Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту” мемлекеттік қызметінің регламенті



Дата26.02.2016
өлшемі69.01 Kb.
#27519





Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 352

қаулысымен бекітілді




Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту” мемлекеттік қызметінің регламенті



1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: “Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту”.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекiтiлген “Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту” мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде көрсетiледi

4. Мемлекеттік қызмет “Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді, Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 77, телефон (8-718-41) 21-4-25, жұмыс сағаты 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мерекелік күндері, қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – жерге орналастыру жобасы) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні.

Құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

Құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



2. Мемлекеттiк қызметтiк көрсету үдерісінде

iс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
9. Осы мемлекеттiк қызметтi алу үшін тұтынушы Стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін тапсыру қажет.

Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттік қызмет алушыға құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда сұраудың нөмірі және қабылданған күні, сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары құжаттарды беру күні (уақыты) және орны, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайда бас тартады.

11. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар: тұтынушы құжаттары мазмұнының қорғалуын және ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етедi.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысына қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (одан әрi - бірліктер):

1) Уәкiлеттi органның маманы;

2) Уәкiлеттi органның бастығы;

13. Бірліктердің іс-әрекеттерінің реттілігі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

14. Бірліктердің іс-қимыл реттінің логикалық сұлбасы осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн

лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңңамалары бойыншa жауапқа тартылады.





2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 352

“Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту” мемлекеттік қызметінің регламентіне



1 қосымша



Бірліктің тізбелік және әрекеттестік іс-әрекетінің сипаттамасы


Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жолы, жұмыс барысы

1

Әрекеттің (барыстың, жұмыс легінің) №

1

2

3

4

5

2

Бірліктің атауы


Уәкiлеттi органның маманы

Уәкiлеттi органның бастығы

Уәкiлеттi органның маманы

Уәкiлеттi органның бастығы

Уәкiлеттi органның маманы

3

Әрекеттің (процестің, ресімнің, операция-ның) атауы және олардың сипаттамасы


Құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді

Құжаттарды қарайды, резолюцияға қолын қояды


Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындайды

Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасына немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасына қол қояды

Журналда тіркейді

4

Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдастырушылық-өкімші шешім)

Құжаттарды қабылдаған туралы қолхат



Резолюция


Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасы

Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап

Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты береді

5

Орындау мерзімдері

30 минуттан артық емес

30 минуттан артық емес

5 жұмыс күні

30 минуттан артық емес

30 минуттан артық емес

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2 колонка

3 колонка

4 колонка

5 колонка









2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 352

“Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту” мемлекеттік қызметінің регламентіне

1 қосымша



Мемлекеттік қызмет ұсыну кестесі


Тұтынушы






Уәкілетті органның маманы

Журналда тіркейді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты береді

(30 минуттан артық емес)




Уәкілетті органның маманы

Құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. Құжаттарды қабылдаған туралы қолхат

(30 минуттан артық емес)







Уәкілетті органның бастығы Құжаттарды қарайды, резолюцияға қолын қояды. Резолюция

(30 минуттан артық емес)



Уәкілетті органның бастығы Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісіне немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасына қол қояды. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап

(30 минуттан артық емес)



(1 жұмыс күні)





Уәкілетті органның маманы

Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы немесе уәждi себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындайды. Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасы



(1 жұмыс күні)

(1 жұмыс күні)




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет