Төртінші таған
Бітім жəне кесім
Биліктің қандай деңгейінде болсын басты мұрат – бітім. Қазақта Сырым батыр айтты дейтін
бір сөз бар. Ертеде Сырым батыр Үргеніш ханына сəлем бере барған екен. Сырымның
батырлығын, шашендігін жақсы білетін хан өзінің қарамағындағы елдің ең бір айтуы биін
шақырып Сырым мен айтыстырады. Сонда Үргеніштің шешені Сырым батырға мынадай сұрақ
қояды:
Дау мұраты не,
Саудагер мұраты не,
Қыз мұраты не,
Жол мұраты не?
Сырым батыр сəл ойланып:
Дау мұраты – біту,
Саудагер мұраты –ұту,
Қыз мұраты – кету,
Жол мұраты – жету,-
деген екен. Сырым батырдың сөзінің мəніне, тапқырлығына ырза болған Үргеніш (Хиуа) ханы
жақсылап силап, қонақ етіп қайтарған екен дейді.
Қазақ халқында бітімге қатысты бірнеше құқықтық ұғымдар қолданылады. Олардың ішінде жиі
кездесетіні: төрелік айту (төресін беру), кесім айту (кесім), бітім айту, немесе істі бітіру, үкім
шығару. Бұлардың көпшілігі айшықты, əдемі мақал түрінде айтылады, немесе билік айтушы
шешен өзіне дейін осындай іске байланысты қалыптасқан шешімді (мақал түрінде) қайталайды.
Құрбанғали Халид қазақтың бұл дəстүрі туралы “əр тіршілік істеріне шежіре қағидаларын
пайдаланып, мақал-мəтелдерін қолданғанда да бабаларына ұқсауға тырысар еді. Бұл ел
мақалдарды өздерінше тірек, медет етеді. Шынында сол сүйенген тірегі негізсіз, мағынасыз
емес. Қайта түп төркіні бір кітапқа байланысты, шығу тегі бір заңдылыққа бағынған ел
сияқты, көне кезде бұлар бір əділ патшаның иелігінде ме, жоқ бір кəміл данышпанның тəлімін
алды ма деген ойға келесің” - деп жазады.
Төрелік айту (төресін беру) - бұл хан, не сұлтан алдында біткен дауларда айтылатын ұғым.
Кейде халық даудың қандай түріне болсын қолдана береді, бірақ түпкі негізі Шыңғыс тұқымынан
тарайтын төрелердің алдына барып шешімін тапқан мəселеге қатысты. “Төре” сөзі ерте
уақыттан бері билікке тікелей қатысты қолданылады жəне билікке қатысты əлеуметтік топқа
айтылады, бұлар ел басында, билік басында қызмет естейтін жаңдар. “Төре” кəзіргі түсінік
тұрғысынан жоғарғы мансаптағы шенеунік /чиновник/. ХІХ ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым
тек Шыңғыс тұқымдарына қатысты қолданылып келіп, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап
орыстың да, қазақтың да оқыған қызметкер адамдарына қатысты қолданылды (ояз, олардың
тілмаштері, салық жинаушы, санақ алушы т.б.) “Төремен” қатар “ұлық” деген де сөз бар, ол
жоғары мəртебелі деген деңгейде қолданылады, мəселен ХІХ ғасырда губернатор “ұлық”
аталады.
Бітім айту (бітімін беру) - кез келген даулы мəселеден кейін айтылатын шешім. Бұл сөздің
түбірі “біту” істі аяқтау мағынасында айтылады. Кейде “даудың бітімі”, кейде “істің бітімі”
деп айтыла береді. Егер даугер жақтың айғағы жоқ болып, бопса дəлелмен дауға түсіп шешім
алатын болса онда “бітім алды” деп те айтылады. Мысалы төртуыл Едіге би мен кəрсон-керней
Жарылғап батыр арасында Күлік Шобалай баласы Жаңабатырдың жоғалған бес көк ала атаны
турасында дау болыпты. Нақты дəлел жоқ, ұзыннан ұзақ таусылмайтын сөз көп, берерлік бөз
жоқ, екі жақ та сасық қамал болып жатып қалыпты. Осы қалыптарында отырғанда көлдеңнен
төрт жолаушы осы жиынға кездесіп, ат үстінде қақиып тұрып, əңгімеге қанық болған, соң
біреуі айтты дейді:
Едіге, сенде бір мін бар,
Көпке тізгін бермейсің.
Жарылғап, сенде бір мін бар,
Көлденең неге бермейсің, -
Достарыңызбен бөлісу: |