Жеті жарғы (толық мəтіні) жарғының негізгі өзегі 3 Билік деңгейлер



Дата11.07.2016
өлшемі175.41 Kb.
#190611


Жеті жарғы (толық мəтіні) жарғының негізгі өзегі 3

1.Билік деңгейлері. 4

2. Би 5

3. Хандық билік: 5



4. Билікке жататын істер 7

5. Кеңес жəне жүгініс 9




Жеті жарғы (толық мəтіні) жарғының негізгі өзегі


1."Жарғы" қазақ арасында кең тараған, ғасырлар елегінен өткен "Жол", ("Жаза", "Жарғы", ”Қасым ханның қасқа жолы”, ”Есім ханның ескі жолы”) негізін қуаттайды жəне жетекшілікке алады.

2.”Жарғы” арғы түбін Алаштан алатын қазақ елінің, бірлігін, туыстығын сақтап қалуды көздейді.Қандай да болмасын билік, бітім сөз қазақтың арасын ашпай ”жарасуға”, ”қарындасқа” бастауы тиіс.

3.”Жарғы” ел басшылығына ұсынылатын хан, ұлыс сұлтаны, билердің жеке бастарының қасиеттері жоғары болуын талап етеді.Қазақ ішінде таза мұрагерлік, таза сайланбалы тəртіп жоқ.

4.”Жарғы” қазақ арасындағы билік, бітім сөзінің халықтың қатысуымен, жария етілуін талап етеді.Бидің айтқан шешімін кейінге қалдырмай, ел болып, бірден іске асыруы тиіс.

5.”Жарғы” бойынша екі жақ алдына келіп бірдей жүгінгеннен кейін айтылған бітім сөзі заң болып табылады. Би (кеңес, жүгініс) шешімін орындамаған адам ел ортасынан аласталады, не барымтаға түседі.

6.”Жарғы” қазақ арасындағы қылмысқа қатысты шешімдердің алдымен ”қанға қан”, ”көзге көз” ережесімен шешілуін талап етеді.Кешірім болған уақытта ғана”құн” мен ”айыпты”қолданады.

7.”Жарғы” қазақ атанған елдің азаматтары, қару-жарағы мен жорық аты, сайлы болса, дəрежесі тең екенін жəне қарым-қатынас тек туыстық жолмен реттелетінін жариялайды.

8.”Жарғы”- қазақ ішінде неке мен отбасы құндылықтарын мүлтіксіз сақтауды талап етеді. Зорлық, ойнас, біреудің некелі əйелін алып қашу т.б. қылмыстарға өлім жазасын лайықты деп санайды.

9.”Жарғы” меншікке, əркімнің еңбекпен тапқан мал-мүлкіне қарсы жасалған қылмыстың қай түрі болсын-ұрлық, тонаушылық, өте қатал жазалануын талап етеді.

10.”Жарғы” діннен безген, құдайға тіл тигізген адамдарды, өзге дінге кірушіні қатын-баласынан, мал-мүлкінен айыруды, өлім жазасын беруді қуаттайды.Өзіне өзі қол көтерген адамның жаназасын шығармауды, ру қорымынан бөлек жерлеуді талап етеді.



  1. Билік деңгейлері.


1. Ақсақал билігі -ата баласының ішінде жүреді.Неке мен отбасы, жақын туыс ағайын арасы, мұрагерлік пен енші т.б. мəселелерді шешуге хақылы.Ақсақалдар бір ата баласы ішіндегі дауда кінəлі жақты жазалауға да хақылы.

2. Рулы елдің билігі-сол елдің ішінен шыққан көсемге тапсырылады . Ол не өз қасиетімен, не аталарынан жеткен мұрагерлікпен билік жүргізеді. Ру биі рулы елге иелік жасайды, дау шарына төрелік айтады, ағайынды бір-бірімен табыстырады. Сол рулы елді өзге жерде қорғайды, намысын жыртады.Жақсы би өз руын өрге суйрейді, өз бас бұзарын өзі жазалайды.

3. Ұлыс биі-бірнеше руға иелік етеді, ұлыстың/жаугершілік жағдайында кемі 10 мың жігіт шығара алатын одақ, бас билігі, сыртқы саясаты ұлыс сұлтанының қолында/шаруашылық жəне əлеуметтік өміріне басшылық жасайды.Сол ұлысқа ие болып отырған ханның, не сұлтанның ақылшысы, сүйеушісі болады. Ірі -ірі кеңестерде, ”Жарғының” жиналыстарында ұлыс елдің намысын қорғап, немесе елдің ішкі жəне сыртқы жағдайына қатысты қабырғалы кеңес айтады.

4. Орда биі-тұтас жүздің басшысы, кемеңгер ел басының қызметі, би атағының ең биік деңгейі.

Орда биі жалпы халықтық мəселелерді шешуге, өзге елдермен қарым-қатынас ісіне тікелей қатысады. Орда биі мемлекеттік ”Жарғының”құрамына енеді, яғни сыртқы жəне ішкі саясатқа ықпалы мол, ханды тежеуге немесе қамшылауға, не жауапқа тартуға хақылы. Орда билері хандық биліктің осал кезінде ел татулығын, бірлігін ұстап тұруға жауапты.

5. Хандық билік-хан немесе ұлыс сұлтаны тарапынан жүргізіледі. Биліктің бұл деңгейі жаугершілік тұсында аса көтеріледі жəне ”Жарғының”шешімімен хан немесе ұлыс сұлтаны өз бетімен сыртқы саясатты жүргізуге мүмкіндік алады. Ішкі саясат мəселесінде ел ішіндегі билердің алдынан бітпеген даулар немесе ұлыс сұлтандары арасындағы даулар хан алдына барады. Əр даудан, хан қатыссын мейлі, қатыспасын, жауапкердің есебінен кесілген мал мен мүліктің 10 пайызы ханға олжа /”хандық”/. Сыртқы елдермен арадағы елшілік, сүйек жақындық /қыз беру, қыз алу/, жаугершілік пен бітім тікелей ханның, не ұлыс сұлтанның басшылығымен жасалады.Төре тұқымының ішкі əулеттік даулары хан алдында тарайды, қара қазақ баласы ”хан баласы көпір болса басып өтпе”деп қабыл алса, кез-келген дауды төре алдына алып барып шешуге мүмкіндігі бар.

6. Қаз (мəслихат, жиын) - бүкіл қазақ елінің бас қосқан кеңесі.Ел басына түскен өте ауыр, даулы, жауапты мəселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматы (бес қаруымен ат-сайманы бойында) түгел қатысады.Көрші елдермен соғысу, не одақтасу, не мойынұсыну т.б. бойынша шешімде бекітуге тек ”Қаздың” (мəслихат, жиын) ғана деңгейі келеді. ”Қаз” (мəслихат, жиын) бекітпесе хан мен сұлтан болса да, елдің беделді билері болса да биліктері заңсыз деп табылады.

2. Би

1. Би-сайланбалы қызмет емес;ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, ауызы дуалы, шаруасы түзу, ата-тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам би болады.

2. Би-жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет. Айтқанын ел қабылдаса жас бала да елге билік айтып, даудың шешімін шығарады.

3. Би-атадан балаға қалатын мұра емес, əркім өз жігерімен, білімімен, зердесімен жететін абыройлы атақ.(Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті атасын жетектеп жүрген бар ма екен?).

4. Қазақ билігі ауызша айтылатын, ауызша шешілетін билік, жұрт алдында, қалың тобыр елдің үстінде айтылады, кім қатысам, кім сөйлеймін десе де, ел келіссе, рұқсат.

5. Би-табиғи қабілет пен терең білімді ұштастырған адам болуы шарт.

6. Би-шешен, тілді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай мəнін табатын, айтқан сөзінің салмағы қорғасындай болуы шарт.

7. Би-ердің құны, нардың пұлы болса да екі ауыз сөзбен шешетін адам.

8. Би-қазақ шежіресін, ру құрылымын, олардың арасындағы жолды, туысқандықты терең айыратын жан.

9. Би-терең білімділігімен қатар, өзіне тартпайтын адам. Ол-турашыл ”қара қылды қақ жарған”, ”тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ".

10. Би-өз өмірінде өз басына дау келтірмеуі шарт, елге күмəн, күмəнді сөзге себеп бермеуі шарт:

Би басына дау келсе,

Билігі кетер басынан.

3. Хандық билік:

1. Қазақ билік жүйесінде мұрагерлік жəне сайланбалы қызмет қатар қолданылады.

2. Хан сайлаудың шарты елдің ең белгілі көсемдерінің ақ кигізге хан тағына үміткерді көтеріп, елді аралатып бір биікке шығаруы.

3. Екінші шарты ханға үміткерді боз биенің сүтіне шомылдыру.

4. Хан сайлауға қатысушылар ақ кигізді қылдай қылып бөліп алады.

5. Ханға жақын адамдар оның киімін алады.

6. Хан сайлаудан қайтқан ел ханның мал дүниесін бөліп, айдап алып кетеді оның орнын толтырып еселеп мал береді /хан талау/.

7. Ханның ақылшы адамдарын ”нақ” дейді, баласының /мұрагер/ тəрбиешісін ”аталық” деп атайды.

8. Ханға қарсылық жасаған рулар ”тоғыз” айып төлейді /ханға қарсылық құдайға қарсылық/.

9. Ханның жеке өз басына қарсылық көрсеткен, тыңдамаған адам тоғыздан айыбын төлейді. Кінəліні мойнына құрым іліп ауыл айналдырады.

10. Ханның өзі бастап, ұлыс сұлтандары, ел басы билер мен ақсақалдар жыл сайын күз уақытында қазақ даласының орталығына қарай белгілі бір жерде ел мəселелерін талқыға салуы шарт /қазға салу/.

11. Елдің бас қосқан жиынына /қаз (мəслихат, жиын)/ əрбір қазақ бес қаруымен келуі щарт Қарусыз адам дауысқа түспейді , жасы кішілер оған орын бермейді.

12. Əрбір қару-жарағы сайлы адам /сұлтандардан басқа/ ел қазынасына деп сұлтандар мен хан /елбасы/, жауаптылығына өз меншігіндегі дүниенің, малдың өсімінен 1/20 бөлігін жыл сайын беруі шарт.

Хан сайлау:

Қазақ халқы ерте заманнан ханға бағынған ел. Хан қоғамдағы ең жоғарғы биліктің өкілі . Қазақ халқының үлкен хандарын ”ақ кигізге” көтеру дəстүрі ел болып хан билігін мойындаудың белгісі.

Барлық қазаққа ортақ билік иесін ” үлкен орданың ханы ” деп атайды, сонымен бірге əр жүз немесе ұлыс билеушісі сұлтандарды ” хан ”деп марапаттау бар, бірақ ақ кигізге ел болып түгел көтермегеннен кейін олардың деңгейі төмен. Сол себептен ұсақ ұлыс билігін “келте хандық” деп атайды. Хан атағы əкеден балаға қалатын мұра емес, негізгі шарт ағадан ініге қалады. Бірақ, халықтың көңілі кетіп , өзіне жағымды деп тапса, сол адамына береді. Шарты, үлкен хандардың тұқымынан болуы керек, негізгі өзектен. Хан болатын үміткер Жарғының алдында сыннан өтеді. Халықтың негізгі бөлігі қатынасқан-жиын, /қаз, мəслихат/ ханды сайлауға рұқсат береді.

Хан болатын үміткер өзін жан-жақты көрсетуі шарт: ел арасындағы келіспеушілік болса төрелік жасап, жаугершілік болса қолбасшылық жасап, келіссөздер болса елдің намысын сақтап.

Хан атағына үміткерді ел басшылары толық жиналған соң боз биенің сүтіне шомылдырып ақ киізге салып көтереді. Ханды қолдайтын билер ақ киіздің шетін ұстап ел жиынын аралайды.

Ханды үш рет көтереді. Елдің бəрі ханды көтерген сайын “Хан“, “Хан“ деп айғайлап дауыстайды. Бұдан кейін сол жерде адамның бəрі жапа-тармағай жабылып ханды “тəбəрік“ деп бөліп алады. Ақ киізге көтерген соң боз биенің сүтіне шомылдырады, хан киімін кигізеді/алтынмен оқаланған хан шапаны мен айыр қалпақ/. Ең жақын- жанашыр деген адамдар ханның ескі киімін өзара бөліп алады. Боз биенің сүтіне шомылдырылғаннан кейін ханды ел алдына алып шығып таныстырады. Осы жиында ханның жанына кеңесші болатын “нақтарды” сайлайды, ханның балаларын тəрбиелейтін, ханның елшілік тапсырмасын атқаратын “аталық“ сайлайды. Қазға (жиын, мəслихат) қатысқан ірі рулардың билері ханға арналған тарту-таралғыларын тапсырады. Ханның туын көтереді, ту көтеріп жүретін, соған жауапты батырды белгілейді. Қаздан (жиын, мəслихат) шыққан ел рəсім аяқталған соң ханның меншігіндегі малдың бəрін “хан талапай“ деп қолына түскенін айдап кетеді.Бірақ, оның ертеңінде əрқайсысы ханға еселеп сыбаға жібереді. Қаз жиынына қазақ елінің атқамінер, қаруы сайлы азаматы түгел қатысады. Түркістан мен Ташкенттің, сол жердегі қалалардың тұрғындары түгел қатыстырылады, ғұлама моллалар, қожалар “бəтуа“ береді. Қаз жиынның соңы қашанда қызық-думан той болып аяқталады. Ел басшылары өзара келісімге келгенінің белгісі ретінде “аққасқа-көкқасқа“ сойып/құрбандық шалу/ соның бауыздау қанына бармақтарын батырып, көкке көтереді /уағданы бұзсақ көк соқсын делінеді/.

Осылай өзара серттескеннен кейін хан билігі ел ішінде мойындалған болады.

Хан сайлауға қатысқан ел бұдан былай (ханға қарсылық-құдайға қарсылық (деп өзара хан атағын сыйлауға бəтуаласады. Ханға қарсылық жасаған руларды Жарғы жазаға тартады. Ханның ірі рулардан сайланған нақтары өз руларының күшімен кез-келген қарсылықты басып отырады, кінəлі рулардың билері тоғыздан айыптарын тартады. Хан алдында кінəлі болған жеке адамдарды жасауылдар мойнына құрым іліп, қара сиырға мінгізіп хан ордасын айналдырады.

Хан қазақ елінің бас төрешісі қызметін атқарады. Жүз, ру арасындағы ірі даулы мəселелер ханның қатысуымен шешіледі, қатыспаған күннің өзінде “хандығын” алады. Хан өз қалауымен Жарғының келісімін алса, кез-келген адамды /кінəсіна қарай/ өлім жазасына кесе алады.


4. Билікке жататын істер

Билердің алдына немесе ”кеңес”, ”жүгініс” сияқты билердің басы қосылған ортаға түсетін мəселелердің қатарына:

а) Адамның жеке басына қарсы; ə) рулы елге қарсы; б) қалыптасқан қоғамдық тəртіпке қарсы;

в) қабылданған дінге қарсы, құдайға қарсы жасалған қылмыстың түрлерін енгізеді.

Қылмыс ұғымының орнына-қаскүнемдік, жаманат, жаман іс, күнə т.б. түсініктер жүреді.

Қылмыстың түрлерін осыған байланысты ” Жарғы”: неке мен отбасы тəртібіне қарсы қылмыс (жесір дауы, қалың мал мен жасау т.б.), меншікке қарсы жасалған қылмыс (мал-мүлікті, дүниені ұрлау, тонау т.б.), қалыптасқан қоғамдық тəртіпке қарсы жасалған қылмыс /ру құндылықтары, тəртібі, қонақасы т.б./ жəне құдай тағала алдында күнəһар болу деп екшеп береді. ” Жарғы” қазақ тіршілігіне қатысты даулардың бəріне қалыпты қоғамдық жағдайды, өмір салтты бұлжытпай ұстап отыру тұрғысынан қарастырады. ”Жарғы” билік дəстүрін іске асыратын адамдарға, осы қоғамның ең жауапты, адал қызметкерлері ретінде, шексіз билік береді.

Осы көрсетілген қылмыс түрлерінен туындайтын ең ауыр оқиға-кісі өлімі, ел тонау, ұрлық, зорлау, ойнас деп есептеп, осындай салдарға алып келген даулардың бəрінде де қатал өлім жазасының қолданылуына рұқсат етеді.Қоғамдағы қылмысты тоқтатудың, туыстықты сақтаудың негізгі жолы туысқандық деп білетін “Жарғы” сонымен қатар қандай да оқиғаны ушықтырмаудың көзі кінəліні қатаң жазалау екенін ескертеді.”Жарғы” адам өлімінің үш түрін қарастырады: а/ жол тəртібін ұстап, кек қуып өлтіру; ə/ əдейі қастандықпен өлтіру; б/ абайсызда кездейсоқ өлтіру.

І.Жол тəртібіне жататыны-қожайыны құлын өлтіру, мал иесінің ұрыны, қарақшыны өлтіру, үстінен түсіп, күйеуі əйелі мен ойнасын өлтіру т.б. қылмыс үстіндегі өлімдер.

2.Əдейі қастандықпен өлтіруге ұзыннан өші, қысқадан кегі жоқ адам төбелес үстінде өлтіру, жолаушылап келе жатқан адамды өлтіру, ел тонап жүріп адам өлтіру т.б. өлім түрлері.

3.Абайсызда қателікпен өлтіру- аңшылық кезінде жазым болып өліп кетсе, ойын-той, бəйге кезінде өлсе немесе күресіп жүріп өліп кетсе, абайсызда ат теуіп өлтіру т.б.

Осылардың ішінде “қасақана кісі өлтіру” ауыр жазаланады, егер өлген адам денесі табылмаса, кісі өлтіруші жақ екі есе құн төлейді жəне елден аласталады.Зəбір крген жақ өлім жазасын талап етуге хақылы.Денесіне зақым келген адам кінəлінің дəл сол мушесін зақымдауға ерікті.

Абайсызда болған күннің өзінде, мысалы, атты адам аяғы ауыр əйелді қағып кетсе, ол өлсе, оның ішіндігі баласына да құн төлеуге міндетті. 5 айға дейінгі шарананың əр айына І жылқы, одан əрі айына І түйе.

Адам өлген жағдайда оның туыстары құннан бөлек қ“анжуар” деп қарсы жақтан /қылмыскерлердің өзінен, не руынан/ мал алуы айыпталмайды. Егер “қанжуар” алынбай қалса, билер құнның үстіне “қанжуар” қосуға ерікті.

Меншікке қол сұғудың қандай түрі болса да, /ұрлық, тонау, шабу/ ел “жау шапты” деп ұран көтеруге, қарсылық көрсетуге хақылы; урлық жасағандар “үйірімен үш тоғыз” қайтарады, оған қосымша “мойнына қосақ, көтіне тіркеу” байлайды, оны көтере алмаса босағаға байланады, бұғалық салып жазалайды. Екі қылмысқа екі жаза, бір қылмысқа бір ғана жаза/ бір қойдан екі тері алмайды/ болады.

Ер қаруы болып табылатын, ердің басын сақтайтын заттар /қылыш, найза, шідер, үзеңгі, жүген т.б./ ұрлығы өте ауыр жазаланады.

“Жеті Жарғы” қазақ қоғамының қалыптасқан саяси, этникалық, шаруашылық, əлеуметтік дəстүрлерін сақтау мақсатында қылмыстың ұсақ-түйегі болмайды деп есептеп бəріне жаза қолданады.Осы себептен қылмыс туралы даугердің өтініші келіп түспей-ақ кез-келген елге абыройлы бидің өз бетімен істі бастауына рұқсат беріледі.


5. Кеңес жəне жүгініс

І.Даулы істің ауыр-жеңіліне қарай билік айту бінеше жағдайда іске асады:

а/ Егер іс өлімге, ел тонау, зорлық т.б. ру аралық ауыр қылмысқа байланысты болса, оны Кеңес шешеді, 8-ден 24-ке дейін би қатысады. Төбе биді даугер мен жауапкер жақ өзара келісіп таңдайды.

Төбе би өз таңдауы бойынша алдын-ала Кеңеске билерді, ақсақалдарды шақырады.Даугер мен жауапкердің Кеңес мүшелеріне қатысты пікірі ескеріледі ə/ Егер іс үлкен ұрлық, тонау, жесір дауы, денеге зақым келтіру сияқты ру ішіндегі немесе көрші рулармен арадағы қылмыспен байланысты болса, оны Жүгініс шешеді. Оған 6-8 би, ақсақал қатысады. Төбе биді екі жақ келісіп таңдайды. Жүгініс мүшелерін төбе би шақырады.

б/ Егер ата баласының, ру ішінің арасындағы дау болса (төбелес, боқтау, ұсақ ұрлық т.б.) бір бидің немесе ақсақалдың өзі де шешеді. Бидің ынтасына қарай көрші-қолаң ақсақалдар бұл шешімге қатыса береді.

2.Есесін қуып журген жақты-даугер /даушы/, ал оның қарсы жағын жауапер дейді.

3. Биліктің тəртібі бойынша билер мен ақсақалдар төбе басында қатарласа отырады /жарты шеңбер болып/.

4.Ең алдымен төбе би жиналған елге істің барысын баяндайды, билікке қатысып отырғандарды таныстырады.

5. Кеңес пен жүгіністің шарты бойынша екі жақта би алдында шарт жүгініп отырады, екі қолын салалап, тізесінің үстіне қояды.

6.Алғашқы сөзді даугер бастайды, ол сөзін аяқтағаннан кейін оны жауапкер жалғастырады.

7. Жүгініске отырмай тұрып би екі жақтың жақсыларына, не даугер мен жауапкердің өзіне өзара келісімге келу (қарындас, салауат) жөнінде ұсыныс айтуға хақылы /төреге барып, төбеге шықпайық/.

8. Егер екі жақ та биге салса, ол даудың шешімін не өз ақылымен, не жанындағы билермен ақылдаса отырып айтуға тиісті.

9. Билік айтылатын жерге даугер мен жауапкердің туыстары, ағайындары, жақтастары келуге хақылы. Олардың əр қайсысы талқылау барысында сөйлеймін десе ерікті.

10. Билікті бидің жалғыз айтуына мүдделі болса, даугер мен жауапкер оны алдын-ала ескертуі тиіс.

11. Егер дау бірнеше бидің талқысына түссе, онда орталарынан төбе би сайланады. (Даугер мен жауапкерден ұсыныс түспесе билердің өздері келіседі)

12. Би шешіміне разы болмаған жақ, екінші жақтың келісімін алып, өзге биге баруға ұсыныс жасауға хақылы (”Үлкен қазанда, немесе басқа қазанда қайналық”).

13. Егер жолы кіші рудың биінен дау бітім таппаса, не даушылардың шешімге көңілі толмаса, жолы үлкен рудың биіне баруға хақылы /мəселен-Бай ұлының биіне көңілі толмаса, оның үстінен Əлім ұлы биіне барып шешімді бұза алады/.

14. Екі жақ бірдей биді мойындаса, соның белгісі деп бидің алдына қамшыларын тастайды.

15. Жауапкер, не даугер келісімді уақытта би алдына келмесе, онда би сол елдің жақсыларына сын айтуға мүмкіндігі бар. Егер би мен оның өтініш берушілері бір рудан болса, би өз бетімен жасауыл жіберіп, күшпен алғызуға хақылы.

16. Жасауыл ақы немесе ”ат майы” жауапкердің есебінен өтеледі.

17. Егер дауласушы жақтың бірі /кінəлі/ билікке келмесе, билер барымта алуға рұқсат береді.

18. Даугер мен жауапкердің сөздерінде /мəселен мал, не жесір туралы/ бірдей қиынсыздық болса, би екі жағына тең жарады. Мұны ”Жарасу” немесе ”Қарындас болу” дейді.

19. ”Қарындас болып” бітуге ешқандай шек болмайды.

20. Би алдына келген қандай болмасын істі ”жан бергізбей”, яғни екі жақты антқа түсірмей бітістіруге мүдделі болуы керек /”жаман би жанға салады”/.

21. Жауапкер де, дəугер де іс барысында куəлерді қатыстыруға хақылы. Би алдында өзінің айғағын ұсынатын адамды ” бет айғақ” деп атайды, ал егер жасырын қалғысы келсе, оны ”сырт айғақ” дейді. Ел алдында екеуінің де сөзі сенімді болуы шарт.

22.”Бет айғақ” өзінің куəлігі үшін ”сүйінші” /табылған дүние- малдың І/5 бөлігіне дейін/ талап етуіне бөгет жоқ, егер айтқаны жалған болса, оны қайтаруы тиіс.

23. Егер ”бет айғақ” би алдына келмесе, би оны жасауыл жіберіп алғызуға хақылы /ақысы кінəлінің үстінен/.

24. Айғақ берушілердің дауласушыларға туысқандық немесе жолдастық қатысы болмауын би өзі қадағалайды /”жан айғақтың тайғағы”/.

25. Егер айғақ екі жақтың біріне бүйрегі бұратын болса, ол куəлік етуге жіберілмейді /”Жанайғақтың тазасынан”/.

26. Егер айғақ елге өте танымал жəне беделді /Сұлтандардан, не атақты би-батыр тұқымынан/ болса, одан ”жан беру” талап етілмейді.

27.”Жан берушіні” таңдау міндеті даугерге жүктеледі, не бидің өзі жауапкер жақтың бір беделді адамын жанға салады.

28. Егер қылмыскердің бала-шағасы қылмысты біліп тұрып жасырса, олар кінəлі болып табылмайды жəне айыпталмайды.

29. Жауапкер өз кезегінде кінə тағып отырған жақты ішінен даугердің сөзін бекітетін ”жан беретін” адамды таңдауға мүмкіндігі бар.

Жан беру:

”Жан беру”-қазақтың ежелгі дəстүрі немесе оны ”Ант беру” деп атаған. Ант беру, жан беру көбінесе үш жағдайға байланысты қолданылады:

1. Алдымен болған оқиғаға, яғни қылмысқа байланысты күмəнді сейілту үшін, күмəнді адамның ең беделді туыстарынан, не руларынан бір кісі ”жан беру” керек. Өздерінің билерге жасаған шағымдарына байланысты жан беретін адамды қарсы рудың ішінен таңдап , нұсқау міндетін даугер жақ алады.

2. Екіншіден, жауапкер жақ кінəсін мойнына алмаған жағдайда жəне ешқандай қосымша дəлел табылмаған кезде даугер өзінің шағымының шын екенін дəлелдеу үшін жан береді.

3. Үшіншіден, билердің алдында болатын жүгіністе куə есебінде /айғақ/ сөйлейтін адамдар жан береді.“ Жан беру„ арқылы бет айғақ болған қылмысты куəландырып, қылмыскердің мойнына салып береді. Сондықтан, ондай куə адамның орны да, сүйіншісі де қомақты, ал дəлелі негізсіз болса, сүйіншіні де, шыққан шығынды да қайтаруға тиісті.

Даугер жақтың келісімі бойынша, жұрт алдына туысқаны үшін жан беруші сол елдің беделді, абыройлы адамдары болған іске қанығу үшін бір жұмадан бір айға дейін билерден мұрсат алады, сөйтіп, ол əбден анықтап алғаннан кейін ғана туысының кінəсіздығына көзі жетсе оны тазалап жан береді. Ал енді туысының өтірігін, ұрлығын т.б. сезген“ жан беруші„ немесе “ жанға ұстанған„ адам билерге хабар жөнелтіп, кінəлі туысына араша түсуден бас тартады.

Күмəнді туысын тексеру үшін жан беретін адам оны шақыртып алады, қара қойды сойғызып, соны айналдырып жүргізеді, мұны “құрмалдық „ деп атайды.

Егер “жан беруші „ азамат билердің белгілеген жеріне, ел алдына келмесе өзінен - өзі жауапкер жақ кінəлі болып саналады.

Ал, ауыр жағдай кезігіп, жан беруші адам не ауырып, не қайтыс болып кетсе “жан беру„кейінге шегіндіріледі, бір жылға дейін күшін жоғалтпайды. Мұндайда қазақ: ”Жан бергенге- жай бер“ деп тосып жатады. Жан берушіні таңдау: егер бір бас қой немесе бір жылқы ұрланса, күмəнді адамның үш атадан қосылатын ет-жақын туысы жан беру керек. Онға дейінгі мал ұрланса жеті атаға дейін туысатын бір ағайын ара түсе алады.Ал, егер ұрланған мал 50 басқа дейін жетіп қалса, сол елдің ортан қолдай бір басшы азаматы жан беруі керек, ал 100 бастан асса, мұндай жағдайда күмəнді сейілту үшін рудың ең тəуір, əділ деген екі азаматы жан береді.

Бір адам екі қылмыс бойынша күмəнді болса, онда екі туысы оны ақтап жан беруі керек.

„Жан беру“ ғұрпы бір биік, еңселі жерде, қырда, болмаса бейіт басында, не су жанында өтеді.

Жиналған қалың елдің алдында жан беруші өз туысының ақтығын жақтай сөйлеп, ант етумен аяқтайды. Көбінесе ант сөздері былайша келеді:

“Егер өтірік айтсам, құдай атсын, о дүниеде иман бұйырмасын, бұл дүниеде мал - басымның игілігін көрмейін”. Ауыр қылмыс үшін күмəнді жауапкердің жан беруші ақтығын дəлелдеу үшін ауыр сыннан өтуге мəжбүр болады.Мысалы, оқтаулы мылтық ұңғысын сүю немесе ата-бабаның бірінің көрін үш қайта айналу. Міне, бұл айтылғандардың бəрі тек туысының ақтығына сенімді қазақтың ғана жүрегі дауалайтын сынақтар. Ең сирек кездесетін жан берудің түрі мынадай: жан беруші адам үйдің оң жағына, өлік шығатын тəртіппен жатады, сүйекке түсетін тəртіппен жуылып, кебінге оранады.Сонда ғана даугер жақ күмəн туғызған елдің, адамның тазалығына көзі жетеді.Əрине, мұндай ауыр дəстүр сирек кездеседі. Көбінесе жауапкер жақтың бір асыл адамы билер отырған биікке көтерілгеннің өзін қазақтар ұсақ-түйек күмəнді сейілтуге жеткілікті деп саналады. Жан беру дəстүрін халқымыз өте ауыр деп қасиеттеген. Тəңірінің жазасынан құтылу үшін, осындай дауға түсетін адаидар бүкіл руластарын шақырып, ақсарыбас сойып, дəм береді.Кейде жас баланың ит көйлегін жүрек тұсына байлап та барады, ақтығын дəлелдеу үшін.

Сонда да жан беретін адамды жазасыз қалмайды деп есептеп, ел қауіптенеді. Оған мысал:

“Ант ішкеннің үйіне барма, айрандай жұғады”;

“Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі”.

30. Əйелдің куəлік беруіне рұқсат, бірақ олардың сөзінің шындығына күйеуі “жан беруі” қажет.

31. Ірі қылмысты істерге немесе көп мөлшердегі мал дауына əйел адам айғақ бере алмайды.

32. Құл, күң, жас бала, есі шала адамдар айғақ бере алмайды.

33. Егер даугердің істі қарау кезінде айғаққа ұсынатын адамдары болмаса да би істі қарап теңдігін алып беруі керек.

34. Жауапкер сырттан келген келімсек болса, немесе азаттығын жаңа алған құл болса, оның тазалығына кепілдік ететін ешкім табылмаған жағдайда, оның кінəсін мойындатып, даугер жақтан бір адам “жан беруі„ керек.

35. Егер жауапты адамның белгілі руға бір қатысы, араластығы болса, сол рудың беделді адамынан жауап талап етіледі.

36. Егер адамдар арасындағы дау мал мен мүлікке байланысты болса, кепіл талап етіледі.

37. Егер алушының /мəселен-жүйрік атты/ иесіне қайтаратынына бəсін тіккен болса, ол кепілді-“зер кепіл” деп атайды. Зер кепіл, бидің талап етуі бойынша, алушы қайтара алмаса өз қолынан, өз малынан қайтарады.

38. Өз малын кепілдікке тікпейтін, бірақ жауапкердің уақытылы қайтаратынына уағда қылған болса, оны „жəй кепіл“ дейді.

39. Би даудың шешімін ел алдында айтқанынан кейін екі жақ ала арқанды тартып ара ағайынның бірі оны қақ ортасынан кеседі /”ала жіпті кесу”/.

40.”Ала жіпті кесу” даудың тиянақ тапқанын білдіреді. Би алдына қылмыскер, мəселен ұры, қылмыс үстінде қолға түсіп əкелінетін болса, ол жағдайда аяғы алажіппен шандылады.Сол қалпында би шешім айтқанға дейін жатады.

41. Билердің алатын „билігі“, ел билеуші ханға, не ұлыс сұлтанына берілетін “хандық“; жасаулардың ақысы Кеңес, не Жүгініс аяқтала салысымен беріледі.

42. Даугердің тарапынан билерге, ел ағаларына арналған “тарту„ болуы мүмкін /билік соңында беріледі/ үлкен дау болса „тоғыз“, кіші дауларда „ат шапан“.



43. “Биліктің” көлемін мөлшерін хан, не ұлыс сұлтагы белгілейді (егер билікке қатысып отырса).

44. “Хандықтың” көлемін, мөлшерін билікке қатысып отырған билер белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет