ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының



Дата25.02.2016
өлшемі88.84 Kb.
#24968


ҚРӘМ № 4444 03.11.2006ж.тіркелді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН



ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2006 жылғы 23 қыркүйек № 215




қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы




өзгерістер мен толық:

1.ҚҚА № 206 16.07.2007ж.

2.ҚҚА № 81 26.05.2008ж.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енеді және ресми түрде дариялануы тиіс.

3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9-қаңтардағы № 2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4078 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.

4. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға А. Дунаев


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы «23» қыркүйектегі № 215 қаулысымен бекітілген



қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесі


Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39–бабының 2–тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) қаржылық қызмет бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейі туралы ақпаратты тарату кезінде шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу тәртібін белгілейді.

Осы Ереже банкаралық заемдарға және/немесе банкаралық депозиттерге таратылмайды.



1–тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – осы Ережеге сәйкес есептелетін қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есепке алынатын сыйақы мөлшерлемесі;

2) заеммен байланысы бар депозит – заемшының атына ашылған және берілетін заемды қамтаамасыз ету болып табылатын не заем шартының талаптары бойынша болуы міндетті болып табылатын депозит;

3) клиент – банктің қызметін пайдалануды ниет етіп жүрген немесе пайдаланып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

4) қызмет – банктердің банк салымының шартымен ресімделген депозиттерді қабылдау бойынша операцияларды және банктік заем операцияларын жүзеге асыруы;

5) заем - уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктің төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттерді беруі.


2–тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебі
2. Банктер тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін басқа сыйақы мөлшерлемелерімен шрифті ресімдеу нысаны, көлемі және стилі (курсив, жартылай қара әріппен жазылған, түспен бөлініп көрсетілген, мөлшері) бойынша бірдей бірыңғай форматта көрсетеді:

қызмет бойынша cыйақы шегі, оның ішінде оның жариялануы туралы ақпаратты тарату кезінде;

клиенттердің ауызша және жазбаша сұратуларында;

клиенттермен жасалған шарттарда банктің сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген сол сөйлемде.

3. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банк ұсынатын қызметтің әр қайсысы бойынша есептеледі.

4. Берілетін заемдар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:





онда:

APR – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

D – алғашқы заем сомасы;

k­ – клиенттің заемдарды және алғашқы заемды алған күнгі банктің онымен байланысты қызметін қабылдағаны жөніндегі төлемінің жалпы сомасы;

L – алғашқы заемды алған күні енгізілген заемдарға байланысты депозиттер сомасы;

n – клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;

j – алғашқы заемды алған күннен кейінгі клиентке төлем жасау реттік нөмірі;

Sj – клиентке j–ші сомамен төлем жасау, оның ішінде кезекті заемдар, заемдарға байланысты депозиттер бойынша сыйақы, депозиттерді қайтарым жасау, сондай–ақ тұрғын үй құрылыс жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақысы;

tj – клиентке алғашқы заемды берген күннен бастап төлем жасаудың j–ші сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі;

m – клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;

i – клиенттің төлемінің реттік нөмірі;

Рi – клиенттің алғашқы заемды алған күннен кейінгі і–ші төлем сомасы, оның ішінде заемдар бойынша сыйлықақы, осы Ереженің 5–тармағына сәйкес депозиттер мен төлемдерді енгізу;

ti – алғашқы заемды берген күннен бастап клиенттің і–ші төлем жасау сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі;

5. Сыйақы сомасынан басқа клиенттің заем алу үшін және соған қатысты барлық банк қызметіне байланысты төлемдерінің жалпы сомасына мыналар жатады:

заемдарды алғаны үшін комиссиялар;

құжаттарды қарағаны және/немесе банктік шоттар ашқаны үшін төлем жасау;

басқа төлемдер (банктік шоттарға қызмет көрсету құны, қолма–қол ақшаны алу комиссиясы, есепшотпен жасалатын төлемдер және басқалар).

Банктік заемдарға қызмет көрсетуден басқа өзге мақсаттарда пайдаланатын банктік шоттарды ашу және жүргізу үшін комиссия жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеген кезде ескерілмейді.

Қызметтерді көрсету шартымен көзделген комиссия және қызметтерді көрсету шартына қол қою күніндегі белгісіз өндіріп алу фактісі нақты төлем жасалғаннан кейін клиенттің талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеген кезде ескеріледі.

Клиент төлемдерінің жалпы сомасына банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген заемдар бойынша сыйақы сомасын қоспағанда, осы заемдарға қызмет ету бойынша қызметті ұсынатын банктің комиссиясы кіреді.

6. Тартылатын депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

онда:

APR – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

n – клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;

Lj – клиенттің j–ші төлем сомасы, оның ішінде депозитке енгізу және онымен байланысты банк қызметінің төлемі;

j – клиент төлемінің реттік нөмірі;

tj – клиенттің төлемінің j–ші сәтіне дейінгі (күндермен) депозитті қамтыған күннен басталған уақыт кезеңі;

m – клиентке төленген соңғы төлемнің реттік нөмірі;

i – клиентке төлем жасаудың реттік нөмірі;

Рi – клиентке і–ші төлем сомасы, оның ішінде депозит бойынша сыйақы, депозиттерді қайтару, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақысы;

ti – депозитке қамтылған күннен бастап і–ші төлем жасау сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі.

7. Банктер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді алгебралық әдіспен, бір ізбен жақындатылған, компьютерлік бағдарламаларды қолданған интерация әдісімен жүзеге асырады.

Клиент жасаған төлем және/немесе клиентке жасалған төлем нақты төлем жасалған сәтте, болашақта – төлем кестесі бойынша ескеріледі.

8. Клиент және банк әр уақыттарда төлеген сомалар тең болуы міндетті емес және бірдей уақыт аралығы арқылы төленеді.

9. Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған сан бір ондық белгіден асатын болса, онда онда ол былайша ондық үлеске дейін дөңгелектенуі тиіс:

1) егер жүздік үлес 5–ке тең немесе одан артық болса, онда оныншы үлес 1-ге өседі де, оның артындағы барлық белгілер алып тасталады;

2) егер жүздік үлес 5–тен кем болса, онда оныншы үлес өзгеріссіз қалады, оның артындағы барлық белгілер алып тасталады.



3–тарау. Ақпаратты ашу тәртібі
10. Қызмет көрсету шартында банктің комиссияларын (сыйақы және басқа төлемдер) ұстайтын және тиімді сыйақы мөлшерлемесіне әсер ететін, олардың мөлшері мен оларды анықтау тәртібіне сілтеме, сондай–ақ сыйақы мөлшерлемесінің тәртібі мен мерзімінің өзгеруі жөніндегі операциялар тізбесі болуы тиіс.

Егер шартта сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі көзделген болса, осы ақпаратты клиентке жеткізу тәсілі тараптардың келісімі арқылы анықталады.

Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейінгі клиентпен жасалған қолданыстағы шарт бойынша шартқа өзгерістер енгізген жағдайда, оның ішінде клиенттің өтініші бойынша, банк өзгерістерді енгізгенде шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуді көздеуі тиіс клиент банкпен жасалған шартқа өзгеріс енгізу үшін банкке сұрату жасатқан кезде банк енгізетін өзгеріс жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жөніндегі шартта көзделуі тиіс.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі базалық көрсеткіштерге (құнсыздану деңгейі, LIBOR мөлшерлемесі, шетел валютасы бағамы және басқалар) қатысты болған жағдайда банк базалық көрсеткіштерді жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі есептелген күні пайдалану керек болады.



10-1. Сыйақы мөлшерлемесі өзгерген жағдайда берілген заем бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қосымша келісім жасалған кезде клиент төлеуге тиісті кредиттеудің және комиссияның қалған мерзімі негізгі қарыз қалдығы немесе кредиттік желі бойынша кредиттеу лимиті негізінде есептелу тиіс.

11. Кредиттік желі бойынша заемдар беру кезінде жылдық тиімді мөлшерлеме кредиттік желіні ашы туралы келісімде және осы келісім аясында жасалған әр шартта белгіленген талаптар негізінде көрсетіледі.

12. заемдар беру кезінде мыналар ескеріледі:

1) заемды өтеудің белгілі кестесі болмаса және оны кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе заем шартының талаптарынан анықтау мүмкін болмаса, онда ол заем шарты жасалған сәттен бастап 1 жыл мерзімге берілді деп есептеледі;

2) егер кредиттік желісін ашу туралы келісімде немесе заем шартында заемды өтеудің бірнеше мүмкін күндері айтылып, басқа нұсқаулар болмаған жағдайда, заем аталған мерзімдердің ең қысқасы бойынша беріледі және өтеледі деп болжалданады;

3) егер берілетін заемның сомасы көрсетілмесе, онда кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе заем шартының қолданылу мерзіміне келісімде көрсетілген заемның барынша жоғары сомасы қамтамасыз етіледі деп болжалданады;



  1. егер клиенттің төлем жасау күні белгіленбеген болса, онда ол кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе заем шартының қолданылуы басталған сәттен бастап жүзеге асырылады.

Кредиттік желіні ашу туралы барлық келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қажетті мәндер жоқ болған жағдайда, банк оны келісім аясында жасалған шарттарда көрсетеді.

12-1. Тартылатын депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуде мынадай талаптар ескеріледі:

1) егер шартта депозитті қайтарудың мерзімі белгіленбеген болса, депозит шартты жасасқан сәттен бастап бір жыл мерзімге енгізілген деп есептеледі;

2) егер шарт талаптарында депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жоқ болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банктің комиссияларын ескеріп есептеледі, және шартта көрсетіледі.

13. Тасымалдау түрлеріне (рекламалық буклеттер, жол жиегіндегі билбордтар, стендтер, үнпарақтар және сол сияқтылар) қатыссыз, қызмет бойынша сыйақылар шегі туралы, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары, веб-сайт, электронды почта, телефон арқылы, клиенттерге ауызша кеңес беру арқылы қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттарда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі туралы мәліметтер болуы тиіс.

13-1. Қызмет бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты әр таратуда міндетті түрде осы қызметтерді (комиссияларды, кепіл түрін) ұсынудың талаптары болуы тиіс.



4–тарау. Қорытынды ережелер




14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешімін табады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет