Және орнату талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



жүктеу 0.68 Mb.
бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылы « 26» ақпандағы

№ 36 бұйрығымен

бекітілген

Стационарлық компрессорлық қондырғыларды,

ауа өткізгіштерді және газ өткізгіштерді қауіпсіз пайдалану

және орнату талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Бұл Талап қуаттылығы 14 кВт және одан жоғары бекітілген стационар поршендік және ротациондық компрессорларға, сонымен қатар қысымы 0,2 ден 40 МПа дейінгі инертті газдар және ауамен жұмыс істейтін ауа өткізгіштер және газ өткізгіштерге, компрессорлық қондырғыларға (ауа жинағыштар, газ жинағыштар, май ылғал айырғыштар және басқа да ыдыстар) таратылады.

Талаптар орталықтан тепкіш және діңдік компрессор машиналарын; қопарылу қаупі бар, улы, радиоактивті газдармен және ацетилен қатарындағы газдармен жұмыс істейтін компрессорларды жобалауға, монтаждауға және пайдалануға таратылмайды.

2. Компрессорлық қондырғылардың айдау құбырлы өткізгіштерін жобалау осы Талапқа, салалық ғылыми-техникалық құжаттамаларға (әрі қарай-ҒТҚ), құрылыс нормалары және ережелеріне (әрі қарай-ҚНжЕ) сәйкес жүргізіледі.

3. Құбыр өткізгішінің жобасында мыналар көрсетіледі:

1) есептеу қызмет мерзімі;

2) есептеу ресурсы;

3) қосудың есептеу саны (4 МПа-дан (40 кгс/см2) артық қысыммен жұмыс істейтін құбырлы өткізгіштер үшін);

4) құбырлы өткізгішті гидравликалық сынау кезіндегі сынақ қысымының шамасы, МПа (кгс/см2);

5) гидравликалық сынақ кезінде құбырлы өткізгішті сынама қысымда ұстап тұру шамасы, мин;

6) құбырлы өткізгішті тығыздыққа сынау кезіндегі қысым шамасы, МПа (кгс/см2);

7) құбырлы өткізгішті тығыздыққа сынау кезінде сынақ қысымында ұстап тұру уақыты, % сағ.;

8) құбырлы өткізгішті тығыздыққа сынау кезінде ондағы рұқсат етілетін қысымды түсіру шамасы, % сағ.

4. Материалдар (құбырлар, түтікшелер, иілген элементтер (иіндер), компенсаторлар, фланецтер, тығындар, төсемелер, арматура, электродтар, пісіру сымтемірлері, болттар, шпилькалар, гайкалар тағы сол сияқты), компрессорлық қондырғылардың құбырлы өткізгіштерін дайындау, монтаждау және жөндеу кезінде қолданылатын пісірілген қосылыстарды бақылау әдісі мен көлемі жобалау ұйымымен анықталады және жобада көрсетіледі.

5. Құбырлы өткізгішті дайындау, монтаждау, жөндеу және пайдалану үрдісінде туындауы мүмкін жобадағы барлық өзгертулер жобаны әзірлеген ұйыммен келістіріледі.

6. Құбырлы өткізгіш бөлшектерінің арматураның, элементтердің қосылысы пісірумен жүргізіледі.

Фланецті қосылыстар қолдануға тек құбырлы өткізгіштерді арматураға және фланеці бар құрал-жабдықтар бөлшектеріне ғана жалғау үшін ғана рұқсат етіледі.

Резъбалық қосылыстар тек бақылау-өлшеу аспаптарын жалғау үшін (манометрлер, термометрлер гильзалары тағы сол сияқты) рұқсат етіледі.

7. Бойлық жапсары бар құбырлардан дайындалған үш тарамды қосылыстарды 1,2 МПа (12 кгс/см2) артық емес қысыммен жұмыс істейтін құбырлы өткізгіштер үшін қолдануға рұқсат етіледі; бұл кезде пісіру жапсарларын барлық бойлық бойынша радиография немесе ультрадыбыстық дефектоскопиямен (УДД) сапасын тексеру орындалады.

8. Құбырлы өткізгіштер мен аспалы металл конструкцияларда коррозиядан сенімді сақтандыру бар.

9. Қыметкерлерге қызмет көрсету үшін қол жетерлік орындарда орналасқан қабырғасының сыртқа бетінің температурасы 450С жоғары құбырлы өткізгіштердің барлық элементтері сыртқы бетінің температурасы 450С аспайтын жылу оқшаулағышпен қапталады.

10. Штуцерлерді, дренаж және үрлеу құбырларын және басқа да бөлшектерді пісіру жапсарына, құбырлы өткізгішредің иіндеріне қоса пісірумен жалғауға жол берілмейді.

11. Құбырлы өткізгіштердің қисық сызықты элементтерінің (иілген, құйылған, штампталған) құрылымы ҒТҚ талаптарына сәйкес келеді.

12. Майысқан элементтің (иіннің) қабырға қалыңдығы оның кез келген телімінде беріктікке есептеумен және ТН дайындауға бекітілген шамалардан кем емес.

Қабырғалар қалыңдығын өлшеу бұйымға ҒТҚ көрсетілген әдістеме бойынша жүргізіледі.

13. Иіннің көлденең қимасының максимал овал тәрізді болуы мына формула бойынша есептеледі:

мұндағы DHmax, DHmin-иіннің өлшенетін қимасындағы сәйкесінше максималды және минималды сыртқы диаметр.

Бұл овалдық бұйым ҒТҚ қаралған шамадан аспайды.

Құбырлардың иіндерінің дөңгелекше тәрізді пішіннен ауытқуы әрбір иін үшін өлшеулер нәтижелерімен анықталады немесе шекті шаблондар көмегімен бақыланады.

Құбыр иінінің «В» неғұрлым созылған бөлігіндегі қабырғаның жіңішкеру шамасы мына формуламен анықталады:



мұндағы SФ -құбыр қабырғасының нақты қалыңдығы, мм;

Smin-майысқан телімдегі құбыр қабырғасының минимал қалыңдығы, мм;

SH -түзу құбыр қабырғасының номинал қабырғасы, мм.

Қабырғаның жіңішкеру шамасы құбырлы өткізгіштің иеленуші-кәсіпорын қарауы бойынша іріктелген тәртіпте жүргізілетін иіндерді кесуден кейін қабырға қалыңдығын өлшеу жолымен тексеріледі.

Құбыр жалғанатын элементтің сыртқы бетінен құбырдың тілуі басталатын орынға дейінгі аралық құбырдың сыртқы диаметрінен кем емес, бірақ 50 мм кем емес.

14. Құбырлы өткізгіштердің барлық пісіру жапсарлары құбырлы өткізгішті жоба бойынша қаралған бақылау әдістемесімен тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылады.

15. Құбырлар мен фасондық бөлшектерді жалғау үшін толық балқумен қыспақтай пісіру қолданады.

Бұрыштық пісіру қосылыстарын штуцерлер, құбырлар, тегіс фланецтер құбырлы өткізгіштеріне пісіру үшін рұқсат етіледі. Бұрыштық қосылыстар толық балқытумен орындалады.

16. Қабырға қалыңдықтары әр түрлі элементтері қыспақтай пісірілген қосылыстарда элементті неғұрлым қалың қабырғасы шетінен сәйкесінше бір жақты немесе екі жақты механикалық өңдеу жолымен үлкеннен кішіге баяу алмасумен қамтамасыз етіледі.

Беттердің қиғаштануының алмасу бұрышы 150 артық емес.

17. Құбырларды және бойлық және спиральдік пісіру жапсарлары бар басқа да элементтерді пісіру кезінде соңғысы бір біріне салыстырмалы орын ауыстырады. Бұл кезде орын ауыстыру пісірілетін құбырлардың (элементтер) қабырғаларының үш дәрежелі қалыңдығынан кем емес, бірақ 100 мм кем емес. Бұл талап сыртқы диаметір 100 мм кем емес элементтер мен құбырларға таратылмайды.

18. Көлденең қыспақты пісіру қосылыстар үшін құбырлы өткізгіштің түзу телімдерінде көрші пісіру жапсарларының осьтерінің арақашықтығы пісірілетін құбырлардың (элементтер) қабырғаларының үш дәрежелік қалыңдығынан кем емес, бірақ 100 мм кем емес. Пісіру жапсарының діңінен иіннің дөңгеленуінің басына дейінгі арақашықтық 100 мм кем емес.

19. Тік иілген, штампталған және штамптап пісірілген иіндерді орнату кезінде дөңгеленудің басында көлденең пісіру қосылыстарының орналастырылуына және тік телімі жоқ тік иілген иіндерді өзара пісіруге рұқсат етіледі.

20. Құбырлар мен құбырлы өткізгіштер элементтерімен штуцерлердің бұрыштық пісірілген қосылыстары үшін элементтің сыртқы бетінен құбырдың иілісінің бастамасына немесе көлденең қыспақ жапсарының діңіне дейінгі арақашықтық мынадай:

1) сыртқы диаметрі 100 мм дейінгі құбырлар (штуцерлер) үшін-құбырдың сыртқы диаметрінен кем емес, бірақ 500 мм кем емес;

2) сыртқы диаметрі 100 мм және одан жоғары құбырлар (штуцерлер) үшін-500 мм кем емес.

21. Құбырлы өткізгіштің көлденең пісіру діңі қосылысынан тірек діңіне немесе аспаға дейінгі арақашықтық ҒТҚ қаралған бақылау және тексеру жүргізу мүмкіндігін ескере отырып таңдалып алынады.

22. Ауа өткізгіштер мен газ өткізгіштерді (инертті газдар) жер үстілік төсеген кезде әр түрлі тағайындалған технологиялық құбырлы өткізгіштермен біріктіріп төсеуге рұқсат етіледі, бұған бір құбырлы өткізгішті төсеу басқаларына өнеркәсіптік қауіпсізідік талаптары бойынша қарама-қайшы келетін жағдайлар жатқызылмайды.

23. Арматура қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге ыңғайлы орындарда орнатылады. Қажет болғанда сатылар және алаңдар орнатылады.

24. Құбырлы өткізгіштердің аспалы конструкциялары, олардың тіректері мен аспалары (серіппелерді қоспағанда) оқшауландырғышпен қапталған және су толтырылған құбырлы өткізгіш массасы жүктеуіне және құбырлы өткізгіштердің жылу ұлғаюынан туындаған күшке есептелген.

Құбырлы өткізгіштердің тіректері мен аспалары гидравликалық сынақтар кезіндегі су массасын ескерусіз, бірақ жұмыс ортасының массасын ескерумен есептелген. Бұл жағдайда жобада гидравликалық сынақ кезінде серіппелер, тіректер және аспалар жүктемесін айыру үшін арнайы құралдар қолдану қарастырылған.

25. Жылжымайтын тіректер оған берілетін жүктемелердің неғұрлым қолайсыз үйлесуі кезіндегі жүктемеге есептеледі.

26. Құбырлы өткізгіштің бекіту құрылғыларымен сөндірілетін әрбір төменгі нүктелерінде құбырлы өткізгішті босату үшін бекіту арматурасымен жабдықталған жіберу штуцерлері қарастырылады.

Құбырлы өткізгіштердің жоғарғы нүктелеріндегі ауаны шығару үшін ауа тетіктері орнатылған.

27. Бекіту органдарымен сөндірілуі мүмкін құбырлы өткізгіштің барлық телімдері оларды үрлеу үшін шеткі нүктелерінде вентилі бар штуцермен, ал 2,2 МПа (22 кгс/см2) артық қысымда штуцермен және тізбектеліп орналастырылған екі вентильмен жабдықталған, олар: бекіту және реттеу.

Дренаждар құрылғысында құбырлы өткізгішті үрлеу кезінде олардың жұмысын бақылау мүмкіндігі қаралады.

28. Құбырлы өткізгіштердің төменгі шеткі нүктелері және олардың иіндерінің төменгі нүктелері оларды үрлеу құрылғысымен жабдықталады.

29. Әрбір құбырлы өткізгіш олардың қауіпсіз пайдалану жағдайын қамтамасыз ету үшін қысымды және жұмыс ортасының температурасын өлшеу аспабымен, бекіту және реттеу арматурасымен, сақтандыру қалқаншаларымен, дабыл беру құралдарымен, қорғаныс пен автоматтандырумен жабдықталған.

Арматура мөлшері мен орналастырылуы, қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ету ескеріле отырып өлшеу, автоматтандыру, дабыл беру және қорғаныс құралдары жобалау ұйымымен қаралған.

30. Арматура корпусында айқын марка бар, онда мыналар көрсетіледі:

1) дайындаушы-кәсіпорынның атауы немесе тауарлық белгісі;

2) шартты өту;

3) шартты қысым мен орта температурасы;

4) орта ағымының бағыты (бағыттауыш);

5) болат маркасы.

Арматураны арнайы салалық стандарттар бойынша дайындау кезінде шартты қысымның орнына жұмыс қысымын көрсетуге рұқсат етіледі.

31. Стационар компрессор қондырғыларының айдау құбырлы өткізгіштері (ауа өткізгіштер, газ өткізгіштер) былайша бөлінеді:

1) цех ішілік (компрессор шеткі тоңазытқыштан ауа жинағыш немесе газ жинағыштың алдында орнатылған бекіту органына дейін);

2) сыртқы құбырлы өткізгіштер (ауа жинағыш немесе газ жинағыштан кейін орнатылған бекіту органынан ауаны немесе инертті газды тұтынушы алдында орнатылған бекіту құрылғысына дейін).

32. Жаңа немесе қайта құрылған қондырғыны пайдалануға қабылдау құрылыс нормалары және ережелері (ҚНжЕ), осы Талап және күші бар қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану және құрылғы жөнінде нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес бекітілген тәртіпте жүргізіледі.

33. Компрессор қондырғысының құрамына енетін электр құрал-жабдықтары, электрмен жабдықтау қосылыстары күші бар электр қондырғыларын пайдалану және құрылғы жөніндегі және ҚНжЕ ІІІ-И.6-67 нормативатік құжаттар талаптарына сәйкес келеді.

34. Компрессорлық станция аумағы және оның барлық үймереттеріне ені 3,5 м кем емес жол жабыны бар келу жолдары салынған.

35. Ауа газ жинағыштар, айдау құбырлы өткізгіштер, май ылғал айырғыштар және олардың бөлшектерін дайындау, монтаждау және жөндеу үшін сәйкестік сертификаты бар және ену бақылауынан өткізілген материалдар мен жартылай фабрикаттар қолданылады.

36. Айдау құбырлы өткізгіштерін және ыдыстарды (ауа газ жинағыштар, май ылғал айырғыштар және басқа да қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар) пісіру, бөлек бөлшектер мен тораптарды, пісіру материалдарын және аппаратураны пісіруге дайындау сызбалар және өндірістік-технологиялық құжаттамалар бойынша жүргізіледі.

37. Пісіру жұмыстары өндірісіне аттестатталған пісірушілер жіберіледі.

38. Әрбір айдаушы ауа өткізгішке және газ өткізгішке иеленуші-кәсіпорын, дайындаушы-кәсіпорын немесе монтаждаушы ұйыммен ұсынылған құжаттама негізінде, бекітілген түрдегі төлқұжат жасалады (1-қосымша).

Құбырлы өткізгіш төлқұжатына мыналар қоса беріледі:

1) құбырлы өткізгіш элементтерін дайындау туралы куәлік (2-қосымша);

2) құбырлы өткізгішті монтаждау туралы куәлік (3-қосымша);

3) пісіру жапсарларының орналасу сұлбасы, онда мыналар көрсетілген:

құбырлар диаметрлері мен қалыңдықтары;

құбырлы өткізгіштің жалпы ұзындығы;

пісіру жапсарларының номерлері және олардың араларындағы арақашықтықтар;

пісірушілер таңбалары;

құбырлар болатының маркасы;

қосымша материалдар (электродтың, пісіру сымтемірінің маркасы, диаметрі);

4) құбырлы өткізгіште бекіту және реттеу арматурасын, сақтандыру, қосу, үрлеу, дренаж және басқа да құрылғылар, бақылау-өлшеу аспаптары, тіректер, аспалар, компрессорлар және олардың жеке номерлерін көрсетумен орындалатын технологиялық сұлбасы;

5) құбырлы өткізгішті монтаждау ұйымынан қабылдау актісі;

6) құбырлы өткізгіштің ажырамас бөлігі болып табылатын ыдыстарға төлқұжаттар және басқа да құжаттама;

7) өткізу қабілеттерінің есебімен сақтандыру қалқаншаларының төлқұжаттары.

Құбырлы өткізгіштің төлқұжаты осы Талапты, жобаны дайындаушы нұсқаулықтары, технологиялық регламентті ескерумен құрылады.

2-тарау. Компрессор станциясының ғимараты
39. Компрессор станциясы ғимараты, оның барлық құрылысы, машиналар, механизмдер, аппаратура, ыдыстар мен құбырлы өткізгіштер, бақылау және автоматтау аспаптары, құрал-жабдықты құрастыру осы Талапты, күші бар ҒТҚ және күші бар ҚНжЕ талаптарын қанағаттандырады.

40. Компрессор станциясы құрылысын жиналатын ауаға (сорылатын) улы немесе қопарылу қаупі бар қоспалар, шаң немесе ылғал түсуі мүмкін орындарға салуға жол берілмейді.

Газдардың, шаңның, қопарылу қаупі бар қоспалардың бар болуы компрессор станциясының орналасқан орнында бақылау өлшеулерін жүргізу жолымен анықталады.

41. Егер аралас ғимаратта қопарылу қаупі бар, өртену қаупі бар және құрал-жабдықтың коррозияға ұшырауына әкелетін және адам ағзасына зиянды әсер ететін химия өндірісі бар болса, компрессор станциясын өндірістік ғимарат ішіне немесе қоса салынған құрылысқа орналастыруға жол берілмейді.

42. Компрессор қондырғысы ғимараттарында компрессормен технологиялық және конструктивтік байланысы жоқ аппаратура мен құрал-жабдықты орналастыруға жол берілмейді.

43. Компрессорлық станция ғимаратының биіктігі 4 м кем емес. Ғимараттың жалпы өлшемдері компрессор қондырғысына және оның бөлек тораптарына қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеу шарттарын қанағаттандырады.

44. Өнімділігі 20 м3/мин жоғары барлық компрессорлар мен олардың қозғалтқыштары өндірістен бөлек шатыры жоқ отқа төзімді немесе қиын жанатын жабындардан бір қабатты жанбайтын ғимараттарда орнатылады.

45. Машина залындағы өту жолдары компрессор және электр қозғалтқышының монтаждалуы мен оған қызмет көрсету мүмкіншілігін қамтамасыз етеді және 1,5 м кем емес, ал құрал-жабдық пен ғимарат қабырғалары (олардың шығып тұрған бөліктері) араларындағы арақашықтық 1 м кем емес.

46. Компрессор қондырғысы ғимаратының едендері тегіс, тайғанамайтын бетті, майға төзімді және жанбайтын тозуға төзімді материалдардан жасалған. Арналар мен ойықтар еденмен алынбалы плиталармен жабылады. Жабылмайтын ойықтар, шұңқырлар және өту жолдары биіктігі 1 м кем емес шарбақтармен, олардың төменгі жағында биіктігі 0,15 м тұтас металл қоршамасы және горизонтал аралық элемент немесе тормен қоршалады.

47. Қабырғалар, төбе және технологиялық құрал-жабдық СН 181-70 сәйкес, ал құбырлы өткізгіштер 14202-69 МСТ талаптарына сәйкес боялған.

48. Компрессор ғимаратының есіктері мен терезелері сыртқа ашылады. Кіре берістегі есіктің сыртында қызмет көрсететін қызметкерлерді шақырту үшін дабыл бергіш орнатылған және «Бөгде адамдарға кіруге болмайды» деген жазуы бар плакат ілінген.

49. Компрессорлық қондырғы ғимаратында компрессор, көмекші құрал-жабдықтар және электр құрал-жабдықтарына жөндеу жүргізу үшін алаң қаралады.

50. Ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сәйкес жүк көтеру құрылғыларымен және механикаландыру құралдарымен жабдықталады.

51. Компрессор қондырғысы ғимаратында сүрту материалдарын, құрал-сайманды, төсемелер тағы сол сияқты жабық күйде сақтау үшін, компрессорлық майдың апталық қорын сақтау үшін арнайы орындар қаралған.

52. Компресорлық қондырғы ғимараты өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудың күші бар санитарлық талаптарына сәйкес ауа ортасын қамтамасыз ететін табиғи және жасанды желдетумен жабдықталған.

53. Компрессор қондырғысының машина залында керосин, бензин және басқа да оңай жанатын сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.

54. Компрессорлық станция ғимаратында ашық от шығаруға жол берілмейді. Компрессор станциясы ғимаратында, құбырлы өткізгіштерде, май ылғал айырғыштарда және ауа газ жинағыштарда ашық отты және электр пісіруді пайдаланумен монтаждау және жөндеу жұмыстары өндірісі наряд-шақтама бойынша жүзеге асырылады.

55. Компрессорлық станция ғимаратын жылыту орталықтан, ал оның температурасы плюс 15-300 С аралығында.

56. Компрессор қондырғысының машина залында шудан оқшауландырғыш будкада сағат және телефон орнатылған, онда алғашқы медициналық көмек аптечкасы бар.

57. Әрбір компрессорлық станцияда шешінетін және арнайы киімді сақтау ғимараты, санторап, қол жуғыш және душ, ал қажет болған жағдайда-су дайындау ғимараты (аралық және шекті тоңазытқыштар, компрессорларды суыту үшін кететін суды сүзгіден өткізу және жұмсарту) қарастырылған.



3-тарау. Компроссорларды қондыру және орналастыру
58. Компрессор мен оның қозғалтқышы ғимарат қабырғаларымен байланысы жоқ іргетастарда орнатылады.

59. Динамикалық жүктемелер түзетін компрессорлар құрылыс конструкциялары мен жерге берілетін діріл және туатын шуды төмендету үшін ғимаратта дірілден оқшаулағыш іргетастарда немесе амортизаторлар құрылғысымен орнатылады немесе діріл және шу деңгейін бекітілген нормалар шектерінен асырмауды шектеуді қамтамасыз ететін басқа шаралар қолданылады.

60. Компрессордың жұмысынан туындайтын дірілдің әсерін азайту үшін келесі талаптар орындалады:

1) копрессорлардың аралық іргетастары араларындағы алаңдар іргетасқа еркін тірелетін төсемелі (алынбалы);

2) компрессорға жалғанатын құбырлы өткізгіштерде ғимарат конструкциясына қатаң бекітпесіз; мұндай бекітпелер қажет болған жағдайда орын толтыратын құрылғы қаралады;

3) компрессор цилиндрларын құрал-жабдықпен (буфер ыдыстары, аралық және шеткі тоңазытқыштар) қосатын құбырлы өткізгіштерде деформацияның орнын толтыратын жеткілікті иілімді.

61. Компрессорлар мен электр қозғалтқыштардың және басқа да механизмдердің қозғалмалы және айналмалы бөлшектері сенімді қоршалған.

62. Еденнен қызмет көрсетуге болмайтын және қызмет көрсету қауіпті компрессордың жоғарыда орналасқан бөліктері арнайы алаңдармен және сатылармен жабдықталған.

Ұзындығы 5 м жоғары алаңдарда қарама-қарсы шеттерде орналасқан екеуден кем емес саты бар. Өту алаңдары мен сатыларда екі жағынан да төменгі жағынан биіктігі 0,15 м кем емес тұтас қаптамасы бар қалқандар бар.

63. Компрессор ғимаратында орнатылған алаңдар, ойықтар өту алаңдарында төменгі жағынан биіктігі 0,15 тұтас металл қаптамамен және көлденең аралық элементпен жабдықталған биіктігі 1 м кем емес қоршаулармен қоршалған.

64. Алаңдар төсемелері мен сатылар баспалдақтары:

1) ыдырай-жаймаланған табақшадан;

2) кедір-бұдырлы табақша болаттан немесе балқытумен (пісірумен) немесе басқа тәсілмен алынған беті тегіс емес табақшадан;

3) ұяшықтар елегінің алаңы 12 см2 жоғары емес жолақты (қабырғаға) немесе ұялы болаттан жасалады.

Тегіс алаңдар мен сатылар баспалдақтарын қолдануға, сонымен қатар оларды сым темір (дөңгелекше) болаттан жасауға жол берілмейді.

65. Сатылар көлденеңінен 500 артық емес бұрышпен орнатылады.

66. Сатылар ені 600 мм кем емес, баспалдақтар араларындағы арақашықтық-200 мм жоғары емес, сатылар ені-100 мм кем емес.

67. Алаңдардың еркін өту ені 600 мм кем емес, ал арматураға, бақылау-өлшеу аспаптарына және басқа да құрал-жабдыққа қызмет көрсету үшін-800 мм кем емес.

68. Электр қозғалтқыштар, компрессорлар, аралық және шеткі тоңазытқыштар, сонымен қатар май ылғал айырғыштар корпустары жермен тұйықталған.

69. Өнімділігі 10м3/мин артық ауа компрессорлары шеткі тоңазытқыштар мен май ылғал айырғыштармен жабдықталған. Өнімділігі 10 м3/мин дейін ауа қысымы 0,8 МПа-ға (8 кгс/см2) дейінгі бөлек компрессор қондырғыларын апат болған жағдайда ғимараттың қирамауын қамтамасыз ететін қабырғалардың есептеу беріктігі жеткілікті болған кезде көп қабатты өндірістік ғимараттың төменгі қабаттарына орнатуға рұқсат етіледі. Бұл қондырғылар өндірістік телімдерден тұтас жанбайтын қабырғалармен бөлектенген.

Компрессорлық құрылғыларды үнемі адамдар қозғалыста болатын тұрмыстық, қоғамдық, кеңселік, тағы сол сияқты қызметтік бөлмелердің астына орнатуға жол берілмейді.

4-тарау. Ауаны жинау (сору) және тазарту
70. Компрессормен ауаны жинау (сору) компрессор станциясы ғимаратының сыртында жер деңгейінен 3 м кем емес биіктікте газбен шаңы жоқ жақта күн радиациясы әсерінен қорғалған зонада жүргізіледі.

71. Ауаны жинауды жылу шығарғыш құрылғылар маңайында жүргізуге жол берілмейді.

72. Компрессордың ауа өткізгіші соратын шаңнан сорылған ауаны тазарту үшін атмосфералық шөгулерден қорғалған май висцин немесе құрғақ ауа сүзгісімен жабдықталған.

Сүзгі құрылғысының құрылымын бөлшектеу және тазалау үшін сүзгіге ыңғайлы қол жетерлік және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сүзгі құрылғысы компрессормен ауаны сору кезінде деформациялануына және дірілдеуіне жол берілмейді.

73. Сүзгі құрылғысы жеке немесе бірнеше компрессор үшін ортақ. Соңғы жағдайда әрбір компрессор үшін әрбір компрессор үшін оны ортақ сору ауа өткізгішінен сөндіру мүмкіншілігі (жөндеу үшін) қаралған.

74. Май висцин сүзгілері 1000 с жұмыс істегеннен кейін, бірақ екі айда бір реттен кем емес жиналған шаңнан мұқият тазартылады, дизель отынында немесе ыстық қышқылдың әлсіз ерітіндісінде, одан соң сумен жуылып кептіріледі.

Сүзгілер кептірілгеннен кейін висцин немесе қажетті тұтқырлығы мен тұтану температурасы бар басқа оған ұқсас маймен майланады.

Сүзгіні тазарту үшін бензин, керосин және басқа да жанғыш өнімдер қолдануға жол берілмейді.

Висцин сүзгілерінің ұяшықтарын тазалау мен майлауды тәртіппен жүргізу ұсынылады, бұл кезде әрбір ұяшықты тазарту арасындағы толық кезең 1000 сағаттан аспайды.

75. Құрғақ ауа сүзгілері дайындаушы нұсқаулығына сәйкес тазартылады.

76. Висцин немесе құрғақ ауа сүзгісіне ауаның өту кедергісі, егер нұсқаулықта кедергі шамасы көрсетілмесе, 50 мм су бағанынан аспайды.

Кедергі үлкен болған кезде сүзгіні тазарту, жуу және кептіруге жатқызылады.

77. Ауа сүзгілерімен жабдықталған өнімділігі 10 м3/мин дейінгі ауа компрессорлары үшін ауаны соруды компрессор станциясы ғимаратынан жүргізуге болады, бұл кезде сорылатын ауа құрамында шаң мен зиянды газдар жоқ.

78. Сорылатын ауаның жоғары шаңдануын жою үшін компрессор қондырғылары зауыттық дайындалған сүзгілермен жабдықталған.

5-тарау. Бақылау-өлшеу аспаптары және сақтандыру құрылғылары (қалқаншалар)

1-параграф. Жалпы талаптар
79. Жұмысты басқару, компрессор қондырғыларына қауіпсіз қызмет көрсету және қауіпсіз пайдалану тәртібін қамтамасыз ету үшін мыналармен жабдықталған:

1) жұмыс ортасы (ауа) мен майдың қысымын өлшеу аспаптарымен;

2) жұмыс ортасының (ауа, газ), суытқыш су мен май температурасын өлшеу аспаптарымен;

3) сақтандыру құрылғыларымен (қалқаншалар);

4) автоматты бақылау, басқару, дабыл беру және сақтандыру аспаптарымен;

5) ауа өлшеуіштермен, газ өлшеуіштермен.

80. Жобада компрессор тәртібін, параметрлерін бақылау және сөндіруді, сенімді пайдалануды, жалпы компрессор қондырғысына қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде арматура, өлшеу құралдары, автоматика, дабыл беру және сақтандырғыш қаралған.

81. Арматура, бақылау-өлшеу аспаптарын және сақтандыру құрылғыларын қорғау тәсілін, мөлшерін және орнату орнын таңдау жобамен қаралады.


  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет