұрлым өсімдік қысқа төзімдірек болады.

Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі де көбінесе олардың, эволюция барысында әр түрдің немесе экологиялық топтардың тіршілік ету ортасының жағдайының әсерінен қалыптасқан, тұқымқуалаушылық қасиеттеріне байланысты. Жеміс өсімдіктерінің арасында ыстыққа төзімділігімен субтропикалық және цитрусты өсімдіктер ерекшеленеді. Өсімдік шаруашылығы іссанасында ыстыққа төзімділікті арттыру, жас өсімдіктерді (көшеттерді) өзгермелі температурамен шынықтырудан басқа, өсімдіктерді кейбір химиялық дәрмектермен, оның ішінде, мырыш ерітіндісінің тұздарымен (0,05%) және бор қышқылымен (0,05%) өңдеу қолданылады.

Жеміс өсімдіктерінің жылуға ең талап қоятындарына субтропикалық дақылдар жатады. Олардың өсуі үшін 15оС жоғары 180-200 тәуліктік өсінді кезең қажет. Жаздық жылудың кемуіне қарай жаңғақтылар мен оңтүстіктік жеміс дақылдары былайша: шабдалы, өрік, беже орналасады. Талабы төменділер болып алма, алмұрт, алхоры, шие саналады, жидектілерден – таңқурай, қарақат. Жаздық жылуға талабы сұрпына да байланысты. Мысалы, алма мен алмұрттың қысқы сұрыптарына 15оС жоғары температура 115-125 тәулік қажет, ал жазғы сұрыптарына сәйкесінше – 80-90.

Қазақстанда жылумен қамтамасыз етілуіне қарай жеміс шаруашылығының оңтүстік, батыс және солтүстік аймақтары ажыратылады.

Бірақ айтарлықтай деңгейде кез келген текті немесе сұрыпты өсірудің тиімділігі көптеп қысқы кезеңдегі температураға байланысты. Ең көп және қауіпті зақымдануларды Қазақстанның солтүстігінің күрт қоңыржай жағдайында байқалатынын, жекелеген тектер мен сұрыптардың аязға шыдамдылығымен ғана байланыстырмай, сонымен бірге барлық алмасу үдерістерінің өзгермелі айнала жағдайына бейімделу қабілетімен де байланыстыру керек.

Қысқы зақымданулар бұтақтардың үсуіне, қаңқалы бұтақтардың солуына, қыстың ортасы мен соңында, күндізгі және түнгі температуралардың күрт алмасуы туындататын діңнің жарылуы және қабық пен камбийдің күюіне әкеледі. Қары аз жылдары, шынығуы кеш басталынатын, сондықтан ұлпалары қысқа нашар дайындалған, тамыр мойынының зақымдануы байқалады. Жеміс бүршіктері, өсінді бүршіктерге қарағанда жиірек зақымданады.

Жеміс өсімдіктерінің аязға ең әлсіз мүшесі – тамыры. Мысалы, орталық аймақтағы алмалардың мүшелері – 38-40оС дейінгі аязға шыдаса, ормандық алманың телітушісінің тамыры – 13-14оС зақымданады. Тәттішиенікі – 11-12, шиенікі – 14-15, қарлығанікі – 18оС зақымданады. Тамырлардың үсуі аязы ұзақ және қары аз қыстарда байқалады. Тамырлардың зақымдануы жиі қарсыз күзде, температура -20-30оС төмендегенде байқалады. Осы кезеңде ағаштың айналасын көңмен, сабанмен және ағаш үгіндісімен жабындау (қымталау) тамыр жүйесін үсіктен жақсы сақтайды.

Агротехникалық тәсілдер өсімдіктің қысқа төзімділігін арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Өсімдіктің қыстап шығуында ерекше орынды, оны қысқа дайындауға – шынықтыруға көңіл бөлу керек. Өсімдікті шынықтыру ұлпаның пісуіне, пластикалық заттардың жиналуына, крахмалдың қантқа айналуына, жасуша шырынының концентрациясының артуына және протоплазманың тыныштық күйге өтуіне байланысты. Топырақты уақытында өңдеу және азотты тыңайтқышты бүршік ату кезеңінде беру жеміс өсімдіктерінің бірқалыпты жапырақтануына және жақсы өсуіне жағдай жасап, өз кезегімен қысқа қажетті пластикалық заттар қорымен қамтамасыз етеді.

Жылу жағдайының өте қолайлы деңгейін сәйкес шараларды (гүлдеу кезінде баққа түтін қою және жылыту, қыс түсер алдында топырақпен, шымтезекпен, көңмен қымтамалау, діңдерді және бұтақтарды әктеу, өркендерді кесу және өсімдіктің шынығуын күшейту үшін жаздың ортасында топырақты құрғату) қолданып жүргізу.

Қазақстанның солтүстігінде тектерді және сұрыптарды таңдау кезінде , төмен теріс температураға (-40оС және одан да төмен), сондай-ақ қыстың басқа да қолайсыз жағдайларына, оның ішінде күндізгі және түнгі температураның күрт ауысуына шыдамдыларын таңдау керек.

Жеміс-жидек өсімдіктерінің дамуының барлық кезеңдерінен өтуіне жоғары агротехникалық жағдай жасау, олардың қысқа төзімділігін арттырады. Орман қорғау жолақтары жеміс өсімдіктерінің қыстап шығуын едәуір жақсартады.

Бақ салу орнын дұрыс таңдау, тектер мен сұрыптарды таңдап алу, Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығы үшін өте маңызды рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет