Және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына



жүктеу 34.73 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі34.73 Kb.


ЖОБА

Шемонаиха ауданындағы

5 құм-қиыршықтас қоспасының



Шемонаиха кен орнын қазу

ауданындағы Оба өзенінің су қорғау

аймағы мен су қорғау белдеуін

және оларды шаруашылыққа

пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «№ 5 құм-қиыршықтас қоспасының Шемонаиха кен орнын қазу ауданындағы Оба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Белгіленсін:

1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шемонаиха ауданындағы № 5 құм-қиыршықтас қоспасының Шемонаиха кен орнын қазу ауданындағы Оба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шемонаиха ауданындағы № 5 құм-қиыршықтас қоспасының Шемонаиха кен орнын қазу ауданындағы Оба өзенінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ. Қ. Сапарғалиев) «№ 5 құм-қиыршықтас қоспасының Шемонаиха кен орнын қазу ауданындағы Оба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»


Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігі

Су ресурстары жөніндегі комитетінің

су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік

инспекциясының басшысы

______________ Д. Тілеубаев

2013 жылғы «___»_______________

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігі Мемлекеттік санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау комитетінің

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

департаментінің басшысы

______________ Т. Ерубаев

2013 жылғы «___»_______________

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2013 жылғы

«___» ________________

№ __________ қаулысына

қосымша



Шемонаиха ауданындағы № 5 құм-қиыршықтас

қоспасының Шемонаиха кен орнын

қазу ауданындағы Оба өзенінің

су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі



Су объектісі, оның учаскесі



Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)

Алаңы, (га)

Орта-ша

ені, (метр)



Шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)

Ала-ңы, (га)

Орта-ша

ені, (метр)



Оба өзені, «№ 5 құм-қиыршықтас қоспасының Шемонаиха кен орнының тұсындағы оң жағалау

1,30

90,0

500

1,96

6,5

35

Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «№ 5 құм-қиыршықтас қоспасының Шемонаиха кен орнын қазу ауданындағы Оба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет