Бөлім «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет», «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.»
Оқу мақсаты
|
7.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау
7.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.
Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Қадыр Мырза Әлі
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?
Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?
«Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті туралы?
«Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай түсінесіз?
3-тапсырма
Суреттерді пайдаланып, «Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?» тақырыбында сөйлесіңіз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.
Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу?
Жастардың арасында ғаламторға тәуелділік бар ма?
Ғаламтор тәуелділігінен қалай құтылуға болады?
Ғаламтор мәдениетін білеміз бе?
4-тапсырма
Төмендегі кесте мен диаграммада берілген ақпаратты өз сөзіңізбен сипаттаңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |