Жәрменке филиал кітапханасы



жүктеу 12.13 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі12.13 Kb.
Жәрменке филиал кітапханасы
Жәрменке ауылы Ленин селосы болып Шоңай селолық советіне қараған, қазір Сайқын ауылдық округіне қарайды. 1957 жылы ашылған сол кездегі кітап қоры 5600 болған. Алғашқы кітапхана меңгерушісі болып Ерғазиева Қамазия жұмыс жасады.

1952 жылы Орал педогогикалық училищесін бітірген. Ерғазиева Қамазия 1952-1957 жылдар аралығында бастауыш мектеп мұғалімі болып қызмет атқарған.

1957 жылдан бастап мәдениет қызметкері кітапханашы болып жұмысын бастаған, сол кезде 200 оқырманы болған. Қамазия кітапхана жұмысын ауданның, ферманың алдында тұрған шаруашылық саяси міндеттермен тығыз байланыста жүргізді, қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. Бұл кітапхана үздік кітапхана қатарында болды.

Ерғазиева Қамазия кітапханадан жемісті еңбегі үшін жыл сайын мақтау қағаздарымен марапатталды.


1981 жылы 300 оқырманға 6500 дана кітап берілген.

Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуына 250 жыл толуына, СССР-дің 60 жылдығына арналған кітап көрмелері жақсы ұйымдастырып, бұларды жаңа әдебиеттермен үнемі толықтырып отырды.

Кітапханашы Қ.Ерғазиева зейнеткерлікке шыққан соң 1987 жылдан бастап Жакслықова Тұрсын қабылдап алды.



Кітап қоры 6000, оқырманы 235 болды. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып мерзімді басылымдар мен қамтамасыз етіп, көпшілік шаралар өткізіп, әдебиеттерді насихаттаумен жұмыстанды. 1998 жылы кітапхана Жәрменке ауылдық мәдениет үйінің бір жағына көшірілді.

Кітапхана 2006 жылы бөлек ғимаратқа көшірілді. Әр түрлі мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыру жылма–жыл дәстүрге айналуда.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет