2-параграф. Жұмыс ортасының қысымын өлшеуге арналған аспаптар
82. Жұмыс ортасының қысымын өлшеу аспаптары майлау үшін компрессор майын беретін май өткізгіште, айдау құбырлы өткізгішінде, ауа газ жинағыштарда, компрессорды сығудың әрбір сатысынан кейін орнатылады.
83. Әрбір манометрдің алдында бақылау манометрін орнату, жұмыс манометрінің оңтайлылығын тексеру, оны жұмыс қысымынан сөндіру және атмосферамен жалғау үшін үш торамды кран орнатылады. Үш торамды кранның алдында сифондық түтік диаметрі 10 мм кем емес май буфері немесе жұмыс ортасының ықпалынана манометрдің зақымдануынан сақтайтын басқа құрылғы орнату ұсынылады. Қысым 2,5 МПа (25 кгс/см2) артық болғанда үш торамды кранның орнына екінші манометрді жалғау үшін бекіту құрылғысы бар бөлек штуцер орнатуға болады. Манометрді жұмыс ортасымен қосатын тізбекте ортадан сынама алу үшін қосуға болмайды.
84. Сығудың соңғы сатысы 30 МПа (300 кгс/см2) және одан жоғары болғанда екі манометр орнатылады.
85. Манометрдің жұмыс қысымы кезінде оның тілі шкаланың үшінші орта шкаласында тұратындай шкаламен қаралады.
86. Манометр циферблатында жоғарғы рұқсатты жұмыс қысымына сәйкес келетін бөлік бойынша қызыл сызық жүргізілген.
Манометрдің циферблатына салынған қызыл сызықтың орнына манометр корпусына дәнекерленіп немесе басқа тәсілмен металл пластик бекітіп, қызыл бояумен бояуға және монометр шкаласына сәйкестендіріп, шынысының тығыз жатқызуға рұқсат етіледі. Манометрдің шынысына қызыл бояу жағуға жол берілмейді.
87. Манометрлердің дәлдік класы мына шамадан төмен емес:
1) 2,5-жұмыс қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейін;
2) 1,5-жұмыс қысымы 2,5 МПа-дан 14 МПа (25 тен 140 кгс/см2) дейін;
3) 1,0-жұмыс қысымы 14 МПа (140 кгс/см2) артық.
88. Манометрлерді орнатқан кезде олардың көрсеткіштері қызмет көрсететін қызметкерлерге айқын көрінеді, бұл кезде оның шкаласы көрсеткіштікті жақсарту үшін тік немесе алға 300 дейін қиғаш болады.
89. Бақылау алаңы деңгейінен 2 м дейінгі биіктікте орнатылған манометрлердің номиналды диаметрі 100 мм кем емес, ал 2-3 м дейінгі биіктікте-160 мм кем емес.
Манометрлерді бақылау алаңынан 3 м артық биіктікке орнатуға рұқсат етілмейді.
90. Таңбалану және пломбылануымен манометрлерді тексеру кем дегенде 12 айда 1 рет жүргізіледі, бұдан басқа компрессор қондырғысының иеленушісі кем дегенде 6 айда бір рет жұмыс манометрлерін бақылау манометрлерімен қосымша (кезеңдік) тексеру жүргізіп жұмыс манометрлерінің бақылау тексерулерінің нәтижелерін журналға жазады.
3-параграф. Жұмыс ортасының температурасын тексеруге арналған аспаптар
91. Термометрлер және басқа да датчиктер мынадай жұмыс ортасының температурасын анықтауға арналады:
1) компрессордың әрбір сығу сатысында (кіре берісте және шыға берісте) және айдау құбырлы өткізгішінде инертті газдарды немесе сығылған ауаны;
2) компрессорды суытуға келген суды, сонымен қатар суды қотаруда әрбір аралық және шеткі тоңазытқыштан кейін;
3) компрессор механизмін майлау үшін келген майды.
92. Стационар сынапты (металл қаптамалы) термометрлермен сығылған жұмыс ортасының температурасын өлшеу үшін құбырлы өткізгіштің ішкі диаметрінен гильзалардың 80-85 % тең отырғызу тереңдігі қолданылады. Гильзалар құбырға пісірілмейді, ол кем дегенде айына бір май қалдықтарынан гильзаның сыртқы бетін тазартып тұру үшін резьбаға отырғызылады.
4-параграф. Сақтандыру құрылғылары
93. Сақтандыру құрылғылары ретінде мыналар қолданылады:
1) серіппелі сақтандыру қалқаншалары;
2) рычагты-жүкті сақтандыру қалқаншалары;
3) қирайтын мембраналы сақтандыру құрылғылары (мембраналы сақтандыру құрылғылары).
94. Серіппелі сақтандыру қалқаншалары ауаны суыту телімінің компрессорды әрбір сығу сатысынан кейін де, айдау тізбегінде де және ауа жинағышта да орнатылады.
95. Рычагты-жүкті сақтандыру қалқаншалары айдау тізбегінде және ауа жинағышта орнатылады.
96. Мембраналы сақтандыру құрылғыларын орнату қажеттілігі мен орнын жобамен анықталады. Сақтандыру мембраналары оларға арналған қыспалы құралда орнатылады. Әрбір сақтандырғыш мембрананың іске қосылу қысымы мен пайдаланудың рұқсатты температурасы көрсетілген зауыттық таңбасы болады. Төлқұжат бір тұтынушыға жөнелтілген бір типті мембраналардың барлық партиясына дайындаушымен беріледі.
97. Серіппелі және рычагты-жүкті сақтандыру мембраналарын дайындаушы-кәсіпорын төлқұжатпен және пайдалану жөнінде нұсқаулықпен жеткізіледі.
98. Сақтандыру қалқаншалары орнатылған түтікшелерден жұмыс ортасын алуға жол берілмейді. Бекіту арматурасын сақтандыру қалқаншаларының алдына да, одан кейін де орнатуға жол берілмейді.
99. Сақтандыру қалқаншаларының жалғаушы құбырлы өткізгіштері олардың жұмыс орталарының қатып қалуынан қорғалған.
100. Сақтандыру қалқаншалары оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы және қол жетерлік орындарда орнатылған.
101. Сақтандыру қалқаншаларының өткізу қабілеті мен өлшемдері қысым түзілмейтіндей, ол жұмыс қысымы 0,3 МПа (3 кгс/см2) қоса алғанда рұқсатты жұмыс қысымы 0,05 МПа-ға (0,5 кгс/см2), ал жұмыс қысымы 0,3 МПа-дан 6 МПа (3 тен 60 кг/см2-ге дейін) рұқсатты жұмыс қысымы 15 %, ал жұмыс қысымы 6 МПа (60 кг/см2 асса) жоғары болғанда 10 %.
102. Сақтандыру қалқаншаларын реттеу және келтіру (іске қосылу басталғанға дейін) кәсіпорын бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғамен жүргізілген реттеулер нәтижелерін компрессор қондырғысын жөндеуді есепке алу журналына жазумен жүргізіледі.
103. Әрбір сақтандыру қалқаншасы компрессор қондырғысының жұмысы кезінде мәжбүрлі ашу үшін құралмен жабдықталған. Серіппелі сақтандыру қалқаншаларының тарту гайкалары (іске қосу алдында реттелген) плобыланған, ал реттелген рычагты қалқаншалар бекітілген, металл қаптамалармен жабылған және пломбыланған.
104. Егер әрбір компрессорға бір ауа жинағыш қаралып, айдау құбырлы өткізгішінде бекіту арматурасы болмаса, сақтандыру қалқаншасы компрессордан кейін тек ауа газ жинағышқа ғана орнатылады.
105. Бірнеше ыдысты (ауа жинағыштар, газ жинағыштар) тізбектеп жалғағанда және олардың араларында бекіту арматурасы болмаған кезде жалпы келтірілетін құбырлы өткізгіште барлық ыдыстар тобына бір сақтандыру қалқаншасын орнатуға болады. Бұл жағдайда, егер ыдыстарда қысымның жоғарылау мүмкіндігіне жол берілмесе, онда сақтандыру қалқаншаларын ыдыстарға орнату міндетті емес.
106. Қысымы 1,2 МПа (12 кгс/см2) дейін жұмыс істейтін жалпы өнеркәсіптік тағайындалған компрессорлық қондырғының барлық сақтандыру қалқаншалары оларды қысыммен мәжбүрлі ашу жолымен тәулік сайын тексеріледі. Қысымы 1,2 МПа (12 кгс/см2) дейін жұмыс істейтін сақтандыру қалқаншаларының тексеру мерзімдері технологиялық регламентпен, бірақ кем дегенде 6 айда бір рет бекітіледі. Жапқаннан кейін қалқанша толық саңылаусыздықты сақтайды.
5-параграф. Компрессорды автоматты бақылау, басқару,
дабыл беру және қорғау аспаптары
107. Әрбір компрессор компрессор жұмысы қалыпты тәртіптен ауытқыған кезде жарықты және дыбыстық дабыл берумен қамтамасыз етілетін сығылған ауа, газ, суыту суы және майдың температурасы және қысымын қашықтықтан бақылау аспаптарымен, сығылған ауа немесе газ қысымы және температурасы бекітілген нормадан асып кеткенде, суыту суын беру тоқтатылғанда, қозғалыс механизмдерін майлау үшін берілетін май қысымы бектілген шамадан төмендегенде компрессорды автоматты сөндіру аспаптарымен жабдықталған.
Машиналар саны үлкен (3 артық) автоматтандырылған компрессор станциясын жобалаған кезде бақылау жүйесі мен автоматика құрамына мыналар енеді: жалпы қалқан немесе басқарудың орталық пунктіндегі пульт, оған номиналдық шамалардан компрессор жұмысының негізгі параметрлерінің ауытқығандығы туралы дабыл беретін аппаратура және автоматты немесе жартылай автоматты және қашықтықтан басқарылатын органдар; жергілікті қалқан немесе пульт, ол компрессорға тікелей жақын жерде орнатылады. Бұл қалқанда дабыл беру аспаптары және компрессордың негізгі параметрлерін бақылау аспаптары, сонымен қатар қажетті арматурамен компрессорды жергілікті қолмен басқару органдары орнатылады.
108. Ауа өлшеуіштер мен газ өлшеуіштер компрессормен өндірілетін газды есепке алу үшін тағайындалған.
6-тарау. Компресорларды майлау
109. Компрессорларды майлау және қолданылатын майлар компрессорды монтаждау және пайдалану бойынша дайындаушы нұсқаулығына немесе мамандандырылған ұйымның ұсынысына сәйкес келеді.
110. Кәсіпорынға жеткізілген компрессор майының әрбір партиясында майдың физика-химиялық қасиеттері мен тұтану температурасы көрсетілген төлқұжат-сертификат бар.
111. Майды қолданбас бұрын оның әрбір партиясынан зертханалық талдаумен оның МСТ және дайындаушы нұсқаулығы талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Зертханалық талдау нәтижелері май партиясының әрбір ыдысында бар.
112. Компрессорлық индустриалдық майды тасымалдау және сақтау МЕСТ 1510-84 сәйкес келеді, айрықша бояумен «маркалы таза компрессор (индустриалдық) май» деген жазуы бар арнайы тағайындалған жабық металл ыдыстарында жүргізіледі.
113. Машина залына май жеткізу әрбір май түрі үшін арнайы цинктелген ыдыстарда (шелектер, қақпағы бар бидондар тағы сол сияқты) және орталықтанған берумен жүргізіледі.
114. Компрессор майын тасымалдау және сақтау үшін қаралған ыдыстарды басқа мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Ыдыстар үнемі тазалықта ұсталады және тұнбалардан кезеңдік тазартылып тұрады. Май үшін ластанған ыдыстар қолдануға жол берілмейді.
115. Ірі компрессор станциялары үшін компрессор қондырғылары майды орталықтандырылған беру құрылғысы, апаттық қотарып алу қаралады.
Компрессор майын орталықтандырып беру құрылғысы (бактар, сорғылар тағы сол сияқты) бөлек негізгі қабырғалармен бөлінген және сыртқа шығу есігі бар машина залынан бөлек ғимаратта орнатылады.
116. Компрессор станциясының машина залында майды арнайы жабық ыдыстарда апталық шығыннан аспайтын нормада сақтауға рұқсат етіледі.
117. Компрессорды майлау компрессорды монтаждау және пайдалану жөнінде дайындаушы нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.
118. Компрессор цилиндрлерін майлауға кететін май бақылаушы тұлғаның компрессорлық қондырғының оңтайлы күйі мен қауіпсіз пайдалану үшін жазбаша рұқсатымен (ауысым журналындағы жазба) қолданылады.
119. Майлау құрылғысына май құю сүзгісі бар түтікшелер арқылы жүргізіледі.
120. Мәжбүрлі майлау жүйесіндегі май сүзгілері және май сорғысының қабылдау сеткасы қабылданған технологиялық регламент бойынша кем дегенде екі айда бір рет тазартылады.
121. Май сорғысы мен лубрикатор кем дегенде бір жарым айда бір рет тазартылады.
122. Компрессор қозғалыс механизмдерін майлау үшін келетін май қысымы мен температурасын өлшеу аспаптарымен жабдықталады.
123. Май қысымы мен температурасының көрсеткіштері, егер компрессорды дайындаушы нұсқаулығымен қысқа мерзімі қарастырылмаса, компрессор қондырғысы жұмысын есепке алу журналына кем дегенде 2 сағатта бір рет жазылып тұрады. Компрессор майының шығыны ауысым соңында жазылады.
124. Лубрикатормен майлаудың әрбір нүктесіне берілген май шығыны ауысым сайын тексеріледі.
125. Компрессор майы және суыту суының ағуына, майдың іргетасқа тиюіне жол берілмейді. Ағу байқалған кезде оның себептері тез арада жойылады.
126. Пайдаланылған компрессор майы компрессор қондырғысы ғимаратынан тыс жерде орнатылған ыдысқа қотарылады.
127. Пайдаланылған май қайталап пайдалануға оны регенерациялау және оның зертханалық талдаудың оңтайлы нәтижелері жаңа майдың физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес келгенде жіберіледі.
128. Компрессор қондырғысының құрал-жабдықтарын сырттан бақылау реті, технологиялық регламенпен белгіленген оның сыртқы беттерін сүрту және шаң мен ластан тазартып сүрткеннен кейін жүргізіледі. Сүрту материалы ретінде тек мақта-қағазды немесе зығыр шүберектерін қолдануға рұқсат етіледі.
129. Компрессордың аралық және шеткі тоңазытқыштары конденсат пен пайдаланылған майды шығару үшін дренаж құрылғысымен жабдықталған.
Компрессордың аралық және шеткі тоңазытқыштары автоматты және қолмен үрлеу үшін құрылғымен жабдықталады.
Автоматты үрлеу болмаған кезде аралық және шеткі тоңазытқыштарды қолмен үрлеу, егер дайындаушы нұсқаулығы немесе технологиялық регламент бойынша үрлеудің қысқа мерзімі қарастырылмаса, ауысымына екі рет жүргізіледі.
7-тарау. Компрессор қондырғыларын суыту
130. Компрессор қондырғылары су немесе ауамен суытудың сенімді жүйесімен қамтамасыз етіледі. Суыту жүйесінің жұмыс тәртібі дайындаушы нұсқаулықтарына сәйкес келеді.
131. Компрессорларды, аралық және шеткі тоңазытқыштарды суыту үшін су беру үшін жүйені таңдау жобамен белгіленеді.
132. Суытудың айналмалы жүйесін қолдану ұсынылады.
133. Компрессор қондырғыларын суыту жүйесіндегі өсімдік және механикалық қоспалар мөлшері 40 мг/л артық емес. Жалпы қатаңдық 7 мг-экв/л артық емес.
Компрессорлар, аралық және шеткі тоңазытқыштарды суыту үшін қажетті сападағы су болмаған жағдайда су тазарту қондырғылары (механикалық, натрий-катионды сүзгілер тағы басқа) қаралады.
134. Компрессор және тоңазытқыштардан қыздырылған суды шығаратын құбырлы өткізгіштерде суыту жүйесін бақылау үшін көрінетін орындарда мыналар орнатылады:
1) суытудың тұйықталған жүйесі кезінде-шынылы бақылау люктері немесе түтікшесі бар бақылау краниктері бар ағым релесі;
2) суытудың ашық айналмалы жүйесі кезінде-құю воронкалары.
135. Компрессор алдында суыту құбырлы өткізгішінде суытуға берілетін судың мөлшерін реттейтін ашпалы вентиль орнатылады.
136. Компрессор қондырғысы ғимаратында құбырлы өткізгіштердің суыту жүйесінің айырмасы арналарға (туннельдерге) басымдылықпен орындалады. Арналар (туннельдер) өлшемдері жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін және оларда орнатылған суыту жүйесінің құбырлы өткізгіштері мен арматураларға қызмет көрсетуге ыңғайлы етіп қабылданады. Арналарда (туннельдерде) дренаж бар.
137. Компрессор ұзақ мерзім бойы немесе станция ғимаратында +20С температурада тоқтап тұрғанда жұмыс істемейтін құрал-жабдықтың суыту жүйелерінен суыту суы босатылған, ал ауа және газ қуыстары мұқият желдетілген.
Суыту жүйесінен (компрессорлардың цилиндрлер қалталарынан, аралық және шеткі тоңазытқыштардан) суды жіберу үшін сәйкес босату құралдары қаралады.
138. Пайдалану үрдісінде компрессордан, аралық және шеткі компрессорлардан шығатын суыту суының температурасы 400С артық емес.
139. Суыту суын құяр жерде де, қотару орнында да су температурасын өлшеу стационар сынапты (металл қаптамадағы) немесе электр термометрлерімен және өзі жазатын аспаптармен жүргізіледі.
Тасымалданатын сынапты термометрлерді температураны үнемі (ылғи да) өлшеу үшін қолдануға жол берілмейді.
140. Температураны өлшеу нәтижелері, егер компрессорды монтаждау және пайдалану жөнінде өлшеудің қысқа мерзімдері қаралмаса, онда кем дегенде 2 сағатта бір рет компрессордың жұмысын есепке алу журналына жазылып тұрады.
141. Сығылған ауа немесе инертті газды суыту жүйесін (цилиндрлер қалталары, шеткі және аралық тоңазытқыштар) қақтан, қоқыстан және басқа да ластанулардан тазарту техникалық басшымен бекітілген, компрессор қондырғысын суытуға берілетін судың жалпы қатаңдығына байланысты бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
8-тарау. Сығылған газдың қысымын бақылау
142. Компрессор қондырғысы сығудың әрбір сатысынан кейін және компрессордан кейін айдау тізбегінде орнатылған манометрлермен және сақтандыру қалқаншаларымен жабдықталған.
143. Сығылған ауа мен инертті газ қысымын бақылау, егер бақылаудың қысқа мерзімдері қаралмаса, онда кем дегенде екі сағатта бір рет жүйелі түрде жүргізіледі.
144. Сығылған ауа немесе инертті газдың қысым көрсеткіші сатылар және айдау тізбектері бойынша компрессор қондырғысының жұмысын есепке алу журналына жазылады.
145. Жұмыс манометрлерінің іс әрекетінің оңтайлылығын үрлеумен тексеру ауысымына бір реттен кем емес жүргізіледі, тексеру уақыты компрессор қондырғысының жұмысын есепке алу журналына жазылады.
146. Манометрлерді мынадай жағдайларда қолдануға жол берілмейді:
1) пломба немесе тексеру жүргізілгендігі туралы белгісі бар таңба болмаған кезде;
2) тексеру мерзімі асып кеткенде;
3) берілген манометр үшін рұқсат етілетін қателіктің жартысынан асып кететін шамаға шкаланың нөлдік көрсеткішіне сөндіру кезінде бағдарша қайтып келмегенде;
4) шыны сынғанда немесе зақым келгенде.
147. Компрессор қондырғысын пайдалану үрдісінде сақтандыру қалқаншалары олардың іс әрекетінің дұрыстығына жұмыс жағдайында үрлеумен немесе стендте реттеудің тексерумен жүйелі түрде тексеріледі.
148. Қысымы 1,2 МПа (12 кгс/см2) дейін жұмыс істейтін сақтандыру қалқаншалары аз уақытқа оларды қысыммен мәжбүрлі ашу жолымен тәулік сайын тексеріледі.
Қысымы 1,2 МПа (12 кгс/см2) жоғары жұмыс істейтін сақтандыру қалқаншаларын тексеру мерзімдері технологиялық регламентпен бекітіледі, бірақ кем дегенде 6 айда бір рет.
149. Сақтандыру қалқаншаларының іс әрекетінің оңтайлылығын тексеру күні және уақыты компрессор қондырғысы жұмысын есепке алу журналына жазылады (4-қосымша).
9-тарау. Сығылған ауа және инертті газ температурасын бақылау
150. Стационар сынапты термометрлер немесе басқа датчиктер көмегімен іске асырылатын сығылған ауа немесе инертті газ температурасын бақылау майдың тұтану температурасы мен сығылған ауа немесе инертті газдың температурасы араларындағы айырым 750С төмен емес болатындай есеппен жүйелі түрде жүргізіледі.
151. Айдау түтіктерінде компрессордың әрбір сығу сатысынан кейін газ температурасы компрессорды монтаждау және пайдалану жөнінде дайындаушы нұсқаулығында көрсетілген шамалардан аспайды, бірақ жалпы өнеркәсіпті компрессорлар үшін 1700С жоғары емес, ал технологиялық тағайындалған компрессорлар үшін 1800С жоғары емес.
152. Сатылар бойынша (кіре берісте және шыға берісте) сығылған ауа немесе инертті газдың температура көрсеткіштері, егер дайындаушымен қысқа мерзім бекітілмесе, компрессор қондырғысының жұмысын есепке алу журналына кем дегенде 2 сағатта бір рет жазылады.
10-тарау. Айдау құбырлы өткізгіштері, май ылғал айырғыштар, бекіту және реттеу арматурасы
153. Құбырлы өткізгіштерді монтаждауды ғимарат қабырғалары бойымен және арналармен жүргізуге болады. Арналар (туннельдер) өлшемдерінде құбырлы өткізгіштерде монтаждау, бақылау және жөндеу жұмыстарын орындау мүмкіншілігі ескеріледі.
154. Фланецті қосылыстар үшін төсеме материалы ретінде ылғал, май және температураның әсеріне төтеп бере алатын (паронит, асбест тағы сол сияқты) материалдар қолданылады.
155. Құбырлы өткізгіште еркін температуралық ұзарудың орнын толтыру қаралады, оның әсерінен құбырлы өткізгіш деформациясына, оның пісірілген және фланецті қосылыстарының зақымдануына жол берілмейді.
156. Қабырғалар арқылы өтетін құбырлы өткізгіштер телімдері сақтандыру құбырларына (тыс) салынады.
157. Әрбір компрессор мүмкіндігінше компрессорға жақынырақ (шеткі тоңазытқышқа) компрессор мен ауа жинағыш, газ жинағыш арасында айдау құбырлы өткізгішінде орнатылған май ылғал айырғышпен жабдықталады.
Май ылғал айырғышты және шеткі тоңазытқышты бір агрегатқа жасауға болады.
158. Май ылғал айырғыштар компрессор станциясының өндірістік ғимаратының ластануына жол бермейтін арнайы орнатылған жинағыштарға пайдаланылған май мен конденсатты шығару үшін дренаж құрылғысымен жабдықталады.
159. Май ылғал айырғыштар автоматты және қолмен үрлеу құрылғысымен жабдықталады.
160. Автоматты үрлеу болмаған кезде май ылғал айырғыштарды қолмен үрлеу, егер дайындаушы нұсқаулығымен үрлеудің қысқа мерзімі қарастырылмаса, ауысымына екі рет жүргізіледі.
161. Айдау құбырлы өткізгішінде (шеткі тоңазытқыштан ауа жинағышқа, газ жинағышқа дейін) манометр, термометр, сақтандыру және кері қалқаншалар, сөндіру арматурасы (ысырмалар, вентильдер) және дренаж құрылғысы орнатылады.
162. Компрессорды қосу кезінде электр қозғалтқышын жүктеуден айыру үшін айдау құбырлы өткізгішінде кері қалқаншаға дейін ауа, газ қысымын жинау үшін бекіту арматурасымен жеке тармақ орнатылады немесе орнықты әрекет ететін басқа құрылғы қаралады.
163. Айдау құбырлы өткізгішінде орнатылған арматура қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеу үшін қол жетерлік.
164. Вентильдер, ысырмалар, крандар және қалқаншалар толық оңтайлы күйде және олар тез арада жұмысқа қосылуға және ажырату мүмкіншілігімен қамтамасыз етіледі.
165. Арматура номерленген, маховиктер шпиндельдерге тығыз бекітілген. Фентильдерде (ысырмалар) және олардың жетектерінде келесідей жазулар жазылған:
1) пайдалану сұлбалары және нұсқаулықтарға сәйкес келетін реттеу немесе бекіту құрылғысының номері немесе шартты белгісі, сығылған ауаны, суыту суын, компрессор майын құбырлы өткізгіштердің орындаушы технологиялық сұлбасы;
2) айналу бағытын «з» жабық және «о» ашық бағытына көрсеткіш (бағдарша).
166. Арматуралар мен жетектердегі жазулар былайша орналастырылады:
1) штурвал (маховик) вентильге (ысырмаға) жақын орналасқанда-корпуста немесе вентиль (ысырма) оқшаулағышында немесе бекітілген табличкада;
2) қашықтықтан басқару кезінде штурвалдың (маховиктің) көмегімен-калонкада немесе штурвал кронштейнінде;
3) қашықтықтан басқару кезінде шынжырдың көмегімен-шынжырлы дөңгелек кронштейнімен қатаң жалғанған және басқару алаңынан өте жақсы көрінуді қамтамасыз ететін күйде бекітілген табличкада;
4) қызмет көрсету алаңының еденінің астында орналасқан вентиль немесе ысырманы қашықтықтан басқару кезінде алынбалы штурвал (білік шеті еден астына салынып қақпақпен жабылған) көмегімен-ішкі және сыртқы жақты қақпақта;
5) қашықтықтан басқару кезінде электр жетегінің көмегімен-қосу қосқышында;
6) қашықтықтан басқару кезінде осы тармақтың 2, 3, 4, 5 тармақшаларында қаралған жазбалардан басқа, арматураның басқару маховиктерінде де жазбалар түсіріледі.
167. Компрессорда, ыдыстарда және айдау құбырлы өткізгіштерінде орнатылған арматурада корпуста айқын маркалану көрсетіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) кәсіпорын-дайындаушының атауы және тауарлық белгісі;
2) шартты өту жолы;
3) шартты қысым мен орта температурасы;
4) орта ағымының бағыты (бағдарша);
5) материал маркасы.
168. Арматура мөлшері мен орнату орнын таңдау, БӨА және сақтандыру құрылғыларын компрессор қондырғысының сенімді және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуді ескере отырып, жобалау ұйымы анықтайды.
169. Жұмыс орындарында және негізгі өту жолдарында орнатылған бет температурасы +450С жоғары құбырлы өткізгіштер, ыдыстар және аппараттарда жылудан оқшауландырғыштар бар. Компрессор цилиндрлерінің қабырғалары оқшаулауға жатқызылмайды.
11-тарау. Ауа жинағыштар және газ жинағыштар
170. Компрессор қондырғысында сығылған ауа немесе газ қысымының пульсациясын тегістеу үшін ауа жинағыштар немесе газ жинағыштар (буфер ыдыстары) қаралады.
171. Ауа жинағыштар құрылғысы және жиыны күші бар ССТ 2601-174-87 сәйкес келеді. Ауа жинағыштар және газ жинағыштарды монтаждау, пайдалану және жөндеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес іске асырылады.
172. Жалпы тағайындалған ауа компрессорлары үшін ауа жинағыштар, газ жинағыштар көлемі ССТ 2601-174-87 сәйкес, ал қалған компрессорлар үшін-түрлеріне, айналымдар санына, компрессор жұмысының біркелкі еместік дәрежесіне сәйкес және ауа өткізгіштер желісінің ыдыстарын ескерумен техникалық есеп бойынша қабылданады.
173. Ауа жинағыш немесе газ жинағыш компрессор станциясы ғимаратынан тыс іргетасқа орнатылады және қоршалады.
Ауа жинағыштар немесе газ жинағыштар мен ғимарат қабырғасы араларындағы арақашықтық 1,0 метрден кем емес.
Ауа жинағыш немесе газ жинағыш қоршауы машинамен өту жолы немесе адамдар өту жолы жағына ауа жинағыш немесе газ жинағыштан 2 метрден кем емес қашықтықта және биіктігі 1 метрден кем емес.
174. Ғимарат ішіне ауа жинағыш, газ жинағыш орнатуға жол берілмейді.
Жобаға сәйкес ғимараттарда компрессорлық агрегатқа конструктивті тұрғызылған гидроаккумуляторлар және ауа жинағыштар орнатуға рұқсат етіледі.
175. Айдау тізбектерінде кері қалқаншалар және бекіту арматурасын орнатумен бірнеше компрессорды бір ауа жинағышқа, газ жинағышқа жалғауға рұқсат етіледі. Бекіту арматурасының алдында сақтандыру қалқаншалары орнатылады.
176. Ауа жинағыштар немесе газ жинағыштардың профилактикалық және кезеңдік ішкі тексерулер және жөндеулер жүргізу үшін олардың әрқайсысының желіден ажыратылу мүмкіншілігі қарастырылады.
177. Әрбір ауа жинағыш, газ жинағыш лазбен және люкпен, пайдаланылған май мен конденсатты шығару үшін төменгі нүктеде жіберу кранымен, сақтандыру қалқаншасымен, қарауға ыңғайлы орында орнатылған үш жүрісті краны бар манометрмен жабдықталады.
178. Ауа жинағышқа, газ жинағышқа, манометр мен сақтандыру клапанына қызмет көрсету, бақылау және жөндеу ыңғайлы болуы үшін алаңдар мен сатылар қарастырылады.
179. Ауа жинағыш немесе газ жинағыш оны пайдаланылған май немесе конденсаттан автоматты немесе қолмен үрлеу үшін құрылғымен жабдықталады.
Ауа жинағыштар немесе газ жинағыштарды автоматты үрлеу болмаған кезде шеткі тоңазытқыштар және майдан айырғыш бар болған кезде ауысымына кем дегенде бір рет және олар болмаған кезде дайындаушы немесе технологиялық регламентпен үрлеудің неғұрлым қысқа мерзімі қарастырылмаса, ауысымына кем дегенде екі рет жүргізіледі.
Пайдаланылған май мен конденсат ғимарат қабырғалары мен қоршаған орта аумағының ластануына жол бермейтін жинағыштарға шығарылады.
180. Газ жинағыштар, ауа жинағыштар және құбырлы өткізгіштерде май мен май тұнбаларының статикалық электрден тұтануынан сақтану үшін олардың жермен тұйықталуы қамтамасыз етіледі.
Жермен тұйықтау құрылғысының кедергісін өлшеу кем дегенде жылына бір рет жүргізіледі. Кедергі өлшемдерінің нәтижелері хаттамамен ресімделеді және жермен тұйықтаушы құрылғының төлқұжатына жазылады.
181. Ауа жинағышта немесе газ жинағышта конденсат пен пайдаланылған майды жақсы айыру мақсатында сығылған ауа олардың ішінде неғұрлым ұзын жолмен жүріп өтеді, ол үшін ауа жинағышта немесе газ жинағышта ауа немесе инертті газ ағымының бағытын мәжбүрлі өзгертетін құрылғы (ірге, бағыттаушы қалқан тағы сол сияқты) қаралады.
182. Әрбір ауа жинағышта немесе газы жинағышта табличка ілінеді немесе жазу жазылады, онда тіркеу номері, рұқсат етілетін жұмыс қысымы, келесі сыртқы және ішкі бақылау жүргізу, гидравликалық сынақ жүргізу күні (күні, майы, жылы) көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |