Жәнібек аудандық кітапханасы Кітапхана алғаш рет 1936 жылы 500 дана кітап қорымен «Қызыл отау»



жүктеу 17.6 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі17.6 Kb.
Жәнібек аудандық кітапханасы

Кітапхана алғаш рет 1936 жылы 500 дана кітап қорымен «Қызыл отау» деген атпен ашылып, жұмыс істей бастаған.

1956-61 жылдары мәдениет бөлімінде басшылық қызмет атқарған қазіргі зейнеткер, Отан соғысының ардагері Ж.Сұлтанов /марқұм/ ағамыздың естелігіне жүгінсек:

«1937 жылы кітапхана қазіргі парк ішіндегі кинотеатр тұрған жерде үлкен ағаш үйде болған. Ол сары сырмен сырланған, бұрын шіркеу үйі болған. Сол 1937 жылғы 12 желтоқсандағы алғашқы сайлау кезінде /ертен сайлау деген түнде/ ол үй өртеніп кеткен. Содан кейін А.Иманов көшесінен жаңадан орын салынып, кітапхана соған көшірілген. Ол кезде кітапхана меңгерушісі болып Өтекешова Тұрсын апай істеді»-деп жазылған.

1950-60 жылдары аудан шаруашылықтарында кітапханалар көптеп ашыла бастады. Олар Борсы, Қамсыты, Күйгенкөл, Қайрат, Ұзынкөл, Талов кітапханалары аяқтарын алғаш тәй-тәй басқан кезден ғылым мен білімге жаңалыққа құштар адамдар үшін киелі шаңырақ болып, ортақ қазыналардың көзін байытуға белсене қатысты.

Біздің аудан топырағынан кітапты қадір тұтқан, бар байлықты соның беттерінен тапқан бекзат жанды бір шоғыр адамдар жаралған: ол-Күйгенкөл ауыл советінде «Қызыл отау» меңгерушісі болып істеген Рысқалиев Асан. 1957 жылы облыстық мәдениет қызметкерлерінің 1-съезіне қатысқан. Ол осы кітапханада 1968 жылдан 1976 жылға дейін еңбек еткен. Табила Жұматова 1971 жылы «Ең үздік кітапханашы» атағына ие болған, облыстық әйелдер съезіне қатысқан.

1958 жылы Алматы қаласында өткен республикалық кітапханашылар съезінің делегаты, Қайрат ауылдық кітапханасының негізін қалаушы, министрдің мақтау грамотасына ие болған Ғайнолла Мұхамбетжанов.

Ол - осы съезге қатысқан, кітапхананың алғашқы меңгерушісі ардақ тұтар Өтекешова Тұрсын апай.

Ол - аудандық балалар кітапханасының шаңырағын өз қолымен тұрғызған Рамазанова Нәсіп апамыз.

Міне, тарихы 1936 жылдан басталып, қорында 500 кітап болған «Қызыл отау» заман үрдісімен дамып, ілгерілеп, қазіргі заманға сай кітапхана жүйесіне айналды.



Аудандық кітапханада қызмет атқарған директорлар.
Өтекешова Тұрсын-1937 ж

Қусайынова Анаргуль

Ғазизова Макпал-1976-1986 ж. ж

Құмарова Батес-1986-2002 ж. ж



Наринова Мархаба -2000 ж


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет