Жетписбаев батыр адамович


§ 4. Дін жəне шариғат жолы



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
235556 (1)

§ 4. Дін жəне шариғат жолы 
”Жарғы” мазмұнында дінге қатысты бірнеше талап бар, оларды атап айтсақ: 
1. Құдайға тіл тигізген адам, егер тіл тигізгенін жеті адам дəлелдеп, куəлік берсе, өлім жазасына 
кесіледі.Өлім жазасы шариғат талабына сəйкес таспен атып орындалады. 
2. Өзге дінге кірген, соның ішінде христиан дініне кірген адам, өз мал-мүлкіне, қатын баласына 
иелік хақынан айырылады. Себебі мал-мүлікке, адам жанына ру ортақ. Осы себепке байланысты 
"шоқыншының" мал-мүлкінін, қатын-баласын ағайын-туыс бөліп алса қылмыс болып 
табылмайды. 
Шариғаттың тікелей əсері "Жарғының" төмендегі ережелерінен көрінеді: 
3. Өзін-өзі өлтірген, жазалаған адамдарға жаназа оқылмайды, олар ру қорымынан бөлек 
жерленеді. 
4. Адам өлер алдындағы өсиетін ағайындар мен молданың алдында айтуы қажет. Егер де ауылда 
молда болмаса, өсиетті жақын ағайын, жолдас арасында айта береді. 
5. Əйел адамның құны ер адамдардың құнына қарағанда екі есе кем. Сонымен бірге еркек адам 
əйелін өлтірген жағдайда, əйелінің туыстарына, олар талап етсе, құн төлейді, ал əйел адам 
еркегін өлтірсе өлім жазасына кесіледі. Əйел адам егер аяғы ауыр болса, кешірім етіледі, бірақ 
ағайын-туғанның алдында жазалы болып қалады /қарабет/. 
6. Шариғат жолы - əуелі Құран кəрімге, одан кейін хадистер мен сунналарға негізделеді. 
7. Даулы мəселелер бойынша /істер/ шешімді шариғатты жақсы білетін жəне адалдығымен елге
танылған қазы мен имам айтуы қажет.
8. Қазы, не имам (мүфти) билік ісін көпшілік алдында, ауызекі жүргізеді . 
9. Даулы іс бойынша ант беретін адамды екі жақ өздері ұсынады. 
Ант беретін адам ұсыныстан бас тарта алмайды, егер бас тартса :бір құлға азаттық беріп , не 
10 адамды тойындырып ас беруі керек. 
10. Жалған ант беру тек өзге діннің адамынан өз туысын қорғау үшін ғана беріледі. Құдай 
алдында өзін ақтау үшін жалған ант берген адам бозқасқа шалып ақталуы қажет. 
11. Қарыз беруші қарызын өсімімен алуға қақы жоқ. 
12.Қарызын қайтара алмаған адам қызметімен өтейді. 
13. Əкеден қалған мұра ұлдарына екі есе, қыздарына бір есе тəртібімен бөлінеді. 
14. Марқұмның өз баласы болмаса аға-інісі екі есе, апа- қарында-сы бір есе мұра алады. 
15. Ері əйелінің мал мүлкіне қол сұға алмайды, иелік етуге хақы жоқ.


16. Ерінен ұрпақ қалмаса, əйелі ер мұрасының төрттен біріне ғана ие болады. 
17. Егер марқұм көзі тірісінде біреуге қарыз болса, бала-шағасы оны өтеуге міндетті. 
18. Ұрлық жасаған адамның ұрлағаны 10 дирхемнен (теңге) көп болса бір қолы кесіледі. 
19. Ұсақ заттар (сабын, балық, құс) ұрлық болып табылмайды, жаза кесілмейді. 
20. Шариғат бойынша алдын-ала тергеу жұмысы жүргізілмейді. 
21. Тонаушылық (Хараба) өте ауыр қылмыс қатарына жатады:
а) Егер қорқытып өзгенің дүние-мүлкін алса; ə) егер алған затын таратып жіберсе; б) егер 
түгелін өзі жаратып жіберсе; в) тонау өліммен ұштастырылса, ондай ұры - тонаушыға өлім 
жазасы кесіледі.
22. Ерлі-зайыпты адамдар арасында кездесетін көзге шөп салу /зина/ өлім жазасына /таспен 
атып/ кесіледі. Егер 4 куə көзбен көріп мойындатса. 
23. Зинаға байланысты жалған куəлік берген адамға 30 рет дүре соғылады. 
24. Арақ ішіп лəйліп жүрген адамға 80 рет дүре соғылады . 
25. Діннен шығу -иртидад /ислам/ өлім жазасына кесіледі /таспен атып өлтіру/. 
26. Қоғамдық тəртіпті бұзу, ел басшысына, үкіметке қарсы көтеріліс, өлім жазасына кесіледі. 
27. Қазы немесе имамның билік кезінде шариғат талап ететін тəртіпті жазадан /хадд/ 
ауытқуына тиым салынады. 
28. Адам өлтірген қылмыс бойынша қазы қылмыскерді өлім жазасына кеседі /қысас/. 
29. Егер өлген адамның туыстары кешірім берген жағдайда, қылмыскер құн төлейді / дийа/. 
30. Егер қылмыс, не дау шешімі шариғатта /құран, сунна, хадис/ көрсетілмеген болса, қазы өз 
түсінігі бойынша жаза кеседі /тазир/. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет