2 бөлімше. Кен орнын ашу, дайындау және қазу тәртібі
665. Тау соққысына бейім және қауіпті шахталарда қазу жүйесін ашу, дайындау және анықтауды жобалау кезінде келесілер сақталады:
1) кен орнын шахта алаңдарына бөлу және оны қазу тәртібі кен массасын қолдан келгенше кентіректер құрамай, сүйір бұрышсыз, тазартылыс жұмыс шебінің шығуысыз жоспарлап алуды қамтамасыз етеді;
2) ашық тазартылыс алаңы бар камералық қазу жүйесін пайдалануды қысқарту;
3) тазартылыс жұмыс шебінің қасында жүргізіліп жатқан, оның ішінде тіректік қысым аймағында, кен қазбалар санын азайту;
4) кездесулік және жетулік тазартылыс жұмыс шебінің шектелуі;
5) кен қазбаларын кен жыныстары массивіндегі ең көп күш - қуат бағыты бойынша артықшылықпен өткізу;
6) шахта оқпанын, деңгейжиектерін және оқпан маңайындағы жиын қазбаларын орналастыратын орын таңдау соққықауіпсіздігі жоқ немесе қауіпсіздігі төмен жыныстарда жүзеге асырылуы;
7) кен жұмыстарын қатты кентіректерді қалдырмай артықшылықпен айырылып тазартылу шебімен немесе бір шебті қазумен жүргізу;
8) массивті түсіріп алу шаралары жоғары концентрациялы күш-қуаттан, массивтің басып озатын жұмыс жасау немесе жұмысты толықтыруды, жергілікті түсіру әдістерін (шпурмен бұрғылау немесе ұңғымамен, жарықшақтық жарылыс тағы сол сияқты) пайдалану арқылы, құрылымның жасанды тиімділігіне жол беріп, толтырым берілген компрессиялық қасиетімен қалыптасады.
666. Бір - біріне жақын массивті қазу кезінде бірінші қатарда қауіпсіз немесе қауіпі аз массивті алу өткізіледі.
667. Тау соққысы бойынша қауіпті шахталарда жұмыстар қорғауы бар аймақта жүргізіледі. Оны құру әдісі 13 - қосымшада берілген.
668. Қорғауы бар аймақтарда кен жұмыстарын соққы қауіпсіздігі жоқ жағдайдағыдай жүргізуге жол беріледі.
669. Тау соққысына бейім және қауіпті күшті массивті құламалы, көлденең, тік қабатпен (блокпен, таспамен) қазу кезінде бірінші жұмыс істеп тұрған қабат (блок, таспа) соңғыларына қарағанда қорғаныш болып келеді.
670. Массивтерді қазған кезде, көрші массивтердің қазуына кедергі келтіретін кентіректер қалдырылмайды. Егерде бұл талапты орындау мүмкін болмаса, онда салынған қазбалар орны кентіректердің қазбаларға соққықауіптілігіне әсерін есептей отырып алынады. Салыну орындары жобамен анықталады.
3 бөлімше. Тау жыныстары мен кен массивтер телімінің
соққықауіптілігіне болжау
671. Массив телімінің соққықауіптілігін болжау аймақтық және жергілікті болып бөлінеді. Аймақтық болжау көмегімен шахта алаңындағы соққы қауіпті аймақтарды айырады.
Аймақтық болжау көрсеткіштері жобалау, жоспарлау, кен жұмысын жүргізу кезеңінде есептеледі және кен қазбасында жергілікті әдіспен анықталады.
Аймақтық болжау геодинамикалық аймақтау көрсеткіштерінің келесі әдістерін есептей отырып жасалады:
1) жыныстар мен кендердің барлық түрлерінің мықтылық және деформациялық сипаттама көрсеткіштері бойынша;
2) геологиялық бағдарлау жұмыстарын жүргізу кезінде жынысөзек материалын талдау негізінде жынысөзекті табақшалау қарқындылығы бойынша;
3) бақылау көрсеткіштері бойынша кен жыныстар массивтерінің қуатты жағдайын және соққықауіптілігін үздіксіз автоматтандырылған бақылау жүйесін қолдану бойынша;
4) деформация мен ығысу көлемінің (жылдамдық) өзгеруі бойынша;
5) аспаппен анықталатын массивтегі қуаттың өзгеруі бойынша;
6) кен жыныстар массивінің қуатты жағдайын және соққықауіптілігін оның блоктық құрылысын болжау картасымен құрылуын ескеріп аналитикалық есеп бойынша;
7) геодинамикалық полигон көрсеткіштері бойынша.
Берілген соққықауіптіліктің аймақтық болжау әдісі 14 қосымшада келтірілген.
Аймақтық болжау сейсмостанциямен және берілген шахтада зерттеу жүргізетін аттестацияланған ұйымның қатысуымен шахтаның кен соққысын болжау және болдырмау қызметімен жүргізіледі.
Тау соққысының пайда болуы бойынша мүмкін қауіпті кен жынысты массивінің телімдері, әр шахта үшін жоба бойынша анықталады.
672. Кен жыныстар массиві телімінің соққықауіптілігін жергілікті болжау, тау соққысын болдырмау шараларын бағалау тиімділігі бір немесе бірнеше әдіспен өткізіледі (15 қосымша):
1) ұңғыманы бұрғылау кезінде жынысөзекті табақшалау;
2) жарылғыштығы бойынша;
3) индентордың ұңғыма қабырғасына кіруін қатайту бойынша;
4) геофизикалық әдіспен;
5) қазбалардың бұзылуын көзбен бақылау бойынша.
Соққықауіптілігін бағалау басқа әдістермен, шахтаның белгілі бір шартына қолданылатын қылып жетілдіріліп өткізіледі. Әдістерді қолдану және жергілікті болжау шарты туралы ұйым, берілген шахтада зерттеу жүргізіп жатқан аттестацияланған ғылыми - зерттеу ұйымымен келісу бойынша шешеді.
Соққықауіптілігін болжау әдістері және оның ағымдылығы жобамен анықталады.
673. Тау соққысына бейім шахталарда соққықауіптілігін бағалау ең көп артылған телімдерде өткізіледі, оларға жататындар:
1) аймақтық болжау кезінде табылған қауіпті аймақ;
2) тазартылу жұмыстарынан тіректік қысым аймағындағы массив телімдері;
3) геологиялық бұзылым және жыныстардың қабаттасып жату телімдері;
4) кенді және кенсіз кентіректер және массивтің шыққан бөліктері;
5) жыныстардың литологиялық түрлерінің үйлесіп жатқан аймақтары;
6) қазбалардың тоғысуы және алдыңғы қазбалар.
674. Кен - геологиялық және кентехникалық жағдайы өзгеруі кезінде, кен жұмыстарын жүргізу ертеректе «Қауіпті» дәрежесі қойылған жерде немесе соққықауіптіліктің сыртқы белгісі пайда болған қазбаларда соққықауіптілігін бақылау ағымды өткізіледі. Қазбалардағы бақылаудың ағымдылығы, оның ішінде соққықауіптілігі жоқ жобамен анықталады.
4 бөлімше. Кен қазбаларын соққықауіптілігі жоқ жағдайға келтіру
675. Соққықауіпті жыныстарда қазбалар өткізу кезінде соққықауіптілік болжауы және тау соққысын болдырмау бойынша шаралар тікелей үңгілеу технологиясына кіреді.
Кен қазбаларын, әр нәрсеге арналған камераларды және «Қауіпті» дәрежесіндегі кен жыныстар массивінің телімдерін соққықауіпсіз жағдайға келтіру жарықшақтық жарылыстың, шығару ұңғымасының, шығару саңылауының, қуысының көмегімен қорғаныш аймағын құру жолымен және келтірілген амалдардың байланысымен жасалады.
Басқа да нақты геологиялық және кентехнологиялық жағдайларға жасалған амалдар қолдануға жол беріледі. Амалдар мен параметрлер таңдау жобамен анықталады.
676. «Қауіпті» дәрежелі қазбалар телімін соққықауіпсіз жағдайға жыныс массивінің шет жақ бөлігінен ені «n», бірақ 2 м кем емес қорғау аймағын жасау арқылы келтіреді.
Тазартым забойында қорғау аймағының енін тәжірибелі түрде нақты геологиялық және кентехнологиялық жағдайларды есепке ала отырып, сонымен қатар жобамен регламенттеп орнатуға болады.
Қорғаныс аймағы массивтің аудандық (забойжанылық) бөліктерінде, осы талаптардың 676-тармағына келтірілген, бұзылған жыныс жолын (қабатын) немесе біркелкі саңылау әдісімен құралады, келесі шартты сақтағанда ғана:
1) бұзылған жыныс жазықтығы (шығару саңылауы), тәртіп бойынша, массивтегі көп қуат әрекетінің бағытына перпендикулярлы;
2) қорғаныс аймағының мөлшері қазбаның ұзындығы (созылуы) бойынша дайындық қазбасында 2 м кем емес және тазартым қазбасында 3 м кем емес болып соққықауіпті телімді жан жағынан асады.
677. Кен қазбаларын соққықауіпсіз жағдайға келтіру жоба бойынша орындалады.
678. Жарықшақтық жарылыс кезінде келесі талаптар орындалады:
1) бірнеше шпурларды (ұңғыманы) бір уақытта жарған кезде миллисекундалық бәсеңдетуі бар электрдетонаторлар қолданады;
2) Жарылыс жеріне адамдарды жарылыстан кейін ереженің басқа шарттары сақталатын жағдайда 30 минуттан кейін жіберуге болады;
3) бір уақытта жарылатын шпурлардың (ұңғымалардың) және жарықшақтық парметрінің мөлшері тәжірибелі жарылыс жолымен және оның тиімділігін жобаға сәйкес бағалау арқылы белгіленеді.
679. Шпурлардың (ұңғымалардың) жарықшақтылық жарылысы массивтің забойға жақын бөлігін соққықауіпсіз жағдайға келтіру үшін, 1 суретте келтірілген үлгілердің біреуін қолдана отырып өткізіледі.
Жарықшақтық жарылыстың бағыттама параметрі номограмма (2 сурет) көмегімен анықталады, егерде ол жобамен регламенттенбеген болса.
Тазартым және дайындық қазбаларының забой жанындағы бөлігінде қорғаныс аймағын құру үшін шпурлар (ұңғымалар) тереңдігі «n+b», бұл жерде n – қорғаныс аймағының ең аз шектегі ені, b – забойдың циклдің арғы жағына немесе үңгілеудің бірнеше циклына жылжуы.
Шпурлар (ұңғымалар) арасындағы қашықтығы – V, оқтам ұзындығы және жарылыс тәртібі жобамен анықталады. Жарықшақтық шпурларды жынысты уату шпурларымен қосып жаруға жол беріледі.
680. Орын толтыратын шпурмен және ұңғымамен жарықшақтық жарылысы телімдегі кентіректер мен массивтің шет жағындағы бөліктерін шығару үшін қолданады, бұл жерде шығару саңылауын құру үшін жарылыстың зиянды әсері ең аз шекке әкелінеді. Орын толтыратын ұңғыма мен шпурлар алдыңғы үлгілерде де (1-сурет) қолданылады. Бұл жағдайда жарықшақтық және орын толтыру ұңғымалар (шпурлар) орын ауыстырып тұрады 3-суретте көрсетілгендей. Орын толтыру ұңғымамен жарықшақтылық жарылыс параметрін анықтау кезінде осы Талаптың 679-тармағы есептеледі. Жарықшақтылық және орын толтыру ұңғымалар (шпурлар) арасындағы қашықтық 2-кесте бойынша анықталады. Жарықшақтылық жарылыс параметрі (орын толтыру ұңғымаларын есептегенде) тәжірибелік көрсеткіштер негізінде қабылдануы және жобамен регламенттенуі мүмкін. Жарықшақтылық шпурлар мен ұңғымалар оқтауының ұзындығы қорғаныс аймағының енінен n кем емес және тиімділікті бағалау нәтижесі бойынша тәжірибелі жолмен анықталады.
Ұңғымалар мен шпурлар арасындағы қашықтық, м.
2 - кесте
Ұңғыма
(шпурлар)
тереңдігі,м
|
Ұңғыма диаметрі
|
0,043 м
|
0,059 м
|
0,076 м
|
0,093 м
|
0,105 м
|
0,130 м
|
5
|
0,27
|
0,42
|
0,58
|
0,75
|
0,86
|
1,12
|
6
|
0,25
|
0,39
|
0,55
|
0,71
|
0,83
|
1,08
|
7
|
0,24
|
0,37
|
0,52
|
0,68
|
0,80
|
1,05
|
8
|
0,23
|
0,35
|
0,50
|
0,66
|
0,77
|
1,01
|
9
|
0,22
|
0,33
|
0,48
|
0,63
|
0,74
|
0,98
|
10
|
0,20
|
0,31
|
0,46
|
0,61
|
0,72
|
0,95
|
15
|
-
|
-
|
-
|
0,49
|
-
|
0,75
|
20
|
-
|
-
|
-
|
0,41
|
-
|
0,66
|
40
|
-
|
-
|
-
|
0,41
|
-
|
0,66
|
70
|
-
|
-
|
-
|
0,26
|
-
|
0,47
|
Ескерту. Кесте жарықшақтық және орын толтыру ұңғыманың диаметрінің теңдігінің шарты үшін құрылған. Қопсу коэффициенті 1,15 көрсеткішімен қабылданған. Бастапқы қуат 75 МПа орташа серпімділік модулі 105 МПа, жол берілетін (қауіпсіз) қуаты бастапқыдан 70 % құрайды.
Орын толтыру ұңғыма (шпурлар) диаметрін көбейту ұсынылады. Бұл жағдайда ұңғымалар (шпурлар) арасының қашықтығы үлкейеді.
681. Ұңғымалардың қатарлары мен шоқтары бойынша жарықшақтық жарылыс телімдердегі тау - тектоникалық соққы бойынша қауіпті, типтік үлгі бойынша (4 - сурет), тектоникалық қуатты азайту үшін ұсынылады.
Ұңғымалардың шоқтары (қатары) арасындағы қашықтығы, оқтау салмағы және ұңғыманы бұрғылау бағыты тәжірибелі және жобамен анықталады.
Бұндай жарылыстың мақсаты тектоникалық бұзушылық беткейлерінің арасындағы қуат концентраторы болып табылатын қатты байланысты бұзу.
Бұрғылау ең жылжымалы және тектоникалық қуатты бұзылған беткейде өткізіледі.
682. Тау соққысын қоздыру үшін арналған сілкілемелік жарылыс жобамен анықталатын қауіпті аймақта адамдар жоқ кезде жасалады. Сілкілемелік жарылыстардың бір түрі жалпы жарылыс болып табылады.
5 бөлімше. Күрделі және дайындық қазбаларын өткізу және сақтау
683. Тау соққысына бейім және қауіпті шахталарды жобалау, құру және пайдалану кезінде келесі талаптар сақталады:
1) оқпандар күрделі геологиялық бұзушылықтың ықпалы аймағының сыртынан оқпан қабырғаларының арасының қашықтығы 50 м кем емес болып орналасады. Оқпан өткізу кезінде, бақылау геологиялық ұңғыма кен жыныстарының және кендердің тау соққысына бейімділігін арнайы анықтаумен оқпанның қимасы маңайында бұрғыланады;
2) отырмалы, сүйемелі, кергі немесе қорғау типті, құранды, қарнақ бекітпелерді икемді элементтерімен қолданады;
3) қазбаға полигонды (тұрақты) көлденең қимасының қалыпы беріледі;
4) шығару саңылауы мен ұңғыманы бұрғылау, саңылауды жарықшақтық немесе жобалық жарылысымен құру;
5) «Қауіпті» дәрежелі кен қазбаларын тоқтату немесе уақытша пайдаланудан шығару;
6) уақыт пен технологиялық процесс кеңістігін және тау соққысын болдырмау амалдарын регламенттеу;
7) тазарту жұмыстарынан тіректік қысым аймағында қазба жүргізуге шек қою;
8) қазба трассасы бойынша соққықауіптілігі болжауын жүргізу және соққыға қарсы шаралардың тиімділігін бақылау.
684. Негізгі жазық және ылдималы қазбалар оқпан маңайындағы аулаларда, камераларды қосып, түртілмеген массивтің ең көп жазық қуаты бағытында көрсетіледі.
685. Тау - тектоникалық соққылары болған шахталарда қазбаларды өткізу және сақтау, мына шараларды орындап өткізіледі:
1) төбе жыныстырының және беткейлердің құлауына жол бермейтін қазбаны бекіту, тұрақты жоба құру, шығару саңылауы мен ұңғыма бұрғылау, жобалық жарылыс (осының қасында бекітудің отырмалы типіне басымдылық беріледі);
2) «Қауіпті» дәрежелі қазбаны соққықауіпсіз жағдайға келтіру;
3) геологиялық бұзылу ықпалы аймағында қазбаны бекіту (бекіту отырмалы элементі бар ұдайы бекітпемен жасалады, мысалы аркалы металлдық);
4) бекітпе типі, ұдайы бекітпенің забойдан қалуы және қазба телімінің ұзындығы, бекітпені қалайтын, жобамен анықталады.
686. Кен денесінде дайындық қазбасы тазартым жұмыстарынан тіректік қысым аймағының сыртынан өткізіледі. Тазартым жұмыс аймағынан арақашықтығы жобамен анықталады. Жобалаған кезде бұл арақашықтық, жатқан беткейінде де, 40 м кем емес қылып қабылдау ұсынылады.
687. Егер қазба қимасына полигонды (шатерлі) нұсқа берілсе, бұрышының төбесін (шатердің) қазбалардың (атылуы, қабыршықтануы тағы басқалар) сипаттамалы бұзылу жерлерінде орнату ұсынылады.Қазбаның тік қимасының полигонды нұсқауының варианттары 5-суретте көрсетілген.
688. 1000 м дейінгі тереңдіктегі соққықауіптілігі бар телімдердегі қатарлас қазбалар мен әр нәрсеге арналған камералардың жақын беткейлер арасының қашықтығы 4 ds кем емес, мұнда ds үлкен қазбаның көлденең қимасының ең үлкен мөлшері, 1000 м көп тереңдікте – 5 ds кем емес.
689. Оқпанды тереңдету мен үңгілеу кезінде күнделікті бекітудің забойдан оқпанның бір диаметрінен көп емес қалуына жол беріледі. Дәл оқпаннан қазбаны үңгілеу оқпанда уақытша немесе күнделікті бекітпе құрғаннан кейін өткізіледі.
690. Телімдерде тау соққысына бейім және қауіпті екі қазбаның түйісімі забой арасының қашықтығынан 15 м бір забой болып жүргізіледі, басқасы тоқтатылады. Түйісім кезінде пайда болған кентірек «Қауіпті» дәрежесінен барлық алаң бойынша қауіпсіз жағдайға келтіреді.
691. Қазбаның көлденең қиысуы тік немесе өзіне жақын бұрыштан өтеді. Қазбаның өту кезектігі жоба бойынша анықталады.
692. Оқпанды тереңдету мен үңгілеу кезінде «Қауіпті» дәрежелі телімдерде алдыңғы қатардағы шығару саңылауларын саңылау жазықтары ең көп деңгейжиекті қуаттың бағытына көлденең орналасатын есеппен қолдану ұсынады.
Оқпандар тау соққысына қауіпті жыныстарда орналасқан кезде, жобамен орнатылған тереңдіктен оқпан қабырғасындағы қуаттың концентрациясы қауіпсіз жағдайға төмендетілуін қамтамасыз ететін шаралар жобаланады және орындалады. Тау соққыларын болдырмайтын шаралар оқпанда күнделікті бекітулер құрғанға дейін өткізіледі.
Өте қиын жағдайда тау соққысын болдырмайтын шаралар ұйымның техникалық директорымен бекітіледі.
693. «Қауіпті» дәрежелі телімдерде камералар мен үлкен қиысу қазбаларын өткізу кезінде алдыңғы шығару саңылауымен қазбаның забой қасындағы кеңістігінің төбесі мен беткейлеріне икемді элементтерімен ұзартылған қарнақ бекітпесі қолданылады.
Бекітпе элементтерінің мақсаттылығы мен параметрі жобамен анықталады.
694. «Қауіпті» дәрежелі үлкен қимасының көлденең қазбасын үңгілеуді жоғарға қабатты алдын ала соққықауіпсіз жағдайға келтіріліп бірінші кезекпен алып этаппен өткізу ұсынылады.
6 бөлімше. Тазартылым жұмыстар
695. Тау соққысына бейім және қауіпті телімдердің блогында (панелінде) тазартылым жұмыстар жоба бойынша жүргізіледі.
696. Тау соққысына бейім және қауіпті телімдердің тазартылым жұмыстар бойынша жобасында келесі талаптар сақталады:
1) қорғаныс кен шоғырларын немесе қабаттарын бірінші кезекті қазу;
2) тазартылым жұмысы аймағының жалпы дамуы қазылынды кеңістіктен алдыңғы қатардағы қазбалар мен кентіректердің саны ең аз массивке қарай бағытталып өткізіледі. Кентіректерді қолдану керек кезде олардың қауіпсіздігі жасанды икемділік құру, қуаттылықтың деңгейін азайту, саңылаулар жасау және басқа да алдын алу шаралар жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
3) тазартылым забойы алдыңғы қатардағы қазбаға немесе қазылынды кеңістікке ℓ қашықтығынан бастап (тіректік қысым аймағының өлшемі) тақалған кезде, соққықауіптілігі дәрежесінің болжауын алдыңғы қатардағы қазбада қалай өткізілсе, жылжып келе жатқан забой жағынан да солай өткізіледі;
4) алдыңғы қатардағы қазбалар «Қауіпті» дәрежесі кезінде соққықауіпсіз жағдайға n көлеміне келтіріледі, ал тазартылым забой жағынан n+b көлеміне;
5) тазартылым забой мен алдыңғы қатардағы қазба (қазылынды кеңістік) арасындағы кентіректердің ені, соған байланысты барлық аймақ бойынша оларды соққықауіпсіз жағдайға келтіру керектігі жобамен анықталады;
6) блоктарда эллипс жобасында кесілген саңылаулар қолданылады, эллипстің ұзын осі ең көп көлденең қуаттылық әрекет бағытында басымдырақ болып орналасқан.
697. Қазбаларда кен жұмыстары атылуы және іліктастардың пайда болуының қарқындылығы басылғаннан кейін өткізіледі.
Забойларда кен (жыныс) жинауды алыстан басқарылатын тиеу машиналарымен немесе машинистің кабинасы, қорғаныс қоршауымен қамтамасыз етіліп, шөміштің алдыңғы жағынан немесе басқа тиеуіш бөлігінен
4 м жақын емес қылып орнатылуы ұсынылады.
698. Тау соққысына бейім және қауіпті кенорнын қазбалау кезінде, тазартылым жұмыс аймағының шахта алаңында (телімде) жоспарлап жылжу қалай болса қалай болса, толық кенорнында да солай жылжу қаралады. Бұл талаптан таю уәкілетті ұйымның аймақтық бөлімшесінің рұқсатымен жол беріледі.
699. Үлкен кен денелерін (шоғырларда) қазу кезінде еріксіз этажды құлату жүйесімен блоктардың астын қорғау үшін кенді алдын ала уату кейін жеткізу және шығару қазбасын үңгілеу қолдану ұсынылады.
700. Жақындатылған соққықауіпті кен денелерін қазу кезінде, қорғау ретінде ең созылған және жазылымы бойынша құлауы бойынша тексерілген кен денесін пайдалануға ұсыныс беріледі, бірінші кезектегі қазу қазылынды кеңістікте кентіректер қалдырмай өткізіледі. Егер кенорнындағы барлық кен шоғырлары қазбаланып жатқан этаж аймағында шамалы созылса, онда озып қорғаныс алуы кейбір жақын орналасқан шоғыр немесе қорғау аймағы жабық қабатын кезекпен қазбалау қамтамасыз етіледі.
701. Қорғау шоғырын қазбалау кезінде кенсіз аймақтарды ұңғымалардың қатарын, қорғаныс кен шоғырымен қатар бір жазықтықта үңгіленген, жарықшақтық жарылыс көмегімен бұзу ұсынылады.
702. Үлкен кен денелерін қазылынды кеңістік толтырымымен қабаттап қазбалау жүйесі кезінде кен шоғырының төбесі (табаны) бойынша қорғаныс қабатын алдын ала қазымдау немесе массивті үлкен диаметрлі 15 м көп емес ұңғымалармен тиімділігін арнайы бағалаумен шығару жүзеге асырылады.
703. Қорғаныс кен денесін (қабатын) озып қазымдау тазартылым қазбасын қалыптылық бойынша содан бастап қорғаныс кен денесіне (қабатына) дейінгі арақашықтықтан кем емес қорғау үшін созылым бойынша.
704. Морт құлайтын үлкен кен денелерін қазбалау үшін бірқалыпты этажды немесе этажастылық еріксіз құлатудың басымдық жүйесімен кенді уатумен қысылған ортада өткізу ұсынылады.
705. Қорғаныссыз аймақтарды кен денелерін қазбалау кезінде тазартылым жұмыстар аймағының қазылынды кеңістікке, сонымен қатар өрлеме бойынша жылжуын қолдануға жол берілмейді.
706. Морт құлайтын орташа кен денелерін қазбалау кезінде этажастылық құлату жүйесін немесе этажастылық қуақаздардың (қияқаздардың) этажастылық қазбалармен төмендеу тәртібімен, қататын қоспалары бар қазылынды кеңістіктің толтырымымен, кенді шеттетіп шығару қолданылады.
Этажастылық құлату жүйесін қолданған кезінде тазартылым жұмыстарын шоғыр ортасынан шеттеріне немесе жалпы аймақпен бір шетінен екінші шетіне жүргізуге жол беретін аула дайындалады.
707. Төмен және бейімді кен денелерін қазбалау басымды түрде шоғырлау жүйесімен немесе қазылынды кеңістіктің соққықауіпті кентіректерді қалдырмай құлатуымен жүзеге асырылады.
708. Кен денелерін қазбалау кезінде тазартылым жұмыс аймағының жылжуы басымдық түрде соққөықауіптілігі, сынуы, тектоникалық бұзылулар, қуаттылықтың шоғырлануы жоғары аймақтардан жүзеге асырылады. Бұл аймақтар алдын ала соққықауіпсіз жағдайға келтіріледі және бірінші кезекте қазбаланады.
709. Қазбалауға дайындалатын кен шоғыр (жыныс массиві) телімдері өте қауіпті жағдайларда соққықауіпсіз жағдайға алдынала келтіріледі (ℓ қашықтығынан кем емес):
1) оларда «Қауіпті» дәрежесі пайда болғанға дейін. Жұмыстар жоба ьойынша өткізіледі. Жобада алдын алу шаралары қаралады:
2) деңгейжиекті дайындау бойынша кен жұмыстарының басына дейін, кенорны маңайында үлкен үзілім бұзушылығымен шектелген және бұзылу жатысының негізгі элементтері;
3) 0,5 ℓ телімі айналасында тектоникалық бұзылуға дейін қазбалар жүргізу және тазартылым жұмыстарын жүргізу тау соққысының, төгілулер, түсулер және жыныс (кен) құлауларының алдын алу шараларын қолдану арқылы өткізіледі; қорғаныс алуын пайдалану;
4) ені 0,5 ℓ кем емес кентіректерді барлық аймақ бойынша соққықауіпсіз жағдайға келтіріледі;
5) кентіректің қазбасын алдын ала соққықауіпсіз жағдайға келтірілген қазылынды кеңістіктен бір бағытта жүргізіледі;
6) кентіректерді енбемен қазбалауға және онда алдын алу шараларын өткізуге қатысы жоқ адамдарға жүруге тыйым салынады;
7) ертеректе көрші (қорғаныс) кен денелерінде (қабатында) қалдырылған кентірек ықпалының аймағындағы телімдерді қазбалау сол кентіректерді жойғаннан кейін өткізіледі. Кентіректерді жою кезінде олардың ықпал аймағында орналасқан қазбаларында адамдар жүруге тиым салынады. Егер кентіректерді жоюға мүмкіндік болмаса, онда кен жұмыстары оның ықпалы аймағында қорғаныс қатында пайда болған кен қысымы жоғары аймағын есепке ала отырып өткізіледі.
Әр шахта үшін оның ерекшелігін есепке ала отырып алдын алу шаралары жобамен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |