см2,
немесе – полюс фигураның ішінде орналасқанда.
Мұндағы u1 – бастапқы есеп; u2 – соңғы есеп; c – планиметр бөлігінің шамасы; q – планиметрдің ізделініп отырған алаң контурының ішінде болғандағы оның тұрақтысы.
Айналдыру алдында q және c анықталынады:
; (5.14)
Мұндағы P1, P2 – белгілі аудан (әдетте P1 – картографиялық торлардың километрлік квадраты; P2 – осындай 4…6 квадрат ауданы).
Полярлық планметрді пайдалануда келесі ережелер сақталуы керек:
1. контурды айналдыру барысында рычагтар арасындағы бұрыш 30° кіші болмауы және 150° үлкен болмауы керек.
2. айналма дөңгелек бос еркін айналуы керек (сурет 5.5).
Сурет 5.5. Планметрді есептік жағдайда қоюдың сұлбасы
Айналдырудың бастапқы нүктесі фигураның рычагтар арасы 90° ең жақын жерінен басталуы керек, сонда есептің қателігі аз шамада болады.
Ауданды А. Н. Савич әдісімен анықтау. Бұл әдіс межелік белгі шекара бойынша есептелінген координата мәніне ие болмаған немесе шекара қисық сызық бойынша терең шатқалды сай-салалармен өтетін үлкен аумақтың ауданын есептеуде пайдаланылады. Тәсілдің маңызы, бөлік ауданы бүтін санды координаталық торларының P0 квадратына бөлінеді де, осы бойынша олардың саны анықталады. Планиметрмен тек қана осы квадраттардың шетіне шыққан секциялар a1, a2, a3, a4 ауданы және оларды толықтайтын b1, b2, b3 және b4. есептелінеді
ai және bi аудандары планиметрмен полюстің екі жағдайында екі айналыммен алынады, әрбір айналымда планиметр бөлігінде көрсетіледі. Осыдан . Алаңның ізделініп отырған ауданы . Өрескел ауытқулардың болмауы үшін, планиметрмен барлық фигураларды полюсті фигураның ішінде орналасқан жағдайымен айналдырады.
Савич әдісінің артықшылығы:
1. План құрастырылған қағаз деформациясын автоматты ескеру;
2. Айналатын фигураның ауданын кішірейту арқылы ауданды анықтаудың дәлдігін жоғарлату (сурет 5.6).
Савич әдісінің ерекшелігі бөлік алаңы, координаталар торларының Р0 бүтін квадраттарына толтырылып, солардың сандары бойынша анықталады.
Сурет 5.6. Савич әдісімен ауданды есептеу сұлбасы
Планиметрмен секция алаңының квадрат шегінен шыққан а1, а2, а3, және а4, бөлігін айналып шығады. Ал осы бөліктің келесі жартысы b1, b2, b3, және b4, а және b алаңдарын полюстің екі жағдайында айналып шығып, әрбір екі жағдайдында планиметр бөліктеріне белгілейді. Мысалы ізделініп отырған секция алаңы гектармен а1, а2, а3, және а4 алаңдарына сәйкес Ра1, Ра2, Ра3, Ра4 квадратының бөлшегі болса, толық квадрат а1+ b1, яғни Р1, Р2, Р3, Р4. алаңдар арасындағы гектармен белгіленген және планиметр бөлігінде көрсетілген мән тура пропорциональ және келесі формуламен бейнелеуге болады.
(5.15)
(5.16)
және с.с.
Толық аудан: P = P0+Pa1+ Pa2+ Pa3+ Pa4 (5.17)
Орташа аудан:
(5.18)
Достарыңызбен бөлісу: |