§5. Қылмыстан өз еркiмен бас тарту
Қылмыстан өз еркiмен бас тарту қылмыстың жолын кесуге жəне қылмыстың алдын алуға үлкен ықпал
жасайды. Басталған қылмыстық əрекеттен бас тартқан адамды қылмыстық жауаптылықтан босату
жөнiндегi заңшығарушының берген мүмкiндiгi адамды қылмыстық ниеттi аяғына дейiн жеткiзуден бас
тартуға ынталандырады.
Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту деген адамның қыл мысты ақырына дейiн жеткiзуге мүмкiндiгi бар
екендiгiн ұғына
отырып, қылмысқа дайындалу немесе қылмыс жасауға оқталу iс-əрекеттерiн өз еркiмен жəне бiржола
тоқтатуын бiлдiредi.
Өз еркiмен бас тарту аяқталмаған қылмыспен жəне қылмысқа қатысу мəселесiмен тығыз байланысты.
Заңның өзiнде айтылғандай, өз еркiмен бас тарту тек қылмысқа дайындалу немесе қылмысқа оқталу
сатыларында ғана мүмкiн болады. Iс жүзiнде ол адамның белгiлi бiр қылмысты жасау үшiн жағдайлар
туғызуға бағытталған əрекеттерiн немесе басталып қойған қылмысын тоқтатуын бiлдiредi. Адамның еркi
одан əрi қылмыстық құқықпен қорғалатын мүддеге зиян келтiруге бағытталмағандықтан жасалған əрекетте
қылмыс құрамының белгiлерi жоқ деп саналады.
Өз еркiмен бас тарту екi негiзгi белгiлермен сипатталады:
Өз ерiктiлiк жəне бiржола.
Өз ерiктiлiк деген қылмысты бастаған адамның саналы түрде жəне өз еркiмен адам одан əрi əрекеттердi
тоқтатуын бiлдiредi. Кейде мұндай бас тарту ұсынысы субьектiде басқа адамдардың ықпалымен туындауы
мүмкiн. Алайда, бұл жағдайда да бас тарту субьектiнiң ерiктi санасының нəтижесi болуы қажет. Өз еркiмен
бас тартудың мотивтерi əр түрлi сипатта (жəбiрленушiнi аяу, жауаптылықтан қорқу, өз əрекетiнiң
адамгершiлiкке жат екендiгiн ұғыну, шын өкiну жəне т.б.) болуы мүмкiн.
Бiржола бас тарту деген қылмысты бастаған адамның өзiнiң қылмыстық iс-əрекетiн уақытша емес, толық
жəне қайта бұрылмайтындай етiп тоқтатуы. Сондықтан белгiлi бiр уақытқа үзiлген немесе уақытша
тоқтатылған əрекет бiр жола бас тартуға жатпайды. Бiр жола бас тарту əрекет жасаумен жəне əрекет
жасаудан бас тарту жолымен де жүзеге асырылады.
Көп жағдайларда бiр жола бас тарту егер субьект қылмыстық iс-əрекеттi аяқтау жəне қылмыстық нəтиженi
тудыру үшiн барлық қажеттi əрекеттердi орындап үлгермеген жағдайда, яғни аяқталмаған оқталу кезiнде
мүмкiн болады. Қылмыстан өз еркiмен бас тарту жағдайында адам, егер оның нақты жасаған əрекетiнде
өзге қылмыс құрамы болса қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады. Мысалы, зорлау жасаудан өз еркiмен
бас тартқан адам, зорлауға оқталу кезiнде келтiрiлген ұрып–соғу, мүлкiн жою, бүлдiру əрекеттерi үшiн
ғана жауап бередi.
Қылмыстан өз еркiмен бас тартуды адамның қылмыс жасап болғаннан кейiнгi белсендi iс-қимылмен
сипатталатын шын өкiнуден ажырата бiлу қажет. Шын өкiнуге адамның қылмыс жасағаннан кейiн кiнəсiн
мойындап өз еркiмен келуi, қылмысты ашуға жəрдемдесуi,қылмыстан келген зиянды қалпына келтiруге
бағытталған əрекеттердi жатқызуға болады. Бұл екi институтты бiр-бiрiнен ажырататын белгi олардың
жасалу уақытында, яғни қылмыстан өз еркiмен бас тарту аяқталмаған қылмыстар кезiнде, ал шын өкiну
қылмыс аяқталғаннан кейiн жасалады. Сондықтан да қылмыстан өз еркiмен бас тарту адамды
жауаптылықтан барлық жағдайда жəне толық түрде босатады, ал шын өкiну тек кейбiр жағдайларда ғана
жауаптылықтан босатуға негiз болады, негiзiнен ол жаза тағайындау кезiнде жауаптылық пен жазаны
жеңiлдетушi мəн-жай ретiнде ескерiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |