Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру



Дата17.07.2016
өлшемі80.12 Kb.
#205339
Павлодар облысы әкімдігінің
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
N 371/12 қаулысымен   
бекітілген      

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге
шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:


      басқарма – "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, жер қатынастары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;
      мемлекеттік қызмет алушы – жеке немесе заңды тұлға;
      регламент – "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акті;
      құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазымды тұлғалар (бұдан әрі – Бірліктер).

2. Жалпы ережелер

      2. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) басқарма атынан Павлодар облысы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі көрсетеді.


      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 1392  қаулысымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертуге шешім (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Басқарманың орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.


      Басқарманың жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Стандарттың 4-тармағында көрсетілген жерлерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында: www.auzr.kz Павлодар облысы әкімдігінің сайтында www.pavlodar.gov.kz орналастырылған.
      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпаратты басқарманың 8(7182) 32-31-69 телефоны бойынша алуға болады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызмет алушыдан өтініш алынған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет қорытындысын беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1-кезең - басқарманың қабылдау бөлмесі хатшысының өтініштер мен құжаттарды қабылдауы, тіркеуі және оларды басқарма басшылығының қарауына тапсыруы;
      2-кезең – басқарма басшылығының өтінішті қарауы және орындаушыны анықтауы;
      3-кезең – орындаушының құжаттарды зерттеуі, рұқсат немесе бас тарту жобасын әзірлеуі;
      4-кезең – Павлодар облыстық жер комиссия отырысында қарастыру;
      5-кезең – Павлодар облысы әкімдігі мүшелерінің құжаттарды қарауы және рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауы;
      6-кезең – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешім әзірлеу;
      7-кезең – нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешім қабылдау;
      8-кезең – орындаушының рұқсат беру немесе бас тарту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы басқармаға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.


      12. Барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызмет алушыға мемлекетік қызметті алу үшін Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтері бар құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай Бірліктер қатысады:
      1) басқарма қабылдау бөлмесінің хатшысы;
      2) басқарма басшылығы;
      3) орындаушы;
      4) Павлодар облысының әкімдігі.
      14. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып әр Бірліктің әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде және Бірліктің әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Басқарма басшысы қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің орындалмауына жауапты болып табылады.


      17. Басқарма басшысы, жер беру жөніндегі ұсыныстарды дайындау бөлімінің маманы тапсырылған мемлекеттік қызмет алушы тапсырған құжаттардың сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте дербес жауап береді.

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын


өзгертуге шешім беру" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне  
1-қосымша         

1 кесте. Бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері




1

Әрекет  N(жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

8

2

Бірлік атауы

Бірлік 1

Бірлік 2

Бірлік 3

Бірлік 4

Бірлік 4

Бірлік 3

Бірлік 4

Бірлік 4

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Мемлекеттік қызмет алушының өтініштер мен құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды басқарма басшылығының қарауына тапсыру

Өтінішті қарау және орындаушыны анықтау

Құжаттарды зертеу, рұқсат беру немесе бас тарту жобасын әзірлеу

Құжаттарды Павлодар облыстық жер комиссиясы отырысында қарастыру

Құжаттарды Павлодар облыстық әкімдігінің мүшелерімен қарастыру

Нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешімді әзірлеу

Рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім

Рұқсат беру немесе бас тарту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Қолхат

Бұрыштама

Рұқсат беру немесе бас тарту жобасы

Рұқсат беру немесе бас тарту

Рұқсат беру немесе бас тарту

Шешім немесе бас тарту

Шешім қабылдау

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

5

Сроки исполнения

30 минуттан аспайды

1 күн ішінде

5 күн ішінде

10 күн ішінде

10 күн ішінде

5 күн ішінде

4 күн ішінде

30 минуттан аспайды

6

Номер следующего действия

2

3

4

5

6

7

8



2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

Бірлік 1

Бірлік 2

Бірлік 4

Бірлік 3

Н-1 әрекеті өтініш пен құжаттарды қабылдау, тіркеу және оларды басқарма басшылығының қарауына тапсыру

Н-2 әрекеті Өтінішті қарау және орындаушыны анықтау

Н-4 әрекеті Рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдау

Н-3 әрекеті Құжаттарды зертеу, рұқсат немесе бас тарту жобасын әзірлеу







Н-3 әрекеті Рұқсат беру немесе бас тарту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру

3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс

Баламалы үдеріс (жұмыс барысы, ағымы) немесе кеңейту




Бірлік 1

Бірлік 2

Бірлік 3

Б-1 әрекеті Мемлекеттік қызмет алушының өтініштер мен құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды басқарма басшылығының қарауына тапсыру

Б-2 әрекеті Өтінішті қарау және орындаушыны анықтау

Б-3 әрекеті Орындаушының құжаттарды зерттеуі, бас тарту жобасын әзірлеуі



Б-4 әрекеті Бас тартуға қол қою

Б-5 әрекеті Бас тартуды беру

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне  
2-қосымша         

Функционалдық өзара әрекет сызбасы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет