Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы



Дата17.07.2016
өлшемі287.65 Kb.
#206358
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы, 10 қыркүйектегi № 425-430 (26823), 1 қазандағы № 472-473 (26865), 15 қазандағы № 497-500 (26892), 21 қазандағы № 505-507 (26899), 10 қарашадағы № 535-536 (26928), 15 қарашадағы № 541-542 (26934), 8 желтоқсандағы № 601-605 (26997), 9 желтоқсандағы № 606-610 (27002), 10 желтоқсандағы № 611-615 (27007), 18 желтоқсандағы № 640 (27032), 30 желтоқсандағы № 666-672 (27064), 31 желтоқсандағы № 673-679 (27071) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 32, 391-құжат "Казахстанская правда" от 21.05.2011 г., № 163-164 (26584-26585), 26.05.2011 г., № 167 (26588);


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Қоса берiлiп отырған:
      3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 394 қаулысымен  
бекiтiлген   

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), сондай-ақ баламалы негiзде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тұрғылықты жерi бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi, тiзбесi осы стандартқа 1 және 3-қосымшаларда көрсетiлген уәкiлеттi органдардың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде, интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi тұтынушыға жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы анықтама беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      Уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген жағдайда:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi 11-тармақта анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 минуттан аспайды;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең көп уақыты (тiркеу, талон алу кезiнде, өтiнiш жасаған және электрондық сұрау берген сәттен бастап) 10 минут;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 15 минут.
      Орталыққа барған кезде тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап: үш жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
      1) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлетiн ең көп уақыты – 30 минут;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 30 минут;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 30 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мамандардың деректемелерi (Т.А.Ә, кабинет нөмiрлерi) уәкiлеттi органның ғимаратында көрнекi жерде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
      Орталықтың жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн үзiлiссiз, және орталықтың филиалдары мен өкiлдiктерiнде күн сайын сағат 9.00-ден бастап 19.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда.
      Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның үй-жайында көрсетiледi. Күту залында отыруға арналған орындар, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ақпарат орналасқан ақпараттық стендiлер, сондай-ақ өртке қарсы қауiпсiздiк құралдары бар. Мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кiреберiсте пандус бар;
      тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша орталықтың үй-жайында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған өтiнiш нысандарының үлгiлерi бар ақпарат стендiлерi болады, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген, сондай-ақ өртке қарсы қауiпсiздiк құралдары бар.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) жеке басын куәландыратын құжаттар:
      Қазақстан азаматтары – жеке куәлiк (паспорт);
      шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгi;
      оралмандар – оралман куәлiгi;
      2) мемлекеттiк қызмет алу үшiн барған орталық беретiн толтырылған өтiнiш нысанын.
      Орталықта өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
      12. Уәкiлеттi органға өтiнiш берген кезде барлық қажеттi құжаттардың тiркеудi жүргiзетiн уәкiлеттi органның қызметкерiне тапсырылады.
      Орталықта толтырылған өтiнiш нысандары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орталықтың инспекторына тапсырылады.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы көрсетiлген кезде, құжаттардың қабылдануы «терезелердiң» арналуы және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылатын, сондай-ақ орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiлетiн «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
      13. Өтiнiштi тапсырғаннан кейiн тұтынушыға:
      1) уәкiлеттi органда – жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама;
      2) орталықта:
      өтiнiштiң нөмiрi және қабылдаған күнi;
      сұралатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      сұралатын мемлекеттiк қызметтiң күнi (уақыты) және орны;
      өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген өтiнiштi қабылдау туралы қолхат берiледi.
      14. Анықтама беру тұтынушының жергiлiктi жерiндегi уәкiлеттi органға жеке өзiнiң баруы арқылы жүзеге асырылады.
      Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға берудi орталықтың инспекторы «терезе» арқылы күн сайын, қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады.
      15. Жұмыссыздарға анықтама беруден бас тарту тұтынушы уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген жағдайда жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк қызмет берудi тоқтата тұру үшiн негiздеме жоқ.
      Тұтынушы құжаттарды алу үшiн белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда, орталық оларды бiр ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады.

3. Жұмыс қағидаттары

      16. Уәкiлеттi органның және орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      17. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      18. Уәкiлеттi органның және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      19. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға көмек көрсететiн мемлекеттiк органдардың атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, электронды почтасының мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген.


      20. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайлары, телефоны, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi.
      Тұтынушы жергiлiктi атқарушы органдар әкiмдерiнiң аппаратына жүгiнуiне болады, олардың мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа  5-қосымшадакөрсетiлген.
      21. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның ақпараттық стендiсiнде көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi орган жұмыс кестесi осы стандарттың 9-тармағында көзделген жұмыс кестесiне сәйкес анықталады, электрондық почтасының мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      23. Жеке тұлғаның шағымында тұтынушының тегi, аты, әкесiнiң аты, почта мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптар көрсетiледi.
      24. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      25. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz.

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама


беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 1-қосымша

Уәкiлеттi органдардың мекенжайлары мен байланыс деректерi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Шығыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070000, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 157/2 ozisp_uka@mail.ru

8-7232 77-03-33

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

071400, Семей қаласы, Қозбағаров көшесi, 40 czn@mail.kz

8-7222 56-17-88

3

Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар

071300, Риддер қаласы, Гагарин көшесi, 6 loszn@yandex.ru

8-72336 4-54-47

4

Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070100, Курчатов қаласы, Курчатов көшесi, 3 Kurchatov_CC@mail.kz

8-72251 2-38-30

5

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070100, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесi, 14 abai_c@mail.ru

8-72252 9-15-05

6

Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070200, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесi, 104 ayagoz.sobes@mail.ru

8-72237 3-27-56

7

Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бесқарағай ауданы, Пушкин көшесi, 2 А beskar_c@mail.ru

8-72236 9-11-82

8

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бородулиха ауданы, Жастар көшесi, 25 bor_c@mail.ru

8-72351 2-22-74

9

Глубоков ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Глубоков ауданы, Попович көшесi, 13 glubokoe-ozsp@mail.ru

8-72331 2-11-15

10

Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070600, Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесi, 70 Zharma_c@mail.ru

8-72347 6-56-70

11

Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070700, Зайсан қаласы, Манапов көшесi, 21 А zaisan_sobes@mail.ru

8-72340 2-18-66

12

Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070800, Зырян қаласы, Бiрiншi май көшесi, 23 zir_sob@mail.ru

8-72335 6-22-57

13

Қатон-Қарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070900, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесi, 109 katon_c@mail.kz

8-72341 2-14-53

14

Күршiм ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

070200, Барақ батыр көшесi, 78 kur_c@mail.ru

8-72339 2-13-30

15

Көкпектi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

071000, Шериаздан көшесi, 61 kokpekti_ozsp@mail.ru

8-72348 2-17-34

16

Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

071500, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесi, 16 tarbag_c@mail.ru

8-72346 2-18-19

17

Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

071600, Молодежный кентi, 5 ulanka_z@mail.ru

8-72338 2-74-80

18

Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Үржар ауданы, Абылайхан даңғылы, 120 urdjar@mail.ru

8-7223 03-45-01

19

Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шемонаиха ауданы, Жастар көшесi, 19 Shem_sob@mail.ru

8-7233 23-06-22

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама
беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 2-қосымша

Халыққа Қызмет көрсету орталықтарының тiзбесi

№ Р/с

Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшылардың телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а»

25-77-16

40-10-63 қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109

56-24-53

55-15-55 қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б»

24-31-10

24-41-33 қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б»

28-31-14 28-40-06

28-40-14 қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а»

22-48-03

28-94-67 қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408 квартал, 21

33-57-97

33-55-93 қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а»

51-44-79

43-84-14 қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81

28-13-12

23-68-81 қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7

41-63-03

41-63-10 42-09-10 қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114

53-26-00 21-13-11

54-10-20 қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-07-51

23-07-16 қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облыстық ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б»

42-23-19

42-23-12 қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48

33-47-54 33-47-48

33-47-35 қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавловск қаласы, Әуезов көшесi, 157

42-69-50

33-31-03 қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-96

30-06-79 қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221

378-09-10

378-09-09 қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесi, 24

377-19-80

377-19-80 қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөкеев көшесi, 128

317-82-29

256-08-69 қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9 «а»

293-41-14

248-17-77 қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155

378-46-72

390-18-07 қабылдау бөлмесi

21

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44

239-65-53 239-65-47

239-65-52 қабылдау бөлмесi

22

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Рехорд Зорге көшесi, 9

234-09-27

234-09-35 қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Мирзоян көшесi, 25

61-84-03

61-84-04 Қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31

40-65-62

40-65-62 қабылдау бөлмесi

25

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 47

32-42-79

32-40-95 қабылдау бөлмесi

26

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Сүйiнбай ақын көшесi, 85

37-74-34

37-74-34 қабылдау бөлмесi

27

Астана қаласы Есiл ауданының ХҚО

Астана қаласы, Сауран көшесi, 7

50-13-69

50-13-72 қабылдау бөлмесi

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама
беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 3-қосымша

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларының мекенжайлары мен байланыс деректерi

Р/с №

Уәкiлеттi органдардың атауы

Орналасқан мекенжайы

Телефон нөмiрi

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Көкшетау қаласы, А.С. Пушкин атындағы көше, 23

76-35-59

akmout@mail.online.kz

2

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 101

56-00-43

aktobe@enbek.kz

3

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б»

24-41-33

al-obltrud@mail.ru

4

Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31а

35-40-21

atyrau@enbek.kz

5

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Өскемен қаласы, Киев көшесi, 1

47-86-39

oblzan2@mail.ru, vko@enbek.kz

6

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Тараз қаласы, Қарахан көшесi, 1

45-71-97

ukzsp_jambyl@mail.ru, taraz@enbek.kz

7

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Орал қаласы, Сарайшық көшесi, 44/2

51-25-83

оblsobes@mail.kz

8

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Қарағанды, Ержанов көшесi, 47/3

43-20-82

karagandatrud@mail.ru

9

Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Қостанай қаласы, Қасымханов көшесi, 34

50-06-16

oblsots@mail.ru

10

Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Қызылорда қаласы, Жақаев көшесi, 47

26-10-76

korda2004@mail.ru

11

Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, 7

60-52-53

aktau@enbek.kz

12

Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 59

32-59-63

kence.dsz@pav odar.gov.kz, pavlodar@enbek.kz

13

Солтүстiк Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64

46-56-48

obl_dep@mail.online.kz, zsp@sko.kz

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 20

30-10-40

depuko@enbek.kz, dtuko@enbek.kz

15

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Алматы қаласы, Қонаев көшесi, 122

51-94-94 61-65-88 61-52-02

almaty@enbek.kz, Depart_zan@mail.ru

16

Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Астана қаласы, Кенесары көшесi, 65

21-62-22 21-09-41 21-22-61

deptrud@astanatelecom.kz, depzan@mail.ru

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама
беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 4-қосымша

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына
қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










«Жұмыссыз азаматтарға анықтама
беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 5-қосымша

Облыстық маңызы бар, Астана мен Алматы қалалары әкiмдiктерi аппараттарының тiзбесi

р/с №

Мемлекеттiк мекеменiң атауы

Аппараттағы ХҚКО қызметiн ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң (бөлiмнiң) атауы

Құрылымдық бөлiмшенiң (бөлiмнiң) телефон нөмiрi

Орналасқан мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi талдау бөлiмi

26-74-26

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83

2

Ақтөбе облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын сақтауды бақылау бөлiмi

93-20-67

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр-хан даңғылы, 40

3

Алматы облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк-құқықты жұмыс, әкiмшiлiк және мемлекеттiк қызметтер сапасын бақылау бөлiмi

27-16-41 27-37-22

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38

4

Атырау облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер сапасын бақылау бөлiмi

35-45-32

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77

5

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты

Ақпараттық технология және мемлекеттiк қызметтердi мониторингiлеу бөлiмi

26-89-20

Өскемен қаласы, М.Горький көшесi, 40

6

Жамбыл облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасын мониторингiлеудi дамыту бөлiмi

43-34-54 43-36-95

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125

7

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты

Экономикалық талдау, iшкi бақылау және мемлекеттiк қызметтердi мониторингiлеу бөлiмi

50-88-49

Орал қаласы, Достык-Дружба даңғылы, 179

8

Қарағанды облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер сапасын мониторингiлеу және ақпараттық технологияларды дамыту басқармасы

42-10-90

Карағанды қаласы, Бейбiтшiлiк Бульвары, 39

9

Қостанай облысы әкiмiнiң аппараты

Заң сараптамасы және мемлекеттiк қызметтердi мониторингiлеу бөлiмi

57-50-43

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66

10

Қызылорда облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын сақтауды бақылау бөлiмi

26-19-28

Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесi, 76

11

Маңғыстау облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бақылау бөлiмi

42-74-70

Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1

12

Павлодар облысы әкiмiнiң аппараты

Әкiмшiлiк-қаржылық бөлiм

32-40-42

Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесi, 49

13

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты

Электрондық мемлекеттiк қызметтер бөлiмi

46-72-65

Петропавловск қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58

14

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бақылау бөлiмi

55-12-39

Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6

15

Алматы қаласы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын сақтауды бақылау бөлiмi

272-24-02

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

16

Астана қаласы әкiмiнiң аппараты

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын сақтауды бақылау бөлiмi

55-64-41

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет