«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



жүктеу 102.51 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі102.51 Kb.





Павлодар ауданы әкімдігінің

2013 жылғы 31 қаңтардағы


№ 25/1 қаулысымен

бекітілген






«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

  1. Негізгі ұғымдар

1. Осы регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:

бөлім – «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, жер қатынастары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Павлодар ауданының жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;

мемлекеттік қызмет алушы – жеке немесе заңды тұлға;

регламент – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акті;

бұйрық – жерге орналастыру жобасын бекітетін құжат;

құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазымды тұлғалар (бұдан әрі – Бірліктер).

2. Жалпы ережелер
2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) бөлім атынан Павлодар ауданы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі көрсетеді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 және 150-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 1392 қаулысымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекітілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – жерге орналастыру жобасы) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту (бұдан әрі - бас тарту) туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Бөлімнің орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

Бөлімнің жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Стандарттың 4-тармағында көрсетілген жерлерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында: www.auzr.kz, бөлім ғимаратының стенділерінде және бөлімнің apr.pavlodar.gov.@.ru. интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпаратты бөлімнің 8(7182) 32-32-36 телефоны бойынша алуға болады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызмет алушыдан өтініш алынған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет қорытындысын беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1-кезең - бөлімнің қабылдау бөлмесі хатшысының өтініштер мен құжаттарды қабылдауы, тіркеуі және оларды бөлім басшылығының қарауына тапсыруы;

2-кезең – бөлім басшылығының өтінішті қарауы және орындаушыны анықтауы;

3-кезең – орындаушының құжаттарды зерттеуі, жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты немесе бас тарту жобасын әзірлеуі;

4-кезең – бөлім басшылығының бұйрыққа немесе бас тартуға қол қоюы;

5-кезең – орындаушының бұйрықты бөлім мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруы, бекітілген жерге орналастыру жобасын немесе бас тартуды беруі.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

(өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы бөлімге Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

12. Барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызмет алушыға мемлекетік қызметті алу үшін Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтері бар құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай Бірліктер қатысады:

1) бөлім қабылдау бөлмесінің хатшысы;

2) бөлім басшылығы;

3) орындаушы.

14. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып әр Бірліктің әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде және Бірліктің әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. Бөлім басшысы қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің орындалмауына жауапты болып табылады.

17. Бөлім басшысы, жер беру жөніндегі ұсыныстарды дайындау бөлімінің маманы тапсырылған мемлекеттік қызмет алушы тапсырған құжаттардың сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте дербес жауап береді.

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша




1 кесте. Бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы





Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері

1

2

3

4

5

6

7

1

Әрекет № (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

2

Бірлік атауы

Бірлік 1

Бірлік 2

Бірлік 3

Бірлік 2

Бірлік 3

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операция-ның) атауы және оның сипаттамасы


Мемлекеттік қызмет алушы-ның өтініштер мен құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды бөлім басшылы-ғының қарауына тапсыру



Өтінішті қарау және орындау-шыны анықтау

Орындаушының құжаттарды зерттеуі, жобаны бекіту туралы бұйрықты немесе бас тарту жобасын әзірлеуі

Бұйрыққа немесе бас тартуға қол қою

Бұйрықты бөлім мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру, бекітілген жобаны немесе бас тартуды беру

1

2

3

4

5

6

7

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Қолхат

Бұрыштама

Бұйрық немесе бас тарту

Бекітілген жоба немесе бас тарту

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

5

Орындау мерзімі

30 минуттан аспайды

1 күн ішінде

3 күн ішінде

1 күн ішінде

30 минуттан аспайды

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5





2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс


Бірлік 1

Бірлік 2

Бірлік 3

Н-1 әрекеті

Мемлекеттік қызмет алушының өтініштер мен құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды бөлім басшылығының қарауына тапсыру




Н-2 әрекеті

Өтінішті қарау және орындаушыны анықтау



Н-3 әрекеті

Құжаттарды зертеу, жобаны бекіту туралы бұйрықты әзірлеу






Н-4 әрекеті

Бұйрыққа қол қою



Н-5 әрекеті

Бұйрықты бөлім мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру және бұйрықты беру





3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс


Баламалы үдеріс (жұмыс барысы, ағымы) немесе кеңейту

Бірлік 1

Бірлік 2

Бірлік 3

Б-1 әрекеті

Мемлекеттік қызмет алушының өтініштер мен құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды бөлім басшылығының қарауына тапсыру

Б-2 әрекеті

Өтінішті қарау және орындаушыны анықтау

Б-3 әрекеті

Құжаттарды зерттеу, бас тарту жобасын әзірлеу




Б-4 әрекеті

Бас тартуға қол қою

Б-5 әрекеті

Бас тартуды беру

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша

Функционалдық өзара әрекет сызбасы


Бірлік 1

Бірлік 2

Бірлік 3

Негізгі үдеріс


Н-1 Мемлекеттік қыз-мет алушының өтініш-тер мен құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды бөлім бас-шылығының қарауына тапсыру




Н-2 Өтінішті қарау және орындаушыны анықтау







Н-4

Бұйрыққа қол қою







Н-3 Құжаттарды зерттеу, бұйрықты әзірлеу


Н-5 Бұйрықты басқарма мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру, бұйрықты беру




Бірлік 1

Бірлік 2

Бірлік 3

Баламалы үдеріс




Б-1 Мемлекеттік қызмет алушының өтініштер мен құ-жаттарын қабыл-дау, тіркеу және оларды бөлім басшылығының қарауына тапсыру




Б-2 Өтінішті қарау және орындау-шыны анықтау

Б-4 Бас тартуға қол

қою





Б-3 Құжаттарды зерттеу, бас тартуды әзірлеу



Б-5 Бас тартуды беру






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет