Және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы баяндамасы өздеріңізге белгілі, жақында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа экономикалық саясатты қамтитын «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»



Дата09.06.2016
өлшемі110.92 Kb.
#124511
Егіндібұлақ селолық округінің әкімі Р.М.Инербаевтің

село тұрғындары алдындағы 2014 жылы атқарылған

және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы

БАЯНДАМАСЫ

Өздеріңізге белгілі, жақында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа экономикалық саясатты қамтитын «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын жария етті. Әр жыл сайынғы Жолдау өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдамамен ерекешеленеді. Биылғы жылғы Елбасының Жолдауында басты назар еліміздің инфпақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Экономика үшін ауыр кезендерде инфрақұрылымды дамыту экономиканы жандандыру үшін ең тиімді құрал болып саналады. Сондықтан бұл ауқымды Жолдауда айқындалған жоспарлардан, халқымызға мемлекет тарапынан зор көмектер болатыны белгілі болды.

Село әкімі аппаратының жұмысының негізгі өзегі болып селоның әлеуметтік-экономикалық дамуының жақсаруын қамтамасыз ету, ягни халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті мәселелерін шешіп отыру болып табылады. Осыған орай есепті мерзім аралығында ауыл тұрғындарымен төрті рет жиын-кездесулер ұйымдастырылды. Бұл жиындарда ең алды-мен ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ елді мекенді көгалдандыру мен санитарлық-тазалық жұмыстары, мал басын бірдейлендіру, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы диагностикалық шараларды ұйымдастыру, малдың жазғы бағымы мен жайылымы, мал азығын дайындау және ауыл тұрғындарының қысқы маусымға дайындығы мен көрсетіліп отырған коммуналдық қызмет түрлеріне төлем ақы төлеу жайы үзбеліксіз қаралып отырды.

Жалпы алғанда ауыл халқының жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Халыққа коммуналдық тұрмыстық қызмет көрсету сапасы да арта түсуде. Село басындағы мекемелер мен жеке меншік құрылымдар ауылымыздың өсіп-өркендеуіне өзінің қомақты үлесін қосуда.

Өткен 2013-2014 оқу жылында селомыздағы екі орта мектеп ұжымдары әдеттегідей жоғары денгейден көрініп,№43орта мектебінің түлектері ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша алдыңғы қатарға шықты.Ал, биылғы 2014- 2015 оқу жылында осы екі орта мектепте барлығы 520 оқушы білім алуда.Олардың ішінен мектеп бітіретіні 42 оқушы болса,қазіргі уақытта бұл түлектер Ұлттық біріңғай тестіге дайындалу үстінде. Аталған оқу орындарының пән кабинеттері тиісті методикалық және қазіргі талаптарға сай техникалық құрал-жабдықтармен жеткілікті қамтамасыз етілген.

Селомыздағы іргелі оқу орны № 17 агротехникалық колледжде 4 түрлі мамандық бойынша ауылшаруашылығына қажетті жұмысшы маман кадрларын даярлау жүзеге асырылуда. Колледжің материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын нығайып келеді.Дегенменде, бұл оқу орынының оқу-өндірістік шеберханасында болашақ жас мамандардың сапалы практикалық білім алуына талапқа сай жағдай туғызуда атқарар жұмыстар жеткілікті.Қазіргі уақытта колледж ұжымы «Алтай Полиметалл»кәсіпорыны басшылығымен келіссөз жүргізіп,алдағы уақытта екі жақты келісім шарт жасалып дуалді оқыту жүйесімен комбинатқа тау-кен мамандығы бойынша кадр әзірлеуге жұмыс жасауда.Мұның өзі колледждің материалдық-техникалық базасының нығайуына көмегі тиері сөзсіз.

Селодағы «Айгөлек» балалар бақшасында 90-ға жуық жас бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Балабақша бөлмелері жарық, әлі жылы.Онда бүгінгі сұранысқа қажетті инвентар түрлері жеткілікті.Дегенменде,балабақша ғимаратының терезелері мен сыртқы бетон қоршаулары тозып тұр,айырбастауды қажет етуде.

Егіндібұлақ өңірінің селолық округтері мен шалғай елді-мекендерінен келген 80-ге жуық оқушы интернат-пансионатта жатып білім алуда.

Тәрбиенушілерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде интернат коллективіде ұйым-бірліктерін көрсетіп келеді. Тәрбиеленушілердің бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай туғызылған. Әрі интернаттың базасында аудандық өнер және спорт мектебтерінің филиалдары жұмыс жасайды.Бұл филиалдардың шәкірттері аудандық,облыстық өнер және спорт сайыстарында жүлделі орындарды иеленіп, болашақтарынан зор үміт күттіруде.Алайда,интернат ғимаратындағы спорт залының едені шіріп тұр.Оны айырбастауға алынған құрлыс материалдары жетімсіз,әрі залдың іргетасы арқылы арнайы желдеткіш орнату қажеттілігі туып отыр.

Село халқына мәдени қызмет көрсетуде, ел ішінде ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап,оларды жастарға жеткізуде селодағы Мәдени-сауық орталығы өз деңгейінде жұмыс жасап келеді. Мұның ішінде ардагерлердің «Замандастар» клубыныңда қосып отырған үлесі аз емес.Бұл ұжым алдағы уақытта «халықтық» атағын алуға ұмтылыс жасауда.Селодағы модулді кітапхана мен тарихи өлке тану мұражайының қызметкерлері де халықпен етене араласып қалыпты жұмыс жасауда.Ауылдың мәдениет ошақтары соңғы жылдары арнайы оқу орындарын бітірген жас мамандармен толыға түсуде.Осы арада Мәдениет үйінің шығыс жақ бөлігінің авариялық жағдайда тұрғанын,әрі уақыт оздырмай ол жерде жөндеу жүргізу қажеттігін айтып кетпеске болмайды. Жөндеу жұмыстарының көлемі анықталып, дефекттілік ведомость жасалған. Тек қаржы мәселесі шешілсе деген ұсынысымыз бар.

Селоның инфрақұрылымына тоқталар болсақ,аудан және облыс орталықтарымен автобус тұрақты жүріп тұр.Аудандағы «Казпочта» және «Казтелеком»мекемелерінің селодағы бөлімшелерінің қызметкерлері өз тұрғысында халыққа қызмет көрсетуде. Село халқы ауыз сумен және электр энергиясымен үзбеліксіз қамтамасыз етілуде. Аталған мекемелер басшылықтарының ауыл халқымен етене араласып, тығыз байланыста болғандарының нәтижесінде тұрғындар өздеріне көрсетіліп отырған комуналдық қызмет түрлеріне төлем ақыларын уақытында жауып келеді. Алайда, селоның жекелеме тұрғындары ауыз судың қандай қандай қиындықпен келетініне, күнделікті пайдаланып отырған суларына уақытында ақша төлеудің соншалықты маңыздылығына әліде жеткілікті мән бермеуі салдарынан олардың берешектері күрт өсіп отыр. Алдағы уақытта еріксіз бұл адамдармен тиісінше заңға сәйкес жұмыс жасайтын боламыз.

Селодағы мекемелер басшыларының өз ұжымдары мен ауыл тұрғындары арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде биылғы жылға баспасөзге жазылу науқаныда ұйышылдықпен өткізілді.

Ауыл халықына медициналық қызмет көрсету ісінде участкелік аурухана ұжымы біршама жұмыс жасауда. Жыл ішінде екі рет Қарағанды қаласынан «Саламатты Қазақстан » бағдарламасы аясында арнайы дәрігерлік бригада келіп (автопоезд) ауыл тұрғындарын скринингтік тексерістен өткізді. Ауруханада арнайы есепте тұрып жеңілдікпен пайдаланатын науқас адамдар тиесілі қажетті дәрі дәрмек түрлерімен қамтамасыз етіліп отырады. Флюрографиялық тексерістерге межеленген адамдар толық қамтылды. Есепті кезең ішінде 33 сәби дүниеге келді. Учаскелік ауруханаға әліде болса жоғарғы білімді маман кадрлар жетіспейді.

Осы уақытқа дейін мәселе болып көтеріліп келген аурухана ғимаратының тозығы жеткен жылыту қазандығын айырбастауға жаңадан қазандық әкелінді.

Ел тыныштығын сақтап, ауылда қоғамдық тәртіпті қалыптастыруда Қазыбек би полиция бөлімшесінің қызметкерлері қолдағы бар мүмкіндігінше жұмыс жасауда. Орын алған заң бұзушылықты жоюда қажетті іс-шаралар іске асырылуда. Қазіргі уақытта селомыздағы мекемелер қызметкерлері есебінен ерікті халық жасақшылар тобы жұмыс жасайды. Соның нәтижесінде селода қоғамдық тәртіптің сақталуы қалыпты жағдайда.

Сонымен қатар селомыздың саяси-қоғамдық өміріне белсене араласып, ауылда өткізілетін іс-шараларға мұрындық болып, ауылда санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуде ат салысып жүрген өрт сөндіру бөлімшесі, Қу орман-тоғай мекемесі басшылығыда өз үлестерін қосуда.

Ауылда қоғамдық ахуалдың бірқалыпты қалыптасуына,тәртіптің сақталуына ардагерлер ұйымының қосып отырған үлесі қомақты.Біз өз жұмысымызда тәртіп пен тәрбиелік мәні бар түйткілді мәелелерді шешуде өмірлік тәжірибелері мол аға-апаларымыздың ақыл-кеңесіне жүгініп отырамыз,кейбір мәселелерді ақыл-кеңеспен шешуді жолға қойып келеміз.

Сонымен бірге селолық округ бойынша дін мәселесі де ұдайы назарымызда. Қазіргі таңда дәстүрлі емес діни ағымдағылар мен жалған діни ағымды ұстанушылардың іс-әректтері өткір тұрғандықтан, учаскелік полиция инспекторлары селодағы мешіт алқасымен бірлесіп жұмыстар жүргізуде. Бұл тұрғыда аудан орталығында құрылған ақпараттық-насихат тобының өкілдері селоға келіп мекемелер мен оқу орындарында кездесулер өткізіп, дін мәселесі мен Президент Жолдауы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырулары дәстүрге айналды. Мұндай кездесулер есепті жыл ішінде екі рет ұйымдастырылып, өткізілді.

Міне осындай тұрақты да жүйелі жүргізілген жұмыстардың арқасында ауылда моральдық ахуал дұрыс қалыптасып отыр.

Әдеттегідей есепті кезең аралығында атқарылған жұмыстар селоның 2014-2016 жылдарға белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарына сәйкес іске асырылып келеді.

Осы іс-шараларды атқаруға аудандық бюджеттен селоға өткен жылға қаралған 11,5 млн тенге көлемінде бөлінген қаржы толық игерілді.

Селомыздың сәулеттендіру мен көгалдандыруға жалпы көлемі 0,6 млн тенге қарастырылып, село әкімдігі алдындағы орналасқан скверге 50 түп ағаштар егіліп, күтімге алынды. Село көшелерінде орналасқан билборд қондырғыларының тозған баннерлері жаңартылды.

Есепті жыл ішінде селодағы су жүйесін ұстауға 2,8 млн.тенге қаржы бөлініп біршама жұмыстар атқарылды. Су құбыры бойындағы болған авариялар қалпына келтірілді. Істен шыққан су таратқыш колонкалар мен су тартқыш насостар айырбасталып іске қосылды. Участкелік аурухана маңындағы су қысымы мұнарасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Өңірлерді дамыту»бағдарламасы бойынша 2820,0 млн. тенге қаржы бөлініп,оған Қазыбек би, Ахметов және Айтбаев көшелерін қамтитын су желісінің 1000 метр су құбырлары айырбасталды. Алдымызда тұрған басты мәселенің бірі, учаскелік аурухана териториясында орналасқан тозығы жеткен су қысымы мұнарасын айырбастау қажеттігі туындап отыр.

Бүгінгі күнге селодағы 7 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Көше жарығын қамтамасыз етуге бөлінген 2,5 млн тенге қаржыға Тәттімбет және Қ.Ақаев көшелеріндегі жарықтандыру бағаналарындағы ақауларын қалпына келтіріліп, істен шыққан кабельдер, светильниктер мен есептеу құралдары айырбасталды. Пайдаланған электр энергиясына абоненттік төлем ақы төленді.

Өткен жылғы қыс айларында селодағы көше жолдары мен ауылға кіреберіс жолдарды қардан тазалап, қалыпты жағдайда ұстауға бөлінген 1,5 млн.тенге және Гагарин көшесіндегі жолға қиыршық тас төсеуге қаралған 1,0 млн. тенге қаржы толық игерілді.

Санитарлық-тазалық жұмыстарына 0,6 млн. тенге қаржы бөлініп, оған селода ұзақ жылдардан бері қарай бос тұрып, бұзылған ескі үйлердің орындары тазартылып, құрлыс қалдықтары мен қоқыстары полигонға (свалкаға) шығарылды және полигон аумағы реттелді. Осымен бірге елді-мекенде санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуде көктемгі және күзгі екі айлықтарда біршама жұмыстар атқарылды. Табиғи демалыс орындары мен бұлақ бойына тазалық жұмыстары жүргізіліп,жиылып қалған тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Алдағы уақыттарда мұндай игілікті жұмыстар жалғасын табатын болады.Бұл тұрғыда ауыл жастарының белсенділігін арттыру үшін жасалатын жұмыстарымыз әліде жеткілікті.

Казіргі уақытта селомызда 70-тен астам жеке меншік құрылымдар жұмыс істеуде, атап айтқанда дүкендер, тойхана, наубайхана, шаштараз, моншалар мен дәрі-дәрмек киоскілері халыққа сауда және тұрмыстық қызмет түрлерін көрсетуде.

Есепті мерзім ішінде селомызда бір инвестициялық жоба іске асырылды. Ауыл тұрғыны, кәсіпкер азамат Ө. Қапсаттаров село басында «Балқантау» кулинариясын ашты. Оның заманауи жабдықталған цехтарыңда тұшпара (пельмени)жасайтын және наубайхана қондырғылары орнатылды. Әрі 10 шақты адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Қазіргі уақытта бұл азамат жұмысы тоқтап тұрған мал сою пунктін қайыра жабдықтап іске қосуға жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, село тұрғыны кәсіпкер азамат Нұрғазы Оспанов «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алып, өз үйінің ауласында ауқымды жылыжай (теплица) тұрғызды. Алдымыздағы жылдан бастап ауылымыздың тұрғындары оның жемістерін көретін болады. Ал, Арман Сағатов деген азамат бұрынғы «Шұғыла» кинотеатрын өз меншігіне алып, жөндеуден өткізді. Қазіргі уақытта оны тойхана ретінде қайыра жабдықтап, желтоқсан айында халық игілігіне пайдалануға берді.

Өздерінің жеке шаруа қожалықтарын ашуға өткен жылы селодан 5 адам өтініш жасаған болатын. Бұлардың ішінен ауылдасымыз Шпак Денис конкурсқа қатысып,өзіне керекті жер жағдайын шешіп алды.Ол алғашқы жұмысын халықтың бойдақ малдарын бағумен және қысқы мал азығын дайындап,сатумен бастады. Ал, биылғы жылы қалған 4 азаматтың шаруа қожалықтарын құруға қажетті жер мәселесінің тиісті орындар арқылы оң шешіліп,олардың өз жұмыстарын бастауларына мейлінше жанды көмек көрсету қажет деп санаймыз.

Ауыл халқына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында өткен қараша айында село халқына 20 тонна кебек жеткізіліп,арзандатылған бағамен сатылды.

Сонымен бірге қараша айында селода жылдағыдай дәстүрлі «Ауыл Береке-2014» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге осы өңірдегі 7 селолық округтен ауыл шаруашылығы өңімдері село халқына төмен бағамен ұсынылды. Әсіресе, мал азығы жем-шөп түрлеріне сұраныс мол болып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруге септігін тигізді.

Егіндібұлақ селолық округі бойынша жұмыс істемейтіндер адамдар саны 100 ден астам болса, осының ішінде жұмыссыз ретінде 10 адам ресми тіркеуде тұр. Жыл басынан бері қарай 26 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Жұмыссыздар есебінен 30 адам ақылы-қоғамдық жұмысқа тартылды, ал 15 шақты адам «Алтайполиметалл» кенішіне жұмысқа орналасты. Ауылдағы халықтың әлеуметтік жағдайы мен жұмыссыздықты азайту мақсатында село әкімдігі өз құзыреті шегінде шаралар көруде.

Село халқының тікелей айналысатын кәсібі малшаруашылығы болғандықтан,соңғы жылдары ауылда мал басы өсіп келеді.Осыған орай селолық округ бойынша 2014 жылға жоспарланған малдәрігерлік профилактикалық диагностикалық іс шаралар түгел орындалды. Мал басын бірдейлендіруде белгіленген жұмыстар атқарылып,атрибуттық төлем ақылар толық жабылды. Соңғы жылдардан бері қарай ауыл тұрғындары қолдарындағы малдарын асылдандыруға түсіністікпен қарап, оған бетбұрыс жасауда.Оның ішінде селодағы қолдан ұрықтандыру пунктінің жұмыстарыда өз жемістерін бере бастады.

Бүгінгі күні алдымызда тұрған басты міндеттердің бастысы қысқы мау-сымды ойдағыдай өткізу болып отыр. Селодағы мекемелердің барлық жылыту қазандықтары отын және от жағушы жұмыскерлермен толық қамтамасыз етілген. Қысқы от жағу маусымы бір қалыпты жағдайда өтуде. Тосын жағдайларға жол берілген жоқ.

Елді мекендегі көшелерді қардан тазалау жұмыстары бойынша арнайы техника үзбеліксіз жұмыс жасауда.

Казіргі уақытта село әкімі аппаратының халыққа көрсетіп отырған мемлекеттік қызметтерінің сапасына және олардың орындалу мерзімі бойынша тұрғындардан өтініш-шағым түскен жоқ.

Алдағығы 2015 жылға да селоның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруе белгіленіп отырған іс-жоспарларымыз ауқымды. Сол атқарылатын жұмыстарға дефектілік ведомость әзірленді. Аудандық экономика және бюджет бағдарлау бөліміне берілді .Атап айтар болсақ оның ішінде»Өңірлерді дамыту»бағдарламасы бойынша бөлінетін 2720мың тенге қаржыға селодағы халық тығыз орналасқан,әрі оқушы балалар көп жүретін Балқантау көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу белгіленіп отыр.

Ендігі мәселе осы қаржыны тиімді пайдаланып, өз мақсатында жұмсап толық игеру болып табылады.

Біздің адымызда тұрған күрлелі мәселенің бірі - ол селомыздағы жұмыссыздықты мейлінше азайту болып табылады. Бұл мақсатта біршама іс шаралар белгіленіп,оларды іске асыру жоспарлануда.Ең бастысы іргеміздегі «Көктасжал» кенішіне жұмысқа селодағы жұмыссыз адамдарды тарту үшін «Алтай Полиметал» ЖШС жұмыс жасаудамыз.

Сонымен бірге селода шағын бизнес саласын көтеруде өз ісін ашамын деген азаматтармен әңгіме жүргізіп, оларға «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие алуына көмек көрсетіп,олардың жұмыстарын бастауларына жағдай туғызуымыз қажет. Дегенменде, несие алуда әліде шешілмеген түйткілді мәселелер бар. Мәселен, ауыл тұрғыны жас азамат Т.Рыскулов селодағы бұрынғы шаруашылық товарлары дүкенін меншігіне алып, жөндеуді бастады. Қазір қаржысының жоқтығынан жұмыстары тоқтап тұр. Екі жылдан бері қарай қажетті барлық құжаттарын тапсырсада «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие ала алмай отыр. Сырттағы жүрген білікті жерлес кәсіпкер азаматтарымыз арқылы инвеститция тартып, селодағы бос тұрған ғимараттарды жөндеуден өткізіп, ауыл халқына әлеуметтік-тұрмыстық, сауда қызметтері түрлерін көрсететін орындарға айналдырсақ қосымша жұмыс орындарын ашуға жол ашылмақ.

Село әкімінің аппараты елді мекенді одан әрі сәулеттендіріп және санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуде коғамдық ұиымдар және мекеме басшыларымен бірлесе отырып ықпалды іс-шаралар белгілеп,олардың орындалысына нақтылы бақылау-басшылық жасауды басты бағыттарының бірі деп санайды. Сондай-ақ, село көшелерін жарықтандыру мен жолдарды жөндеу жұмыстарын одан әрі қарқынды жүргізу бүгінгі күн талабынан түспейтін өзекті мәселенің бірі.Ауыл халқыда бізден осыны талап етуде



Түйіндеп айтқанда село әкімінің аппараты Елбасы Жолдауында көтерілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында селомызды әлеуметтік-экономикалық дамытудың биылғы жылға белгілеген жоспарлы жұмыстарын толық орындауға барынша күш салады деп сендіреді.
Егіндібұлақ селолық округінің әкімі: Р.Инербаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет