«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата22.02.2016
өлшемі48.5 Kb.
#495


Жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І


Ақтөбе қаласы № 2013 жыл
«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі №481 Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі №223 Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5675 тіркелген «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыстық мәслихат Ш Е Ш І М Е Т ТІ:


1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтардағы «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің №6-7 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген шешіммен бекітілген жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихаттың Облыстық

сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
К. ЕЛУБАЕВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

2013 жылғы « »___________№

облыстық мәслихаттың шешіміне

қосымша


Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің

МӨЛШЕРІ
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні


р/с

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі


Төлемақы мөлшерлерi

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

91,0

2.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 тек.м

262,0

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 тек.м

73,0

4.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 тек.м

71,0

5.

Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар

теңге/тонна

186,0

6.

Су энергетика

теңге/1000 кВт.сағ

-

7.

Су көлігі

теңге/1000 тек.м

9,0


Торғай, Ырғыз өзендері бассейні


р/с

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі


Төлемақы мөлшерлерi

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

78,0

2.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 тек.м

221,0

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 тек.м

61,0

4.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 тек.м

61,0

5.

Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар

теңге/тонна

159,0

6.

Су энергетика

теңге/1000 кВт.сағ

-

7.

Су көлігі

теңге/1000 тек.м

-

Ескертпе: Төлемақы мөлшерлерi сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет