Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі мен әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде емес)
7-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 4
Бөлім «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер» 4
Үш тіл – заман талабы 4
Бөлім «Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» 8
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 12
Бөлім «Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» 12
Бөлім «Туған өлке публицистика беттерінде», «Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.» 16
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 20
Бөлім «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет», «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.» 20
Бөлім «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»» 24
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 27
Бөлім «Жастықтың оты қайдасың?» 27
Бөлім «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» 30
Достарыңызбен бөлісу: |